Автоматтың ұңғылық тежеуші-компенсаторын бөліп алу.
Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш-компенсаторының орнықтырғышы батырылады. Ұңғылық тежеуіш-компенсатор қарауылдың негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш-компенсатор тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш-компенсатордың әйнегіне қойылған шығарғыштың (сүмбінің) көмегімен бұрап алуға болады.
Ұңғы қорабының қақпағын босатып алу. Сол қолмен дүмбінің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтарма механизмнің бағыттаушы өзегінің шығыңқысын басады, оң қолмен ұңғы қорабының қақпағының артқы бөлегін жоғары көтеріп, қақпақшаны алады.
Достарыңызбен бөлісу: |