Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет223/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

Кілтті сөздер:
Цифрлы Қазақстан. Цифрлы бағдарлама-STEM
ХХІ ғасыр – информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда 
мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал 
ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық 
технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін 
қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – 
өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады 
– Егер жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында тиімді пайдаланса, 
оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі, зерттеушілік іскерлігі, 
шығармашылығы артады. 
– Жаңа ақпараттық технологияны қолданса әрбір оқушы оқу процесінің субъектісіне 
айналуы нәтижесінде оқу жүйесінің қарқыны, білім сапасы артады 
– Жаңа ақпараттық технологияны тиімсіз пайдаланғанда, қажетті талаптарды сақтамаса 
оқушының білім сапасына танымды белсенділігі мен денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін 
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін 
қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын 
педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін. Сол себепті, бәсекеге қабілетті 
елдер қатарында болу үшін STEM – білім беру мен оқуды бірдей бағытта ілгерілетуіміз қажет. STEM 
білімін дамытудағы маңызды факторлардың бірі мектептегі оқу процесінің материалдық-техникалық 
жабдықталуы болып табылады. [1.б.57] 
STEM-білім - жаңа термин, әрбір әріпіне жеке тоқталсақ: - Science (ғылым), - Technology 
(технология), - Engineering (инжиниринг), - Math (математика). Осыдан жаратылыстану ғылымын 
технологиямен, инженерлік және математикамен үйлестіре отырып, жобалық дайындықпен кешенді 
пәнаралық тұрғыдан келеміз. [1] Оқушылардың ғылыми-техникалық бағыттағы құзыреттерін 
қарқынды дамыту және күшейту мақсатында мектеп бағдарламасына енгізгіп келеміз. STEM – 
оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар 
шынайы өмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл 
әлем арасында STEM - сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке 


200
ықпал ететін нық байланыстарды орнату. STEM оқыту үдерісін жаңаша ұйымдастыру оқытушының 
өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылық қабілетінің артуына 
септігін тигізеді. Сондықтан, ғылыми-техникалық прогрестен қалмай, жаңа педагогикалық 
инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізге 
міндеті. STEM білім беру оқушыларды жаратылыстану-математикалық және инженерлік-
технологиялық бағыттағы негізгі пәндер бойынша білім алуға, сыни ойлау дағдыларын дамытуға 
және ғылым мен техникада кәсіпке деген ұмтылысты дамытуға бағытталады. Осыған байланысты, 
бүгінгі таңда, орта білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың ғылыми-зерттеу 
және жобалық қызметіне жағдай жасау, жаратылыстану, физика-математика және техникалық 
ғылымдарды оқып-үйрену, ғылыми-техникалық шығармашылықты жүзеге асыру, тақырыптық 
рекреациялық және желілік жоба өзара әрекеттесуді ұйымдастыру, оқушылардың шығармашылық 
есептік ойлау қабілетін қалыптастыруға, ғылыми-зерттеу бастамаларына, инженерлік және 
технологиялық перспективаларына өздерінің ынталандыруларын көрсетуге ықпал ету. [2. б. 102] 
STEM-білім беру артықшылықтары: сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-техникалық білімді 
күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру және командамен жұмыс жасау, 
техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру, жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас, оқу 
мен карьераның ұштасуы. Пәндер бойынша емес, интеграцияланған «тақырыптар» бойынша оқыту; - 
нақты өмірде ғылыми-техникалық білімді қолдану; - сыни ойлау дағдыларын дамыту және 
проблемаларды шешу дағдылары; - өзіне деген сенімін арттыру; - белсенді қарым-қатынас және 
командалық жұмыс; - техникалық пәндерге қызығушылықты дамыту; - жобаларға шығармашылық 
және инновациялық тәсілдер (STEM тренингі 6 кезеңнен тұрады: сұрақ (тапсырма), талқылау, 
дизайн, құрылымы, тестілеу және дамыту. Бұл кезеңдер жүйелі жобалау тәсілдерінің негізі болып 
табылады); - білім мен мансап арасындағы көпір; - балаларды технологиялық инновацияларға 
дайындау; - STEM мектеп бағдарламасына қосымша ретінде. 
STEM-білім берудің кілттік мақсаты – оқушылардың білу және істей алу қабілеттерін 
өнертапқыш шешімдер, зерттеушілік қызметтер және тәжірибелік форматтарда көрсету. 
Күтілетін нәтиже – оқушылардың фукционалдық сауаттылықтары, олардың өмірлік және 
кәсіби перспективалары, өз күштеріне деген сенімділік. STEM-білім берудің үздік педагогтері 
мақсат тек қана құзыретті жұмыс күшін тәрбиелеу ғана емес, оқушылардың «қатты» және «жұмсақ» 
дағдыларын қалыптастыру қажеттігін де көреді. [3.б. 160] 
STEM зертханаларының мақсаты — теориялық материал бойынша алынған білімді 
тереңдету, әр түрлі шамаларды өлшеудің әдістемелерімен танысу, әртүрлі құралдардың жұмыстарын 
зерттеу, тәжірибелік мәліметтерді жинау және өңдеу технологияларын үйрену, инженерлік графика 
және дизайн жасау дағдыларын дамыту – физикалық, химиялық, биологиялық құбылыстардың 
инженерлік технологиясының прототиптерін жасап шығару. 
STEM- эмоция, сезім, шығармашылыққа жауап беретін мидың оң жақ жарты шарын жұмыс 
істетеді. Химия пәнінің STEM жүйесі бойынша оқытудың маңызы зор. Мысалы STEM оқытуды 
енгізу үшін жаратылыстану циклінің субъектілерін біріктіруге болады. Біріншіден, онда химия, 
биология және физика тұрғысынан су қасиеттерін зерттеу үшін сабақтар екі немесе одан да көп 
болып табылады, ал сол сабақтарды біріктіріп, сол тақырып бойынша пәндерді біріктіріп бір сабақ 
жасаса онда молекулалардың құрамы, химиялық облигациялар бойынша оқушылардың практика 
жүзіндегі тапсырмалары кіріседі, физикалық қасиеттері және өмір тіршілігіндегі судың рөлі 
тақырыптарын біріктіру арқылы оқушының басқа ғылыми жобалармен айналысуға деген бос 
уақытын қалдырамыз. Екіншіден, STEM бағдарламаларын іске асыру оқушылардың бірнеше пән 
туралы білімін және бірнеше пән мұғалімдерінің консультацияларын қолдана отырып, мысалы, 
математика, физика және информатика бойынша білімдерін қажет ететін бейнероликтерді жазу үшін 
тіркелген ауданы бар ұшқышсыз әуе көлігінің үлгісін жасау арқылы оқушылардың жобаларын құру 
мүмкіндігі болады.
STEM-оқытудың проблемалары: STEM-оқыту бойынша мұғалімнің біліктілігі мен 
дағдысының жеткіліксіздігі, STEM-бағдарламаларының жетіспеуі, мектеп түлектерінің STEM саласы 
бойынша дайындықтарының әлсіздігі, STEM сабақтарын жоспарлау мен ұйымдастырудағы 
қиындықтар. 
Пәндердің мазмұнын терең түсіну мақсатында STEM бойынша білімдерді кіріктіру 
маңызды, нәтижесінде білім алушылардың болашақта техникалық немесе ғылыми бағыттар бойынша 
мамандықты таңдау мүмкіндіктерін кеңейтуге әкеледі. Оқытудың өзі ғылыми принциптерді, 
технологияны, жобалау мен математиканы бір STEM-бағдарламасына біріктіретін проблемалық-
бағытталған оқу әрекеті негізінде құрылуы қажет. STEM тәсілі негізінде пәндер мазмұны, ортақ 


201
тақырыптар интеграциялық тұрғыда оқытылса төмендегі негізгі дағдылар мен құзыреттіліктер 
қалыптасады: 
1. Сұрақтар (ғылым) қою және міндеттерді қабылдау (инжиниринг). 
2. Модельдерді жасау және пайдалану. 
3. Зерттеулерді жоспарлау және жүргізу. 
4. Деректерді талдау және түсіндіру. 
5. Математикалық операциялар мен есептеулерді жүргізу үшін қажетті ойлау түрлерін 
дамыту және пайдалану. 
6. Түсіндірме (ғылымға негізделген) бере білу және жобалау шешімдерін таба білу 
(инжиниринг). 
7. Бар фактілердің негізінде дәлелдей білу. 
8. Ақпаратты алу, бағалау және дұрыс беру. [4. б. 57 ] 
Химия сабағында « Бейорганикалық қосылыстар» тарауын оқытуды да STEM-тәсіліне 
негіздеп жүргізу тиімді болып табылады.
Инженерия мен технологияны зерттеу мәнмәтінді қалыптастырады, оның аясында 
оқушылар жүргізген зерттеулердің нәтижелерін тексере алады, практикалық мәселелерді шешу үшін 
жаңа білімді қолдана алады. Нәтижесінде олардың ғылым бойынша түсініктері тереңдей түседі, ал 
көпшілігінде жаратылыстануға деген қызығушылықтары қалыптасады. 
Бұл бағдарлама оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, зерттеу жұмыстарын 
жүргізіп, құбылыстарды терең түсінуге жол ашады. Бұл бағдарлама арқылы түрлі ғылыми жұмыстар, 
жобалық жұмыстарды жүргізуге болады. Сондықтан қазіргі заман дағдыларын оқушылар бойында 
қалыптастыру мақсатында жаңашылдықпен берілген сабақтар нәтижелі болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет