б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Тақтаға мақал-мәтелдер жазылған форматты іліп, ондағы мақал-мәтелдерді оқушыларға оқыту.
Білім қымбат,білу қиын.
Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ,
Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.
-Балалар,бұл мақалдарды біздің сабағымыздың ұраны етіп алсақ,жаңа сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады. Демек, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы...
-- Мақал-мәтелдер.
--Дұрыс,балалар, олай болса жаңа сабақты зейін қоя мұқият түсініп алыңдар. Содан соң жаңа тақырыпқа байланысты жұмыстар жүргіземіз.
Мақал-мәтелдер –халық даналығының,көрегендігінің айнасы,тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер-өмір шындығының көрінісі,халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті,өмір сүру әрекетінің ережесі.
«Сөздің көркі- мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып,орынды қолданса,сөзі мірдің оғындай өткір,көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал –мәтелдер сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады
Халық даналығының айнасы
Халықтың ұрпағына өсиеті
Асыл сөз қазынасы.
Өмір сүру ережесі
(Жолда жүру,суда жүзу,қауіп. Ереже
Мақал-халықтың өмірден алған тәжірибесінің,ой-тұжырымының қорытынды жиынтығы,айқын ойды үлгі-өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырылып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана,нақыл сөзі.
Ой,тиянақты,дәлелді
Аяқталған сөйлем
салыстыру
Екі бөлімді
Мақал-мәтелдер қосарлана айтылғанымен,олар бір-біріне туыс болғанмен,екеуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады. Мысалы: «Тоқпағы күшті болса,киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алсақ,бұл мақал екі жай сөйлемнен тұрады. Мұнан мақалдардың көбіне екі бөлімнен тұратынын білеміз. Оның үстіне мақалдарда ой тиянақты болады. Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді. Яғни киіз қазақтың жерге кіруі тоқпағының күшті болуына байланысты. Сонымен қатар мақалдарда бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салысстыру арқылы ой-пікірді айқындай түсу тәсілі басым келеді. Мысалы: «Біреу тойып секіреді,біреуі тоңып секіреді», «Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені,Еменнің иілгені –сынғаны» деген мақалдардан дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отыратынын байқаймыз. Мәтел мақалға қарағанда ойды ақырына дейін жеткізбей,топшалап,болжам ретінде түсіндіретін, сөйлем түрінде де, сөз тіркесі түрінде де келетін фразеологиялық бірлік.
Сөйлем немесе сөз тіркесі
топшылау
Мағына тұспалды
Қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ
Мәтел құрылысы ойды түйіндеу жағынан мақалдан өзгешерек. «Әлін білмеген әлек», «Көппен көрген ұлы той» деген мәтелде тұспал ғана бар,мағына ашық емес,қорытынды пікір жоқ. Оны, бейнелік сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшалайды. Мәтелде тиянақты тұжырым да болмайды.
Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Ол халықтың әлеуметтік шаруашылық,рухани өмірін түгел қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |