Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөйлемде кейде бір заттық жағынан айқындап,түсіндіріп тұратын сөз я сөздер тобы болады.Осыны айқындауыш дейміз. Мысалы: Біздерге,қарттарға,жастар сияқты өмір сүруге тура келеді. Осы сөйлемдегі айқындауыш – қарттарға,ол біздерге деген толықтауышты айқындап тұр.Есіктен қарт шахтер Бейсен кірді. Бұл сөйлемде айқындуыш – қарт шахтер; ол Бейсен деген сөзді нақтылап тұр
Айқындауышш
Оңашаланған айқындауыш
Қосарлы айқындауыш
Оңашаланған айқындауыштың анықтауыштан айырмашылығы бар: анықтауыш өзі анықтайтын сөзінен бұрын тұрса,оңашаланған айқындауыш онан кейін тұрады да,өзі айқындайтын сөздің мағынасын нақтылайды. Оңашаланған айқындауыш өзі айқындайтын мүшесімен қызметтес әрі тұлғалас болады.Сондықтан оңашаланған айқындауыш сөйлемде бастауышты,баяндауышты,пысықтауышты,толықтауышты,кейде анықтауышты айқындайды.
Отарбай,жас мұғалім,сабақты жақсы өткізуге тырысты.Бұл сөйлемде жас мұғалім деген айқындауыш бастауышты айқындап тұр.Оңашаланған айқындауыш та,айқындалатын сөз де атау септігінде тұр.
Айқындауыш, әдетте,сөйлемде екі жағынан да үтірмен,кейде айқындауыштар тізбегінде үтір болса,онда екі жағынан сызықшамен ажыратылады.
Мысалы: Олардың бірі – сары сақал,арық,боз - өз ойының жүйріктігін көрсетуге тырысады.Осында айқындауыш – сары сақал,арық,боз.Айқындауыш өз ішінде үтірмен белгіленгендіктен,екі жағынан сызықшамен ажыратылған.
Қосарлы айқындауыш өзі айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады.Амангелді батыр,Ер Тарғын,Ақан сері, Біржан сал,әнші Күләш,т.б.
Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен,қос сөздер сияқты,дефис арқылы бөлінеді: жер-ана,әйел-ана,панфиловшы-ұландар,инженер-техник,пәтер-мұражай, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |