Атыс дайындығын оқытуда интерактивті әдістерді оқытудың заманауй әдістері


Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері



бет4/41
Дата07.02.2022
өлшемі270 Kb.
#87363
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
2 диплом Маханбет

Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері: ұлттық педагогикалық ой пікірлерге байланысты философтардың, тарихшылардың, педагогтардың, психологтардың еңбектері мен ой-пікірлері, әскери педагогика және этнопсихологияның теориялық қағидалары, тәрбие теориясы, біртұтас педагогикалық процесс теориясы және кәсіби білім берудің теориясы.


1. Атыс дайындығын оқытуда интерактивті әдістерді оқытудың заманауй әдістері


1.1 Оқулық қарудың материалдық бөлігін заман талабына сай оқыту

ҚРҚК қатарындағы сарбаздарға 5,45мм Калашников автоматы жеке қару болып табылады және қарсыластың адам күшін жоюға арналған.


Қоян-қолтық шайқаста автоматқа сүңгі-пышақ қосылады. Автоматтан автоматты немесе жекелей атыс жүргізіледі. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады; ол қысқа (5 атысқа дейін) және ұзақ (10 атысқа дейін) атумен және үзбей жүргізіледі. Атыс кезінде патрондардың берілуі сыйымдылығы 30 патронға дейін болатын қорабты магазиннен жүргізіледі. Автомат пен қол пулеметінің ұрыстық қасиеттері келтірілген мәліметтермен сипатталады [1].
Бекітпемен қоса бекітпе жақтауы алдыңғы жағдайға қайтарма механизмінің әсерімен оралады, бұл ретте бекітпе магазиннен кезекті патронды іліп алып оқшантайға береді де ұңғы каналын жабады, ал бекітпе жақтауы автоілмектің дөңесін (септегіш) шүріппенің автоілгегінен шығарады [2].
Бекітпенің жабуы оның оңға қарай бұралуымен және бекітпенің ұрыстық дөңестерінің ұңғы қорабының ұрыстық тіректеріне кірумен жүзеге асады.
Егер ауыстырғыш автоматты атысқа қойылса, атыс ағытқыш ілмек қысылып тұрғанда және магазиндегі патрондар біткенше жалғасады.
Егер ауыстырғыш жекелей атуға қойылған болса, ағытқыш ілмек басқан кезде тек бір ғана атыс болады; келесі атысты жүргізу үшін ағытқыш ілмекті босатып барып қайта басу керек болады [3].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет