257
1-сурет– Функционалдық сауаттылықтың мазмұны
Оқудағы сауаттылық – оқушылардың тілдің әртүрлі бірліктерімен (дыбыс, сөз, сөйлем)
жұмыс жасау, оларға сипаттама беру, тіл көмегімен әртүрлі мәтіндерді құрастыру және олармен
жұмыс істеу, жазбаша мәтіндерді түсіну және олардың мазмұнын өзінің білімі мен мүмкіндіктерін
дамытуға пайдалану қабілеті.
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – ғылыми білім негізінде қоршаған әлемді танып білу
және оларды жаратылыстану-ғылыми құбылыстарды түсіндіруде, бақылау мен тәжірибелерге
негізделген қорытындылар алуда білімді қолдана білу қабілеті.
Қорыта айтсақ, химияны оқытудың осындай педагогикалық негіздерін басшылыққа алғанда
ғана сабақ мақсатына жетіп, тиімді нәтиже береді. «Ешбір адамға білім алу мен жетілу беріле
салмайды немесе тек айтумен ғана іске аспайды. Оған қол жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз
еңбегімен, өз күшімен ұмтылуы тиіс»,- деп Дистервег айтқан болатын.
Сондықтан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жаңа көзқарас, жаңа тәсіл, жаңа
педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет, педагог рөлін арттыратын процесс жүргізілуі тиіс,
бұрынғы педагог – информаторда қазіргі кездегі оқушыларға арналған технологияларды пайдалана
алатын ұйымдастырушы педагог дәрежесіне көтерілу қажет.
Ә
Достарыңызбен бөлісу: