Кіріспе.
Казіргі таңда еліміздегі білім беру саласы және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыру мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтары деңгейіне көтеріліп, негізгі
стратегиялық міндеттер белгіленіп, білім сапасын арттыруға ерекше назар аударылуда.
Химияны оқыту әдістемесінде нені, қалай оқыту керек деген сұрақ ежелден келе жатқан өзекті
мәселе. Даму әдістемеге тығыз байланысты, заман өз талабын қояды, әдістеме осы тапсырысты
орындайды. Демек, нені және қалай оқыту керек деген сұрақ үнемі өзекті болып қала береді.
Қарқынды стратегиялық дамуды мақсат еткен кез келген ел, білімге сүйенетіні сөзсіз. Заманауи
білім беру жүйесі - интеллектуалдық, экономикалық, рухани дамуға қол жеткізудің негізі. Заманауи
білім неден тұрады? Нақты пән аясында айтатын болсақ, пән бойынша меңгерілуі керек білім, білік
және дағдыларды қалыптастыратын жаңа, шығармашылық мазмұнды түсінеміз. Пән өздігінен дамуы
мүмкін емес, әдістеме оның қарқынын қамтамасыз етеді. Осы күнге дейін химияны оқыту
әдістемесін жетілдіруге біршама күш-жігер жұмсалынды. Дегенмен, білім алушы сабақ арқылы нені
меңгеруі керек, қандай оқу материалын есте сақтауы қажет, қандай оқу материалын есте сақтау
қажет етілмейді, қандай бөлімдерді оқып түсіну жеткілікті, қандай жаттығулармен көбірек жұмыс
жасау керек, аналитикалық талдауға қандай мәтіндер алу қажет екендігі туралы критерийлер
бойынша жетілдіру жұмыстарын жүргізу қажет.
130
Достарыңызбен бөлісу: |