Аубакирова ф. Х. 5В072900 (6В07320, 6В07321, 6В07322) – «Құрылыс»



бет4/22
Дата28.12.2022
өлшемі9,34 Mb.
#164759
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
N - тұрғындардың саны.
Тәуліктік максималь және минималь су мөлшерлері келесі формулалармен есептелінеді
Q тәу. макс = К тәу. мах · Q тәу. ор, (2.3)
Q тәу. мин тәу. мин · Q тәу. ор. (2.4)
мұнда К тәу. мах және К тәу. мин су тұтынудың тәуліктік максималь және минималь бірқалыпсыздық коэффициенттері.
Сағаттық орташа су мөлшері
Q сағ.ор = (2.5)
Сағаттық максималь және минималь су мөлшері
Q сағ.мах = К сағ. мах· (2.6)
Q сағ.мин = К сағ. мин· (2.7)
мұнда К сағ.мах және К сағ. мин – сағаттық максималь және минималь бірқалыпсыздық коэффициенттері.
К сағ. мах = αмах· мах
К сағ. мин = αмин· мин
Бұл коэффициенттерді ҚНжЕ 4.01-02-2001 бойынша тұрғын үйлердің абаттануы мен климатқа байланысты қабылдайды.
Ішкі су құбырына керекті есептік тегеуріні мына формуламен анықталады
Нкгс.кс.е+Σһе+һже (2.8)
мұнда Нг - геометриялық суды көтеру биіктігі;
һс.к - су кіргізетін құбырдағы тегеурін шығыны;
һс.е - су есептегіштің тегеурін шығыны;
Σһl – есептік бағыт бойынша учаскелердегі ұзындық тегеурін шығындарының қосындысы;
һж - жергілікті тегеурін шығыны;
һl - су алатын крандардың алдындағы ең үлкен еркін тегеурін (оны 3 м деп алады).
2. Сумен қамтамасыз ету сызбанұсқалары су құбыры жүйесі элементтерінің құрамы мен өзара орналастыруын ғана айқындайды.
Жекелеген құрылыстар мен қондырғылардың көлемдері,сорғылардың саны мен қуаты,резервуарлардың сыйылдылығы,суайдауыш мұнараның биіктігі мен сыйымдылығы,құбырдардың диамерті осы элементтерді берілетін судың мөлшеріне және солар үшін белгіленген жұмыс тәртібіне сәйкес есептеу жолымен табылады.
Сумен қамтамасыз ету жүйесінің барлық элементтерінің жұмыс тәртібін айқындайтын негізгі фактор - ол осы жүйе қызмет көрсетуге тиіс тұтынушылардың суды жұмсау тәртібі болып табылатыны анық.
Алдын ала белгілі және берілген жүктемелер бойынша есептелетін көптеген инженерлік жүйелерден өзгешелігі - бірқатар жағдайларда сумер қамтамасыз ету жүйелері тұтынушылардың алдын ала қалайда анық көзделуі мүмкін емес график бойынша үздіксіз өзгеріп отыратын нақты талаптарын қанағаттандыруға тиіс.Сол кезде су тұтыну режимінің қабылданған графиктері су құбыры желілері мен құрылыстары есептеулерінің негізіне салынады және айтарлықтай дәрежеде жүйенің құны мен оның пайдаланылуы шығындарын айқындайды.Сондықтан су тұтыну режимінің мүнкіндігінше нақтырақ берліленуі(болжануы) сумен қамту жүйелерін жобалау кезіндегі ең жауапты міндеттердің бірі болып табылады.
Кейбір тұтынушылар үшін бұл мәселены шешу қиыншылық тудырмайды.Мысалы,өнеркәсіптік кәсіпорындардың су құбырларын жобалау кезінде өндірістік өажеттіліктерге бөлінетін су шығынының режимін - су тұтынудың графигін кәсіпорынның технологиялық жобасына сәйкес айтарлықтай нақты беруге болады.
Елді мекендердің су құбырларын жобалау кезінде су тұтыну режимін жоспарлау әлдеқайда қиынырақ.Бұндай су құбырларында тұрғындардың су жұмсау режимі адамдардың өмір сүру режимі мен еңбек қарекетіне байланысты тұрмыстық сипаттың бірқатар факторларымен айқындалады.
ҚНжЕ 11-31-74. Сумен қамтамасыз ету. Сыртқы желілер мен құрылыстар ережелерінде келтірілген, қалалық сумен қамтамасыз ету жүйелерінің нақты жұмысын таңдауға негізделген нормативтік нұсқаулар ең көп (Sмакс) және ең аз (Sмин) су тұтынудың тәулік ішіндегі есептік шығындарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.Ең көп тәуліктік шығынның Sмакс мөлшері негізгі есептік өлшем болып табылады,соған сәйкес сумен қамтамасыз ету жүйесі мен оның барлық жеке құрылыстарының есептері жүргізілуі қажет.
Су беру жүйесінің жұмыс режимінен белгіленген кезде,тәулік ішінде су тұтыну режимі сипатын,яғни тәуліктің жеке сағаттарындағы суды бөліп алудың ауытқу графигінің сипатын ескеру қажет екені анық.Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйелеріндегі тұтынушылардың суды бөліп алу үдерісі кездейсоқ және басқарылмайтын үдеріс болып табылады.Бөліп алудың тәртібі тұрғынжайлардың санитарлық-техникалық жабдықталуына,мекемелер мен кәсіпорындардың жұмыс істеу графиктеріне байланысты;ол ауа райының құбылуына қарай өзгеріп,жылдың әртүрлі маусындарында және апта күндерінде және т.б. түрліше болып келеді.
Су тұтыну режимінің ықтимал сипаты турлы мағлұматты(есептік сақаттық графикті) ондағы өмір сүру шарттары жобаланып отырған жүйе іске асырылатын қаланың жағдайларына жақын қалаларда су тұтынудың нақты режиміне жасалатын талдаудың нәтижесіне сүйене отырып қана алуға болады.
Халықтың шаруашылық және ауызсу қажеттіліктеріне тәулігіне ең көп және ең аз тұтынуына судың ең көп және ең аз есептік сағаттық шығындарын Q  және Q  келесі формулалардан алуға болады:

  • ең көп су тұтынылатын тәулік үшін ең көп сағаттық шығын:


сол тәулік ішінде ең аз сағаттық шығын:

мұнда: а және а - тәулік ішіндегі сағаттық су тұтынудың әркелкілігі коэффициенті.
Су ең аз тұтынылатын тәулің ішіндегі ең аз су тұтыну сағатында байқалатын ең аз сағаттық ықтимал шығын:

а және а коэффициенттерін мәні келесі формулалар бойынша анықталады:


а = α в
а = α В
мұнда: α - ғимараттардың абаттандырылуы деңгейін,кәсіпорындардың жұмыс режимін және басқа да жергілікті жағдайларда ескеретін коэффициент; В- елді мекендегі тұрғындардың санын ескеретін коэффициент.
Келтірілген формулалар мен тәуліктер шектеріндегі су тұтынудың әркелкілігі коэффициенттерінің санды мәндері жобаланып отырған жүйе үшін жергілікті ерекшеліктерде ескерек отырып,тұрғын үй құрылысы аудандарында тұрғындардың шаруашылық және ауызсу қажеттіліктеріне судың сағаттық шығындарының (Q  және Q ) есептік мөлшерлерін анықтауға мүнкіндік береді.
Сағаттар бойынша су шығындаудың есептік графиктері сағат аралықтарына бөлінген және сатылы диаграммаларды көрсетеді.Осыған сәйкес әрбір сағат шегіндегі су шығынын тұрақты деп есептеу мүмкін болады,яғни жекелеген сағаттар шектерінде суды бөліп алудың ықтимал өзгерістері есепке алынбайды.Осыған жол беру,су құбыры құрылыстары соларға сәйкес жобаланған және салынған,жоспарланған графиктерден тәулік ішінде су тұтыну үдерісінің нақты ауытқуларының көпшілігі сияқты,тұтынушыларды сумен қамтамасыз етудің қандай да бір айтарлықтай кемшіліктерін тудырмайды.Есептік кезеңде,оның кезекті кеңеюіне дейін,жүйені пайдаланудың барлық жылдарында жүйе құрылыстарының бәрі пайда болып отыратын талаптарға сәйкес су беруді ұлғайту мүмкіндіктерінің белгілі бір қорын сақтайды.Бұдан басқа,негізгі су құбыры кұрылыстарының белгілі бір икемділік пен өндірімділік қоры,яғни жеткілікті шектерде берілетін судың мөлшерін өзгерту мүмкіндігі бар.
Тәуліктер шектіндегі су тұтынудың нақты графиктері қалада болып жатқан әртүрлі оқиғаларды барынша айқын көрсетілетінін атап өткен жөн.Мысалы,қызықты спорт жарыстары,радио және телебағдарламалар берілетін кезеңдерде судың тұтынылуы күрт төмендейді.Аптаның жекелеген күндерінде - кәдімгі жұмыс күндерінен өзге,мейрам және мейрамалды және басқа күндерде,сонымен қатар жылдың әртүрлі кезеңдерінде графиктердің өзгеретіні байқалады.
Қалалық су құбыры жүйесі бір мезгілде оның аумағындағы орналасқан кәсіпорындардың өндірістік қажеттіліктеріне су беретін жағдайларда суды бөліп алу графиктерімен қосылған болуы қажет.
Көптеген жағдайларда барлық ірі өнеркәсіп нысандары тәулік ішінде суды салыстырмалы түрде біркелкі пайдаланады.Пайдаланылатын су шығынының өзгерістері,әдетте, маусымдық сипатқа ие және су көздері температурасының өзгерісінен және өндірістік агрегаттардың тиісті салқындату әсерін алу қажеттілігінен пайда болады.

  1. Су көзің таңдау сумен жабдықтау жүйесін жобалаудағы ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады, өйткені ол көбінесе жүйенің сипатын, оның құрамында белгілі бір құрылымдардың болуын, демек, оны салу мен пайдалану құнын анықтайды.

Сумен жабдықтау көзі келесі негізгі талаптарды қанағаттандыруы керек:
- объектінің даму перспективасымен су тұтынудың өсуін ескере отырып, одан қажетті су мөлшерін алуды қамтамасыз ету;
- тұтынушыларды сумен үздіксіз қамтамасыз ету;
- тұтынушылардың қажеттіліктеріне жауап беретін немесе қарапайым және арзан тазарту арқылы қажетті сапаға қол жеткізуге мүмкіндік беретін сапалы су беру;
- ең аз шығындармен объектіге су беру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- одан су алу қолданыстағы экологиялық жүйені бұзбайтын қуатқа ие болу.
Әрбір осы объект үшін сумен жабдықтау көзін таңдау туралы мәселені дұрыс шешу объект орналасқан ауданның су ресурстарын мұқият зерделеуді және талдауды талап етеді.
Сумен жабдықтау мақсатында пайдаланылатын барлық табиғи су көздерін екі негізгі топқа жатқызуға болады:
а) жер үсті көздері - өзендер (табиғи жағдайда немесе
реттелген) және көлдер;
б) жер асты көздері – жер асты, артезиан сулары мен бұлақтар.
4. Қалалар мен өнеркәсіп орындарында сумен жабдықтаудың біріккен жүйелерін орнатады. Ауылдық елді мекендерде біріктірілген шарушылық-ауыз су және өртке қарсы жүйелерді, ал өнеркәсіп орындарында жекеленген өндірістік және біріктірілген шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы жүйелер ойластырады.
Сумен қамту схемалары жүйедегі инженерлік құрылымдардың өзара орналасуын көрсетеді. Елді мекендердің сумен қамту схемалары табиғи су көздерінің түріне және ондағы судың сапасына байланысты. Осыған орай елді мекендерді сумен қамтудың екі схемасы бар (сурет 2.1, 2.2). Бірінші схемада суды жер бетіндегі көздерден алып елді мекендерге жеткізеді, ал екінші схемада жер асты суларын пайдаланады.
Су өзеннен су қабылдайтын құрылым арқылы 1-ші көтеру станциясындағы сорғыштармен су тазарту станциясына беріледі (сурет 2.1). Тазаланған су таза резервуарларына ағып түседі, ол жерден 2-ші көтеру станциясындағы сорғыштармен су жеткізгіш құбырлар арқылы елді мекенге беріледі. Жер бедерінің жоғарғы жерінде су мұнарасы немесе резервуар орнатылады.
Құбырлы құдықтың (сурет 2.2) ішіне орналасқан 1-ші көтеру сорғыштар жер асты суларын шығарып таза су резервуарларына береді. Онан 2-ші көтеру станциясындағы сорғыштармен су жеткізгіш құбырлар арқылы елді мекенге беріледі.



1 – су қабылдайтын құрылым; 2 – 1-ші көтеру сорғыш станциясы; 3 – тазарту станциясы; 
4 – таза су резервуарлары; 5 – 2-ші көтеру сорғыш станциясы; 
6 – су мұнарасы; 7 – су жеткізгіш құбырлар; 8 – су құбыр тораптары; 
9 – елді мекені; 10 – өндірістік аймак
Сурет 2.1 - Жер бетіндегі су көздерін пайдаланған кезде сумен қамту жүйесі

1- құбырлы құдық (скважина); 2, 6 – су жеткізгіш құбырлар; 3 – таза су резервуалары;
4 – сорғыш құбыр; 5 – 2-ші көтеру сорғыш станциясы; 7 – су құбыр тораптың
магистрал құбыры; 8 – су мұнарасы
Сурет 2.2 - Жер асты су көздерін пайдаланған кезде сумен қамту жүйесі

Өнеркәсіп орындарында сумен жабдықтаудың тіке ағызу схемасында өзеннен су қабылдайтын құрылыммен біріктірілген сорғыш станция суды тазарту станциясынан өткізіп өндіріске береді. Өндірісте пайдаланған суды тазарту станциясында тазалап өзенге ағызады.


Қайталап пайдаланатын жүйеде бір өндіріс процесінде пайдаланған суды екінші өндіріске қайтадан пайдалануға беріледі.
Сумен жабдықтаудың айналмалы жүйесінде өндірісте пайдаланған суды тазалап, салқындатып,өңдеп өндіріске қайтадан береді. Айналмалы жүйені су қорын үнемді пайдалану үшін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет