Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен керек-жарақ пеналын газ түтігінің жапқышының шығыңқысына тікбұрышты саңылаумен кіргізеді; жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрап газ түтігін газ камерасының келте түтігінен шығарып алады [6].
Шағын калибрлі винтовка. ТОЗ-8 (ТОЗ-12) шағын калибрлі винтовканың жалпы құрылымы, ұрыстық қасиеті, тағайындалуы.
Тула қару-жарақ зауытының ТОЗ-8 шағын калиберлі винтовкасы атқыштарды алғашқы атуға үйрету және жаттыкдыруға арналған.
Винтовканың ұрыстық касиеті: калибрі — 5,6 мм; массасы: ТОЗ-8 — 3,12 кг, ТОЗ-12 — 3,5 кг; октың бастапқы жылдамдығы — 310 м/с-ге жуык; ату жылдамдығы — минутына 10—12 рет; көздеу кашықтығы — 250 м; оқтың алысқа ұшу кашықтығы — 1200 м-ден 1600 м-ге дейін; оқтың кираткыш күші 800 м-ге дейін [7].
Шағын калибрлі винтовканың негізгі бөлшектері мен механизмдері: ұңғы, темір сынасы бар ұңғы корапшасы (12-сурет), ағытқыш механизм, қақпактың сырт жағы (қалпакша), көздеуіш (ТОЗ-8 — ашык, ТОЗ-12 — диоптриалық) (13-сурет), қарауыл (ТОЗ-12 — ауысымды), бекітпе, кұндақ [8].
ТОЗ-12 шағын калибрлі винтовкасы ТОЗ-8 винтов-касыньщ жаксартылған спорттық үлгісі болып табылады [9].
Достарыңызбен бөлісу: |