Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет152/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

Талдау және нәтижелер
. Білім беру мекемелерінде сабақ барысында білім алушыға белгілі бір 
теориялық мәліметті, нақты бір іс-әрекетте іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, рухани қасиеттерін 
дамыту, оның білімін бақылау, бағалау оқытушынан жоғары шеберлік пен еңбекті талап етеді. 
Интербелсенді оқыту білім беру үдерісінің негізгі қатысушылары – білім берушы, білім алушы және 
оқушылар тобының ынтымақтастықта жұмыс жасауына, қызу пікірталасқа, еркін ойлауға, өзіндік 
көзқарасын жеткізе алуға, мәселенің шешу жолдарын іздеуге негізделгені белгілі. Оқу 
бағдарламасында берілген білім мазмұнын игеруде білім алушылардың өзара жақындықты жүзеге 
асыру, «мұғалім – оқушы – оқушылар тобы»ның бір- бірлерін түсінуі, сыйластығын көрсетуі, 
қолдауы, шынайы қарым-қатынаста болуы, рухани бірлікке қол жеткізуімен сипатталады. Оқытушы 
интербелсенді оқыту арқылы білім алушылардың дербестік, өзін-өзі бақылау және басқару, 
сыныптастарымен жұмыс жасау барысында тиімді қарым-қатынаста болу, олардың пікірін тыңдау 
және құрметтеу, өздігінен шығармашылық, сыни тұрғыдан ойлау, балама идеяларды насихаттау, кері 
байланыс беру, ойын еркін жеткізу, өз көзқарасын қорғау, мәселенің оңтайлы шешімін табуға 
ұмтылу, күрделі жағдайлардан шыға білу сияқты дағдыларын дамытуға қол жеткізеді. Мұндай білім 
беру келесі критерийлерге негізделеді:
Белгіленген мақсаттардың міндеттерді шешуге сайлығы; 
Әдістің пайдалануға ыңғайлы әрі қарапайымдылығы; 
Ең тиімді нәтижеге бағытталуы және оған кепілдік беруі. 
Оқу үдерісінде оқытушы оқушының қызығушылығын арттыратын тартымды, жетелеуші 
сұрақтар 
арқылы 
сыныптағы 
белсенділік, 
шығармашылық, ізденімпаздық 
дағдыларын 
қалыптастырып , салыстыру, ұқсастық пен айырмашылықты анықтау сияқты қасиеттерді дамытатын 
орта құрады. Химия сабағын оқыту барысында түрлі интербелсенді әдіс- тәсілдерді пайдалану – ой 
қозғау, миға шабуыл, ассоцация, Венн диаграммасы, ТТТ кестесі, екі жолды күнделіктер, дискуссия, 
кейс тапсырмалары, жоба жұмысы, пікірталас т.б. оқушылардың өзін-өзі көрсете алуға, сенімділікке, 
білімділікке үйретеді. , қызығушылық артады және кең ойлауға бағттайды. Дегенмен, интербелсенді 
оқыту сабақ алдында үлкен дайындықты, сонымен қатар мыналарды талап етеді: 

Қандай тақырыптар бойынша интербелсенді сабақтар ұйымдастыру мақсатқа сай 
екенін қарастыру керек. 

Интербелсенді сабақтың оң нәтижелі болуы үшін жаңа сабақтан алдын білім 
алушылардың тақырып бойынша негізгі ұғымдар және негізгі ақпаратты білуін қамтамасыз еткен 
жөн.

Оқушылардың дербес жұмыс жасауына қанша уақыт жұмсайтынын ескеру қажет. 
Әдетте интербелсенді оқыту технологиясына негізделген білім беру іс-әрекеттері жеке, 
жұппен және топпен ұйымдастырылады. Сондықтан білім берушілер оқытуды ұйымдастырудың 
интербелсенді тәсілін шешу үшін бірқатар маңызды шарттарын орындай алуы керек. Атап айтқанда: 
Сыныптағы барлық білім алушыларды оқу-тәрбие үдерісіне толық қатыстыру; 
Білім алушылардың сабаққа психологиялық дайындығын бақылау; 
Оқушылардың саны және сыныптың жабдықталуын тексеру; 
Тапсырмаларды орынндауға қажетті ресурстармен қамтамасыз ету; 
Топтық жұмысқа арналған талқылаулар үшін нақты уақыт кестесі; 
Білім алушыларды шағын топтарға шеберлікпен біріктіру. 


131


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет