Қатысушылар: 9-11 сыныптар Дайындаған: тарих пәні мұғалімі Шакизадақызы ж 2021-2022 оқу жылы Тақырыбы: «Қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән бе?»



бет3/4
Дата22.04.2022
өлшемі75 Kb.
#140296
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
ДЕБАТ ЖАСТАР

Қысқаша топтық резюме:


Екі топ та өздерінің ұстанған позицияларын айқын қорғап шығуға тиісті.
Жақтаушы топ өздерінің фактілерін ұсына отырып, нақты бір проблеманы көтеру арқылы оның:

  1. Шығу себептерін

  2. Шешу жолдарын

  3. Туындау нәтижелерін

айқын көрсетуге міндетті.


Даттаушы топ әрбір спикерлері өздерінің алдында қорғап сөйлеп кеткен әр жақтаушы спикері сөзінен кейін, ең әуелі оның кейсіне тойтарыс беріп, содан кейін өз дәйектемелерін ұсынуға міндетті.
Әрбір спикер 2 минут шегінде ой тарқатады.
Сөздерін түйіндейді.
Көрермен қауымның дауыстары саналады.
Комиссия төрағасы мен мүшелерінің пікірі тыңдалып, ойлары таразыланады.
Қазіргі кезде «Ел ертеңі — жастар, Жастар — біздің болашағымыз» деген сөздерді жиі естиміз. Еліміздің болашағының кілтін жастарға сеніп тапсырып отырғандығы, әрине барлығымыз үшін қуантарлық жағдай. Кезінде жүректері елім деп соққан, жерім жеп соққан қазақтың патриот жастарының арқасында, біз қазіргідей тату-тәтті ынтымағы жарасқан елде өмір сүріп жатырмыз. Ал қазіргі кезде еліміз сенім артып отырған қазақ елінің заманауи жастары, еліміздің болашағы үшін не істей алады? Осы жастардың арқасында біздің болашағымыз қандай болмақ? Кезінде ата бабамыздың бойында болған патриоттық сезім, қазіргі қазақ жастарының бойында бар ма? Олар еліміз артып отырған сенімді ақтай ала ма? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейікші. Көбінесе біз үлкен кісілерден «Біз жас кезімізде патриот едік, біз жас кезімізде намысшыл едік, қазіргі жастар өзгерген» деген реніш сөздерін жиі естиміз. Мүмкін, көптеген жастарымыз ол кісілердің сөздеріне мән бермейтін шығар, бірақ, олардың айтып отырғаны ащы шындық. Расында да, салыстырып көрейікші, кезіндегі қазақ жастары қандай еді? Қазіргі қазақ жастары қандай?
«Патриот» сөзі грек тілінен аударғанда «Отан», «Отаншылдық» дегенге саятын ұғымды беретінін көпшілік білер. Десек те, осындай қасиетті ұғымның мәніне күнделікті өмірде онша бойлай бермейтіндейміз. Солай ғой?..
Біз ауыр тарихы бар ұлттардың қатарына жатамыз. Басымыздан не өтпеді дейсіз?.. Әйтеуір, аман­есен, бейбіт жағдайда Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұған шүкірлік етеміз! Бірақ, Тәуелсіздігімізді бекітетін, жау қолына бермейтін, ауызбіршілік пен араздықтың арасын айыра білетін жалпыхалықтық отаншыл өр рух, намыс, қоғамдық сана қалыптасты ма?
Дегенмен, қазіргі таңдағы «патриот» қандай кейіпте? «Патриот» дегеніміз кім? деген сауал мені ғана емес, көпшілікті толғандырады деп ойлаймын. Менің түсінігімдегі патриот тұлға – Отанына деген сүйіспеншілігі шексіз, оны сезіммен, сөзбен ғана жеткізетін емес, нақты ерлік іспен, нәтиже көрсете алатын тұлға. Бүгінгі жаһандану, ақпараттық заманда жастардың бойында нағыз патриоттық сезім бар ма? Әрине, бар. Тәуелсіз, егеменді елде өмір сүріп отырған әрбір азамат өзін патриот деп есептейді. Ал, сол азаматтар елінің, туған жерінің тарихын, тілін, ұлттық құндылықтарын жете меңгерген бе? Елімізді сан мың жаудан қорғап, жерімізді сақтап қалған тарихи тұлғалар, батырлар туралы қаншалықты хабардар? Тіпті, тұрып жатқан ауылы, не қаласының туу, даму тарихы туралы не біледі? Мақаламның өзектілігі, осы сұрақтарға жауап беру болмақ. Отансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. «Отан отбасынан басталады» деп дана халқымыз айтқандай, отбасындағы бала тәрбиесінің маңызы зор. Өсе келе, бала балабақшаға барып, одан тәлім алады. Балабақшада патриоттық әндер тыңдап, ұлттық ойындар ойнау арқылы баланың сана сезіміне әсер етеді. Одан кейін мектеп табалдырығын аттап, мектеп оқушысы болады. Мектеп қабырғасында жеке тұлғалық қасиеттері қалыптасып, дүниетанымы кеңейіп, үлкен өмірге дайындалады. Баланың жан-жақты, дамыған, жеке тұлға болып қалыптасуында мектептің рөлі зор. Сондықтан да, оқушының бойына патриоттық сана-сезімді қалыптастырып, дамыту сатылы, кезеңмен жүргізілуі тиіс. Бастауыш сынып оқушыларына отбасына, туған жеріне, қаласына деген сүйіспеншіліктерін арттыру керек болса, орта буын оқушыларына кіші Отан туралы, оның тарихы мен даму кезеңдері, тарихи тұлғалары, ұлттық құндылықтар, салт-дәстүрлер туралы түсінік беріп, Отан-Ананы құрметтеуге, ұлтжанды, елжанды болуға, Отан үшін күрескен ерлердің қаһармандығы мен ерліктерін әрдайым үлгі ете білуге үйрету қажет. Ал, жоғарғы сынып оқушылары толыққанды патриоттық сезімдері қалыптасқан азамат болып, туған елі алдындағы борышы, Отанның дамуына қосар үлестері туралы жоспары бар, кіндік қаны тамып, туып-өскен мекенін, табаны тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көріп, дулығалы ата-бабаларымыздың кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан ететін нағыз патриот азамат болып қалыптасуына баса назар аудару қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет