Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет168/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

Бақылау сұрақтары:
Барлық реакция теңдеулеріне мұқият қара. Бұл реакцияларды 
не біріктіреді? 
2 HgO ----- 2 Hg + O2 2 H2O2 ----- 2H2O + O2
VR Science Lab. PheT. Science Lab.Mozaik3D App симуляторларын сабағымда 
қолданамын. 
Эксперимент кезінде «Егер .... өзгерсе, не болар еді? » және «Неге?», «Неліктен?», « 
Қалай ойлайсың?» «Не себепті?» деген сұрақтарды көбірек пайдаландым. Оқушылар 
қызығушылықпен өз жауаптарын дәлелдеп айта бастады.Сабақта көп сөйлемейтін оқушылар 
да қызығушылық пайда болғанын көрдім. Жұмбақ қасиеттері бар бейорганикалық заттарды 


140
табуға арналған практикалық есептерді шығаруда: «Біз не білеміз?», «Бізге нені білу керек?», 
«Оны қалай білеміз?» деген сұрақтар көмегімен валенттілік және химиялық элементтер 
таңбасын жаттай алмай жүрген оқушыларым тез арада жаттап алуға тырысты. Осылайша 
оқушылар арасында жарыстырып оқытудың тиімділігін көрдім. Жеңген оқушыға мадақтау 
сөздер айту, ынталандыру медальдар берілді. Оқушылардан кері байланыс алу, келесі 
сабақты одан да жақсы өтуіне мүмкіндік береді. Алғашқыда оқушылар кері байланыс 
жасауда қиналды, әрине оңай емес білдім, үйрендім, көрдім деп жазатын, кейін біртіндер 
нақты жазуға үйренді. Келесі сабақта басқаша қалай жүргізуге болар еді? Келесі сабақта нені 
оқып, біліп келу керектігін ойландың ба?Бүгін өз біліміңді қалай бағалар едің? Мен сізді 
формативті бағалауда әділ болдым ба? Деген сұрақтар беру арқылы кері байланысты жазуды 
үйрене бастады. Оқушылардың ойлауы мен талдау мүмкіншіліктерін дамыту мақсатында 7 
сынып оқушыларынан мынаныдай сауалнама алынды. 
1.Әр сабақ мақсатына жете алдың ба? 
2.Оқу материалын сызба, кесте түрінде беру, видео тыңдалым ұнай ма? 
3.Әр сабақта жұппен, топпен жұмыс істеу формалары әсері қалай?
4.Топтық жұмыста постер қорғау ұнайды ма? 
5.АКТ құралдары арқылы білім алғың келе ма? 
Сауалнама нәтижесінде 21 оқушының 6 оқушы сабақ мақсатына толық жете алмағанын 
және 6 оқушы топтық жұмыста постер қорғауда қиын екенін айтты. 
Оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттерінде топтық жұмысты бірігіп істеу ұнайтыны 
белгілі болды. Жаңа тақырыпты талдау, есептерді шешу, термин сөздерді сәйкестендіру, 
сұрақтар құрастыру т.б тапсырмаларды орындау кезінде жеке жұмыс жасағаннан гөрі 
жұппен не топпен бірге дайындалу, оны қорғау оқушыларға өте ұнайды. Тез түсіне 
алмайтын сыныптастарына түсіндіріп, оның ұғуына жағдай жасайды. Қалыптастырушы 
бағалау күнде сабақ бойында жүріп отырады, оқушының еңбегін мадақтау, қолпаштау 
сөздер арқылы да бағалау жүретінін оқушылар түсінеді.Сабақ барысында оқушылардың 
қызығушылығын арттыруда «Миға шабуыл», ойын элементтері қолданылса, негізгі 
тақырыпты ашуда «Байланыстырыңыз», «Түсіндіріңіз», «Салыстырыңыз және 
сәйкестендіріңіз» т.б стартерлер қолданылады.Ал, сабақты қорытындылауда «Қайда 
апарады», 
«Кенеттен 
туған 
идея», 
«ББҮ», 
«Жетістік 
ағашы» 
стартерлері 
пайдаланылады.[4.28-46-б].Әр сабақ оқушылармен сәлемдесіп, көңіл –күй сабаққа 
дайындығынан бастау алады. Бүгінгі көңіл –күйлерің қалай? - оқушылар өз көңіл күйлерін 
«бас бармақ» әдісі арқылы білдіреді.Жаңа сабақты бастамас бұрын, өткен сабақты Кім 
жылдам? Каhoot. kz «Артығын тап» ойындар арқылы жылдам пысықтап аламын. Жаңа 
сабақты бастамас бұрын Flippity симуляторы арқылы оқушыларды 4 топқа бөліп 
топтастырамын. Топтық жұмыстың мақсаты: оқушыларды ынтымақтастық, бірлесіп жұмыс 
жасау. Оқушылар ішінде топ басшысы лидер, уақытты бақылаушы –таймер, постер жасаушы 
және ақпарат жинақтаушы болып бөлінеді. топтық жұмысқа 5-7 минут уақыт беріледі, 
қорғау үшін 3 минут. Тақырыпқа қатысты видео көрсетіледі, оқушыға видео тыңдалымнан 
кейін сұраққа-жауап алынады.Bilimland.kz. OnlainеMektep.Twig. iTest ресурстарын сабақта 
15 
21 
21 
15 
21 




10 
15 
20 
25 
1 с
ұ
ра
қ
2 с
ұ
ра
қ
3 с
ұ
ра
қ
4 с
ұ
ра
қ
5 с
ұ
ра
қ
иа 
жо
қ
сауалнама иа
жоқ 
1 сұрақ 
15 

2 сұрақ 
21 
3 сұрақ 
21 
4 сұрақ 
15 

5 сұрақ 
21 


141
жиі қолданамын.Химия сабағында тақырып бойынша анықтамасы және күнделікті өмірден 
мысал келтіру, қызықты ақпарат айтылады. Сабақтың келесі кезеңі жұптық жұмыс,мақсаты
парталас оқушымен бірлесіп, тапсырманы ақылдасып шешім қабылдауға үйренеді.Тапсырма 
түрлері сәйкестігін табу, квест ойыны, есеп шығару, реакция теңдеуін жалғастырып жазу т.б. 
Жеке жұмыс түріне QR –код арқылы есептер шығару беріледі.Кері байланыс жасау кезінде 
Padlet.com немесе SMS арқылы жазып жібереді. Тақтаға оқушыны шақыру үшін мына 
симуляторды қолданамын.Яғни барабанды айналдырған кезде кімге түссе, сол оқушы 
тақтаға шығып есептер шығарады. Қалған оқушылар дәптерге шығарып отырады. 
Химия пәнін оқытуда есептер шығару- оқушылардың химиялық логикалық ойлау қабілетін 
дамытуда үлесі зор. Психологтар мен дидактиктер «Есеп шығаруды-ойлау іс-әректінің кешенді 
моделі» деп атайды. Химиялық есептерді оқыту үдерісінде қолдану-оқушыны теориялық білімді 
терең түсінуге, проблемалық сұрақтарды шешуге , ізденушілікке баулиды. Ерітіндіге байланысты 
есептер шығаруды үйрету кезінде төмендегі мақсаттар жүзеге асады:-логикалық ойлау қабілетін 
арттырады;-талдау 
мен 
жүйелеуге, 
айырмашылықты 
көре 
білуге 
негізделген, 
абстрактілеу,нақтылауға байланысты ойлау әрекетән дамытады;-химия пәніне қызығушылығын 
арттырады;Химиялық есептерді шығару екі бөлімнен тұрады:-химиялық бөлімі-математикалық 
бөлімі. Мектепте оқушыар есептерді шығару барысында химиялық бөліміне көңіл бөлмей, бірден 
математикалық есептеуді қолданады.[2,60-б].Сондықтан есептер жаттанды шығарылады да, алған 
білімін пайдаланбайды. Ерітіндіге байланысты есеп шығарғанда ең бірінші есептің химиялық 
мазмұнына мән беріп, содан кейін есептің есептеу бөліміне ауысу керек. Ерігіштік үғымына 
анықтама арқылы химиялық есептеулер шығарту оқушылардың білім және дағдыларын 
қалыптастырудың тиімді әдіс болып табылады. Мысалы: 5% 200 г ертінді дайындау үшін қанша 
грамм ас тұзы қажет?
 
Бұл есепте есептің химиялық бөліміне мына ұғымдар кіреді: ерітінді, еріген 
зат, ерітіндінің проценттік концентрациясы. 
Осы ұғымдардың анықтамалары: ерітінді –еріткіш және еріген заттан тұратын 
гомогенді жүйе: m=m (еріткіш)+ m (еріген зат) (1) 
Проценттік концентрация -100 г ерітіндідегі еріген заттың массасы [3,181-б] 
Шешуі: Проценттік концентрация анықтамасына сүйеніп, пропорция құру: 
100 г (ерітіндіде) ------------5 г (еріген зат)
200г (ерітіндіде) ------------- х г (еріген зат) х = 5*200/100=10г 
Есеп шығарылған соң оқушыларға осы ерітіндінің суретін салутапсырмасы беріледі. 
Сызба түріндегі сурет есеп мазмұнын дұрыс қабылдауға және абстрактілеу дағдысын 
қалыптастырады. Жаңа технологияның жаңа жетістіктерін қорықпай пайдалану керек. Соның бірі- 
интерактивті тақталармен жұмыс істеу. Бұл тақтамен сабақ берудің артықшылығы оқушының өз 
бетінше жұмыс жасауына мүмкіндік мол, сабаққа қызығушылығын арттыруға болады.Интерактивті 
тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың «қиын пән, түсінбеймін» деген 
қорқынышын жоюға, орташа оқитын оқушылардың өзін жауап беруге тартуға, жаңа білім алуға деген 
қызығушылығын арттыруға, химияның өмірге қажеттігін түсіндіруге болады. Қосымша материалдарды 
іздеп, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны, интернетті пайдалану арқылы оқушы 


142
танымын кеңейтіп, дүниеге ғылыми – материалистік көзқарастарын тереңдету мақсатымен өткізілген 
сабақ үлкен нәтижеге қол жеткізесін.
Химия - әрі қызықты, әрі күрделі ғылым. Оны жетік меңгеру 
үшін жаңа өтілген материалды игеру ғана жеткіліксіз, сондай-ақ алған білімді қолдана білу 
керек.Химиядан алған білім аяқ басқан сайын көптеген табиғат құбылыстарын және өндірістік 
процестерді түсіндіру үшін керегіңе жарайды.
Кезiнде Б.А.Бiрiмжанов «Бiз – химия ғасырының 
тұрғындарымыз» атты сөзi қазiргi уақытта өмiр шындығына айналып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет