qм= (4.2) мұнда: Q – жалпы секундтық максималь су мөлшері;
Qө - агроөндіріс кәсіпорындарына берілетін шоғырланған су мөлшері;
- суды үлестіретін магитраль су құбыры торабтарының ұзындығының қосындысы.
Әрбір участкелерден берілетін су мөлшерін жолдық су мөлшері деп атайды.
Жолдық су мөлшері:
qж=qм·ℓ (4.3)
мұнда: ℓ - әр участкенің ұзындығы.
Сақиналы контурларда есептік мөлшерін анықтауды жеңілдету үшін, оны түйіндік су мөлшеріне ауыстырады
Qm=0,5 qж (4.4)
мұнда: qж - түйінге жалғасқан участкелердің жолдық су мөлшерінің қосындысы.
Түйіндегі есептік толық су мөлшері
Qe.m=Qm +Qө (4.5) Су құбыры торабтарын есептеу үшін әр учаскедегі есептік су мөлшерін анықтау керек. Кез – келген нүктеге қысқа жолмен су берілетіндей етіп участкелер бойынша су қозғалысының бағытын тағайындайды. Түйіндердегі су мөлшерлерінің балансының сақталуы (Кирхгофтың бірінші заңы бойынша) және құбырлардың өзара ауыстырушылығын ескеріп ағынның алдыңғы бөлінуін белгілейді, яғни участкелердегі шамаланған су мөлшерін анықтайды. Көшелік тораптарда су ағынын алдын-ала бөлу ең алыс және биікте орналасқан нүктеден бастайды. Осы нүктедегі (түйіндегі) су мөлшерін екі бағыттағы участкелерге бөледі.
Сақиналы тораптардың схемасында есептелінген түйіндік су мөлшерлерін жазып, алдын-ала белгіленген су ағынының бөлінуін стрелкамен көрсетеді. Түйінге ағып келетін су мөлшерін плюс таңбасымен белгілеп, ал онан ағып шығатын су мөлшерін минус таңбасымен белгілейді. Бұл кезде бір учаскелерде алдын-ала шамаланған су мөлшерін белгілесек, ал басқа учаскелердегі су мөлшері арифметикалық амал арқылы анықталады, яғни Σq=0 болуы керек.Бір сақиналы торапты қарастырайық. Сақиналы тораптың түйіндерін 1,2,3,4 деп белгілейік. Сақиналы торапқа 3-ші түйінде су беріледі деп есептейік. 2-ші түйінде өнеркәсіп орнына бір шама шоғырланған су мөлшері qш беріледі. 1-ші түйіндегі су мөлшерін q1 1-2 және1-4 учаскелерге бөлеміз. Оны q1-2 және q1-4 деп жазамыз. Сонда 1 түйінде
q1-2+q1-4-q1=0 болады.
Келесі 2-3 учаскедегі су мөлшері q2-3-q1-2-q2-qш=0 ,
мұнда q2 - 2ші түйіндегі су мөлшері.
3-4 учаскедегі су мөлшері q3-4-q4-q1-4=0, бұнан q3-4=q4+q1-4. Мұнда q4 -4ші түйіндегі су мөлшері.
Алдын-ала бөлінген су мөлшерлері бойынша Ф.А.Шевелевтің кестесімен әрбір учаскенің даметрлерін анықтайды. Өрт болған кезде учаскедегі су мөлшеріне өрт сөндіруге арналған су мөлшерін қосып есептейді.
Көшелік сақиналы тораптардың гидравликалық есебін учаскелердегі алдын-ала анықталған су мөлшері бойынша жасайды. Сақиналы тораптарды есептегенде ең алдымен құбырдың материалы анықталады. Құбырдың диаметрі және материалы бойынша құбырдың меншікті кедергісін қабылдайды. Онан кейін учаскелердің тегеурін шығындары анықталады. Тораптың басқы нүктесінен есептік нүктеге дейінгі тегеурін шығындарын анықтау үшін «торапты үйлестіру» деген операцияны жасайды, ол үшін тораптың әр учаскесіндегі су мөлшерінің таратылуына түзелтулер енгізеді.
Гидравликалық формула бойынша су мөлшері:
Q=V·W (4.6)
мұнда: V – құбырдағы су қозғалысының жылдамдығы;
(4.7)
W – құбырдың қимыл қимасы.
Су қозғалысының жылдамдығын мынадай шамаларда ұсынылады: 0,7м/с – d<300мм және 1 – 1,5 м/с - d>300мм. Сыртқы су құбыры торабында құбырдың ең кіші диаметірін 100мм етіп қабылдайды. Сонымен қатар құбырдағы су қозғаласының жылдамдығын және меншікті тегеурін шығынын участкедегі су мөлшері бойынша Ф.А. Шевелевтің кестесін де пайдаланып анықтауға болады.
Гидравликанық есеп кесте түрінде жүргізіледі.
Әр учаскедегі тегеурін шығыны мына формуламен анықталады
h=A·K·lq2=Sq2 (4.8)
мұнда: А – құбырдың диаметріне және түріне байланысты қабылданатын меншікті кедергі;
К – тегеурін шығынының жылдамдыққа байланыстығын ескеретін түзелту коэффициенті;
l – участкенің ұзындығы;
q – есептік су мөлшері;
S – участкенің кедергісі;
Пласмасса құбырлар үшін коэффициент К – ны мына формуламен анықтайды
(4.9)
Сақиналы контурдағы тегеурін шығынын сағат тілінің қозғалыс бағытына сәйкес участкелерде плюс белгімен, ал сағат тілінің қозғалыс бағытына қарсы участкелерде минус белгісімен қабылдап, олардың қосындысын анықтайды. Теория бойынша ≈0 болуы керек.
Бірақ су мөлшерін шамалап бөлгендіктен
≠0 яғни =∆һ
мұнда: ∆һ – рұқсат етілген шамадан артық болса, онда сақиналы контурды үйлестіру керек.
Сақиналы контурды үйлестіру үшін түзелту су мөлшерін анықтайды.
∆q= , (4.10)
Анықталған түзелту су мөлшері бойынша, қайтадан әр участкенің есептік су мөлшерін анықтайды. Осылай тегеурін шығындарының қосындысы рұқсат етілетін шамаға жеткенше түзелту жүргізіледі.
Сақиналы контурда үйлессіздік ∆һ≤0,5м. болуы керек. Сақиналы тораптардың сыртқы контуры бойынша үйлессіздік Δ h≤0,5м. болуы керек.