Атыс дайындығын оқытуда интерактивті әдістерді оқытудың заманауй әдістері


«Қаруды қой» және «Қару» пәрмендерін орындау тәсілдері



бет39/41
Дата07.02.2022
өлшемі270 Kb.
#87363
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
2 диплом Маханбет

«Қаруды қой» және «Қару» пәрмендерін орындау тәсілдері. Бұл «қаруды қой» және «қару» тәсілдерін орындауды алғашқыда бір қатарлы сапта, кейін екі қатарлыда оқытқан дұрыс.
Бөлімшені бір қатарға тұрғызып, бөлімше командирі «ҚАРУДЫ - ҚОЙ» және «ҚАРУ» тәсілдері бастапқыда толық қалай орындалатынын түсіндіреді, сонан соң бөлім бойынша кіріседі.
Бір қатарлы сапта тәсілді орындау үш есепке жүргізіледі. Яғни, «жаса -БІР» есебі бойынша автоматты оң қолға алады, ол үшін оң қолды белдіктен біршама жоғары ұстап, автоматты иықтан алады және оны оқ жатардан төменірек сол қолмен алып, оң қолды сағағы мен ұңғы киігіне өткізіп, оң жақ жамбасқа автоматты түсіреді, ал сол қолды – сол жамбасқа. Осындай тәртіппен оң қолға гранатомет алынады.
Келесі «қару» тәсілін оқыту барысында алдын –ала «Бөлімше - ҚАРУ» пәрмені беріледі. Бұл тәсілді оқыту да есепке орындалады. Яғни, «жаса - БІР» есебі бойынша сол аяқпен алға адым жасайды және еңкейе отырып оң қолмен қаруды алады (оң аяқ түзу болуы тиіс). Келесі «жаса - ЕКІ» есебі бойынша, түзеліп, сол аяқты оң аяққа қояды; автоматтар оң қолда жасбаста тұрады; пулеметтер мен карабиндер аяқта. Келесі «жаса -ҮШ» есебі бойынша автоматты «белдікке» күйіне алып, саптық тұрысты қабылдайды.
Жарғыда автоматты аяқ жамбасынан «белдікке» күйіне ауыстыру қарастырылмаған. Тәжірибеде бұл тәсіл былай орындалады: автомат оң қолмен алдынан жоғары көтеріледі, бір мезетте сол қолмен оқ жатарынан төменірек ұстайды, сонан соң оң қолмен жоғарғы айылбасындағы белдіктен ұстап оң иыққа лақтырады.
Осы «қаруды қой» және «қару» тәсілдерін оқыту төрт есепке жүргізіледі. Бұл орайда, «жаса -ЕКІ» есебі бойынша бірінші қатар екі адым алға жасайды (қолдардың қозғалысы, қару болмаса); келесі «қару» тәсілін орындау барысында, яғни «жаса -ҮШ» есебі бойынша екінші қатар, екі адым алға жасап екі қатарлы сап қалпын қабылдайды. Қалғанында тәсіл бір қатарлы саптағыдай орындалады.
Қару «Бөлімше, қаруды - ҚОЙ» пәрменіне сәйкес жерге қойылады. «ҚОЙ» пәрмені бойынша автоматтар және гранатометтер оң қолға делінеді.
«ҚАРУ» пәрмені бойынша бірінші қатардағылар екі адым алға жүреді және аяғын қояды, содан кейін екі қатар бір мезгілде сол аяқтан бастап алға бір адым жасайды, сонымен қатар қаруды затворын (затвордың рамасын) төмен қаратып, дүмбінің ту сыртын оң аяқтың (оң аяқтың тізесін бүкпеу керек) ұшына тіреп жерге қояды, содан кейін сол аяқты оң аяққа қосады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет