Қатты денелер физикасы



бет138/252
Дата28.01.2018
өлшемі26,78 Mb.
#34638
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   252

Алынған заңдылықтар қатты дененің қирау процесінің кинетикалық сипатта болатынын көрсетті, оның табиғаты барлық денелер үшін бірдей. Бұл процестің физикалық механизмі бүгінгі күні былайша тұжырымдалады. Қатты дене атомдары периоды жылулық тербелістер жасайды. Жылулық флуктуация әсерінен уақыт өткен сайын химиялық байланыстардың үзілулері болады. Осы процестің ықтималдығы қираудың активациялық тосқауылының биіктігі және температура байланысты, артып, ал кемігенде ықтималдық артады. Сыртқы кернеу болмаған кезде, байланыстарды үзуге қажетті энергия, әрине осы байланыстардың өздерінің энергиялары. Сондықтан, қатты денелерді механикалық қирату жолымен жасалған тәжірибелердің активизация тосқауылының биіктігі металдар үшін сублимация жылуына, ал полимерлер үшін термиялық деструкция энергиясына тең. Денеде пайда болған кернеу σ байланыстарды үзу процесі кезінде активизациялық тосқауыл биіктігін -дан -ға дейін кемітеді, сөйтіп бұл байланыстардың үзілу ықтималдылығын арттырады, ендеше олардың бірлік көлемдегі санын да арттырады.

Үзілген байланыстарда субмикроскопиялық бөліктердің пайда болуы және соңында олардың бір-бірімен қосылуы сызаттардың пайда болуы мен дамуына алып келеді. Осы сызаттар өздерінің критикалық өлшеміне жеткенде, дене түсірілген кернеудің әсерінен қирайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет