Сабақтың тақырыбы:Ұ дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: Ұ әрпімен таныстыру.
Сабақтың міндеті: а) Ұұ әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.
ә) Жеке сөздерді окуға және тез оқуға дағдыландыру.
б) Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалықка тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекіліктері:суреттер, кеспе әріптер, буындар.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Өткен сабақты пысықтау. III. Жаңа сабақ. - Кәне, балалар, жұмбақ шешейік!
Кеше жіптей,
Бүгін күптей. (Ұршық)
Шыр айналып биші қыз,
Билеп-билеп алады.
Өз бұрымын беліне,
Орап түсіп барады. (Ұршық)
Тапсырмаларды орындау.
Суреттерге қарап дыбыстық талдау жаса.
Ұлу, ұя, бұғы, ұршық.
Тордағы әріптерден сөз құра.
Үзік сызықтарды қос. Буындап оқы.
Ұ Ұ
Жаңылтпаш жаттайық!
Тұз - мұздай
Мұз - тұздай.
Талап - тұлпар
Білім - сұңқар
IV. Қорытынды. Сұрақ-жауап әдісімен:
1) Дыбыс дегеніміз не?
2) Әріп деп нені айтамыз?
3) Бүгін қай әріппен таныстық?
4) Ол дыбыс қалай айтылады?
5) Сол әріпті қатыстырып сөздер ойла.
V. Бағалау.
Тал басында — тамаша ұй. (Ұя)
- Ұшқыш, ұя, ұршық сөздерінде ең бірінші қандай дыбыс естідіндер?
- Ұұ дыбысын қатыстырып сөздер ойлайды. Ұұ дыбысын ауада жазып көру.
Тақтамен жұмыс.
Ұұ дыбысының әріп элементтері.
Ұұ баспа түрі.
Ұұ жазба түрі.
Сергіту сәті. "Ұшты-ұшты" ойынын ойнау. Ойын шартын, мазмұнын, міндетін түгел түсіндіру.
Ұшты-ұшты (ұшады)
Ұшты, ұшты,
Торғай ұшты (ұшпайды) т.б. Ойын шартын бұзғандар өлең айтады.