Атыс дайындығын оқытуда интерактивті әдістерді оқытудың заманауй әдістері



бет2/41
Дата07.02.2022
өлшемі270 Kb.
#87363
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
2 диплом Маханбет

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................32


Кіріспе


Зерттеудің көкейтестілігі: Атыс дайындығының міндеттері жеке құрамға ұрыста әр түрлі нысаналарды жою үшін штаттық қару мен оқ-дәрілерді дайындау мен қолдану ережелерін үйрету болып табылады.
Қарудың материалдық бөлігін, атудың негіздерін, әдістері мен ережелерін, қол гранаттарын лақтыру әдістер мен ережелерін, нысаналарды барлау және оларға дейінгі қашықтықтарды анықтау, сондай-ақ атыс жүргізу әдістерін оқып-үйренуді көздейді.
Атыс дайындығын меңгеруде орта оқу орны мен жоғары оқу орындарында оқулық қарулар пайдаланылады. Дипломдық жұмысымызда ТОЗ-8, ТОЗ-12 және Калашников автоматы АК-74 оқулық қарулары қолдану туралы және сақталуы туралы сөз етеміз.
Атыс дайындығы тактикалық дайындықпен ажырағысыз байланыста жүргізіледі және тактикалық сабақтар мен ұрыстық атыс жаттығуларында жетілдіріледі. Жауынгерлердің жоғары атыс машығының өлшемі ұрыста қарсыласты бірінші атудан жою болып табылады.
1940 жылдары Кеңес жауынгерлерінің негізгі мылтығы карабин ППИ, СВД болды. Автоматпен қаруланған неміс әскерлерінің бір бөлімшесінің өзі Кеңес жауынгерлерінің көп шығынға ұшыратты, оның себебі, карабинді көздеп атқаннан кейін қайта оқ салып атқанша көп уақыттарын жоғалтты. Кеңес жауынгерлерінің карабиндерінің нашар екеніне көзі жеткен орыс өнертапқышы М.Т.Калашников 1942 жылы автоматты жасап шығарды. Осы автомат өнертапқыштың атымен Калашников деп аталады.
1943 жылдан бері Кеңес Армиясында автоматты қолданып келеді және Кеңес Армиясының негізгі қаруы болды. Автоматтың өзінің жасалған бөлшектерінің өте жоғарғы сапалы екенін бұрынғы Кеңес Одағымен бірге дүниежүзі мойындайды. Автоматқа ұқсастырып жасаған РПК қол пулеметін пайдаланады, өте жоғары сапалы қол пулеметінің автоматтан көп айырмашылығы жоқ. Автоматтың тағы бір ерекшелігі стволына штык-пышақ киіледі, ол қоян-қолтық ұрыста табылмайтын құрал. Штык-пышақ мылтықтың пышағымен кесуге, аралауға қайшы сияқты кішігірім сымдарды кесуге болады. Штык-пышақты жай қанжар ретінде ротада, взводта кезекші болғанда белдеріне тағып жүріп пайдалануға болады. Автомат Калашниковқа негіздеп 1947 жылы стволын қысқа етіп автоматтың басқа бір жетілдірілген түрін жасады.
Калашников автоматы автоматты атыс қаруының негізгі түрі болып табылады. Оны аса көрнекті конструктор М.Т.Калашников жасаған. Автомат кеңінен танымал болды. Оның құрылысы қарапайым, ұрыстық және пайдалану қасиеттері жоғары. Осы автоматтың негізінде Калашниковтың қол пулеметі (ҚҚП) және атыс қаруының басқа да үлгілері жасалған.
Қазіргі уақытта, бөлімшелер мен бөлімдер күрделі әскери техника мен қамтамассыз етілуі, бірінші кезекте саптық мәдениет дәрежесінің жоғары болуын талап етеді.
Атыс дайындық мыналарды қамтиды:
қарумен немесе қарусыз саптық оқыту; бөлімшелердің, взводтың, роталардың, батальондар мен полктардың көлік пен жаяу жүріс кезінде саптық жүруі, орналасуы; бөлім мен бөлімшелерді саптық байқау асырылады.
Тәжірибе көрсеткендей, әскери қызметшілердің жоғарғы деңгейлі саптық дәрежесі мынадай жұмыстар орындалған ғана мүмкін болады, Олар:
- Атыс дайындықтың дұрыс жоспарлануы мен нақтылығы, сонымен қатар барлық сабақтардың әдістемелік негізде дұрыс жүргізілуі мен ұйымдастырылуы;
Шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Атыс дайындығын оқытуда интерактивті әдістерді оқытудың заманауй әдістері» - деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу жұмыстың объектісі – Атыс дайындығы сабағын интерактивті әдістермен оқыту.
Зерттеу жұмыстың практикалық қолданымы: - «Бастапқы әскери дайындық» пәнін оқытып үйретуде тиімді әдістерді пайдалану, интерактивті әдіспен сабақ үрдісін тиімді өткізу барысында студенттердің белсенділігін арттыру, инновациялық әдістер арқылы оқыту, оқулық пен оқу бағдарламасының сапасын жақсарту және пәнге байланысты материалдық базаларды жетілдіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет