Қатты денелер физикасы



бет62/252
Дата28.01.2018
өлшемі26,78 Mb.
#34638
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   252
II ТАРАУ

ҚАТТЫ ДЕНЕЛЕРДІҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ


Қатты денелердің барлық қасиеттерінің ішіндегі ең маңыздысы олардың механикалық қасиеттері - беріктілігі, қаттылығы, пластикалығы, тез тозбайтындығы және т.б. болып табылды. Осы қасиеттеріне байланысты қатты денелер конструкциялық, құрылыстық, электротехникалық, магниттік және басқа салаларда ең бағалы материалдар ретінде кеңінен қолданылады, оларсыз өнеркәсіптің бірде-бір саласын көз алдымызға елестетуге болмайды. Бізге дейінгі цивилизацияның дамуындағы атаулардан (тас ғасыры, қола ғасыры, темір ғасыры және т.б.) қатты денелердің адамзат қоғамының дамуына үлкен үлес қосқанын көруге болады.

Осы тарауда қатты денелердің механикалық қасиеттері туралы қазіргі физикалық көзқарастар, олардың пластикалығы және оның бұзылу заңдылықтары, беріктіліктің физикалық табиғаты және ерекше механикалық қасиеттері бар материалдарды жасау перспективалары туралы қысқаша қарастырылады.


Серпімді және пластикалық деформации.

Гук заңы.


Кристалға сырттан созатын жүктемемен әсер етсек, онда атомдар арасындағы ара қашықтық артады және олардың кристалдағы тепе-теңдік қалыптың маңында орналасуы бұзылады. Бұл тордағы атомдардың тепе-теңдік күйін сипаттайтын тартылыс және тебіліс күштерінің тепе-теңдігінің бұзылуына, атомдарды өзінің алғашқы тепе-теңдік күйіне келтіруге тырысатын ішкі күштердің пайда болуына алып келеді. Бірлік көлденең қимаға сәйкес келетін осы күштің шамасын кернеу деп атайды.

І тарауда қатты денедегі 1 және 2 бөлшектердің өзара әсерлесу энергиясы олардың ара қашықтығы -дің функциясы екендігі және 2.1 а – суретте көрсетілген қисықпен сипатталатыны айтылған.

2 бөлшек тепе-теңдік қалыптан ара қашықтыққа ығысқанда, яғни бөлшектер арасындағы ара қашықтық -ке артады, бөлшектер энергиясы артады да, -ге тең болады. энергия өзгерісін -ді дәреже бойынша Тейлор қатарына жіктеу арқылы табуға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет