Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл


Ресейдегі дипломдық жұмыстың баламасы



Pdf көрінісі
бет369/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

Ресейдегі дипломдық жұмыстың баламасы 
Ресейде студенттер оқудан бастап стартаптарға қызығушылық танытуға тырысады. Кейбір 
университеттер дипломдық жұмыстардың орнына стартап алуға рұқсат берді. Сондай-ақ, РФ-ның 
Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі стартаптыңРесейдің басқа да университеттерінде 
пайда болуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. 
2019 жылы дәстүрлі түрде Ресейдің 1 мың жоғары оқу орнында(ЖОО) бітірушілердің 
біліктілік құжаттары қабылданды, бірақ сол жылдың өзінде 71 ЖОО-да дипломның орнына 
стартаптарды тапсыру тәжірибесі қолданылғанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ, бұл идея Ресейде оны 
жүзеге асыруда қиындықтарға тап болуы мүмкіндігіне қарамастан, министрлік сертификаттау тәртібі 
стартапты диплом ретінде қабылдауға мүмкіндік беретінін және бұл үшін заңнаманы түзетудің 
қажеті жоқ екенін атап өткен болатын.[9] 
Ресей Федерациясының осы идеясын Қазақстанға да әкеліп тәжірибие жүргізуге 
болады.Себебі, студенттерге дипломның орнына стартаппен айналысуға мүмкіндік бере отырып,
жоғары оқу орындары ел экономикасына бизнес құру және жүргізуде белгілі бір тәжірибесі бар 
құзыретті жас мамандарды ұсына алады және сол арқылы олардың аймақ экономикасына ықпалын 
арттырады.Пайдаланылмай, игерілмей жатқан қазба байлықтарымызды, мұнай мен газды осылай 
қазіргі студент, ертеңгі білікті маман арқылы ел игілігіне жұмсауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет