Аубакирова ф. Х. 5В072900 (6В07320, 6В07321, 6В07322) – «Құрылыс»


Тақырып 4. Ғимараттардың ішкі су құбыры жүйелері



бет8/22
Дата28.12.2022
өлшемі9,34 Mb.
#164759
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Тақырып 4. Ғимараттардың ішкі су құбыры жүйелері
5 дәріс
1. Ғимараттардың ішкі су құбыры жүйелері мен схемалары
2. Ғимарат ішіндегі су құбырларын трассалау.
3. Су енгізу құбырының құрылысы, Су өлшегіш түйіндер. Тегеурінді арттырушы қондырғылар
4. Құбырлар, арматура және желі жабдықтары
5. Ішкі су құбырларын гидравликалық есептеу.

1. Ғимараттарды салқын және ыстық сумен жабдықтау мәселесі ішкі су құбыры мен құрылымдарды орнату арқылы жүзеге асырылады. Ішкі су құбыры деп елді мекенің немесе өнеркәсіп орнының сыртқы су құбырынан ғимараттардың ішінде орналасқан санитарлы-техникалық құралдарға, технологиялық қондырғыларға және өрт сөндіруге су беруге арналған құбырлар мен құрылымдарды айтады.


Ішкі су құбыры тағайындалуы бойынша шаруашылық ауыз-су, өндірістік және өртке қарсы жүйелерге бөлінеді. Ішкі салқын су құбыры мына элементтерден турады: су кіргізетін құбыр, су есептегіш, тегеурінді арттыратын қондырғы, қысымды теңестіретін қондырғы, су жылытқыш, температураны реттегіш қондырғы, салқын судың магистрал және таратушы құбырлары, ыстық судың беретін құбырлары, ыстық судың айналымды құбырлары су алатын және жабатын арматуралар, өрт крандары, айналымдық сорғыш.
Ішкі су құбырының сыртқы су құбырына қосылған жеріндегі ең аз ерікті тегеурінді кепілдемелі тегеурін (Нкеп) деп айтады. Ішкі су құбырының қалыпты жұмыс істеуі үшін ғимараттың су кіргізетін құбырынан ең алыс және биікте орналасқан санитарлық құралдарға су беруді қамтамасыз ете алатын тегеурінді керекті тегеурін (Нк) деп атайды. Кепілдемелі және керекті тегеуріндердің ара қатынасы бойынша және су құбырының қимыл жасау тәсілдерінге байланысты ішкі су құбыры мынадай жүйелерге бөлінеді:
1. Сыртқы су құбырының тегеурінімен қимыл жасайтын жүйе;
2. Тегеурінді бакты жүйе;
3. Тегеурінді арттыратын сорғышты жүйе;
4. Аралас жүйе;
5. Зоналы жүйе.
Сыртқы су құбырының тегеурінімен қимыл жасайтын жүйені кепілдемелі тегеурін керекті тегеуріннен әр қашанда артық немесе оған тең болған жағдайда қолданады. Тегеурінді бакты жүйені сыртқы суқұбырындағы кепілдемелі тегеурін мезгіл-мезгіл жетіспеген жағдайда қолданады.
Тегеурінді арттыратын сорғышты жүйені кепілдемелі тегеурін керекті тегеуріннен аз болған жағдайда қолданады. Аралас жүйені кепілдемелі тегеурін түрақты керекті тегеуріннен аз болған жағдайда және электр энергияны үнемді пайдалану үшін қолданады.
Аймақты жүйені көп қабатты үйлерде қолданады. Норма бойынша шаруашылық және ауыз-су құбырында гидростатикалық қысымның ең үлкен шекті шамасы 60 метрден аспауы керек. Гидростатикалық қысым 60 метрден асқан кезде және судың пайдасыз шығынын азайту үшін биік кабатты үйлерде аймақты жүйелер орнатылады. Аймақты жүйеде төменгі аймақ сыртқы су құбырының тегеурінімен қимыл жасаса, ал жоғрғы аймақтар өз алдына тегеурінді арттыратын сорғыштардың көмегімен қимыл жасайды.
Аймақты жүйелердің схемалары тізбекті және параллель қосылған болып келеді. Тізбекті схемада бірінші аймақ сыртқы су құбырының тегеурінімен қимыл жасайды, ал онан жолғарғы аймақтарға суды тізбектеліп қосылған сорғыштар арқылы жеткізеді. Параллель аймақта әрбір аймаққа суды орталықта орналасқан сорғыштар арқылы жеткізеді.
2. Ішкі су құбыры тораптары магистральдан, тарататын құбырдан, тік құбырдан және пәтердегі санитарлық құралдарға су жеткізетін құбырлардан турады.
Ғимараттың тағайындалуына және су тұтыну режиміне, және де технологиялық және өртке қарсы талаптарға байланысты тораптардың схемасы тұйық тармақты, айналымды, аралас, және аймақты болады, ал магистраль құбырдың орналасуына байланысты төменнен және жоғарыдан таратылған болады (5.1 сурет). Тұйық тармақты тораптарды су құбырының бір бөлігі бұзылып қалған жағдайда үзіліспен су беруге рұқсат етілген ғимараттарда қолданады. Олар тұрғын және әкімшілік ғимараттар болуы мүмкін. Тұтынушыларды сенімді және үздіксіз сумен қамтамасыз ету керек болған кезде және де12 және онан көп өрт сөндіретін крандар орналасқан ғимараттарда айналымды тораптарды қолданады. Айналымды тораптарды сыртқы су құбырына бірнеше су кіргізетін құбырлармен жалғастырады, егерде біреуі жұмыстан шығып қалған жағдайда ғимаратқа су беру тоқталмайды.

а) б)


а) жоғарыдан таратылған тұйық тармақты; б) төменнен таратылған айналымды
Сурет 5.1 - Ғимарат ішіндегі су құбырларын схемалары

Аралас тораптар тұйық тармақты және айналымды магистраль құбырлардан турады. Бұндай тораптарды су алатын құрылымдары өте шашыраңқы орналасқан ірі ғимараттарда қолданады.


Магисталь құбырын төменнен таратқан кезде, оны ғимараттың төменгі жағына орналастырады, ал жоғарыдан таратқан кезде олардышатырдың ішіне немесе жоғарғы этаждың жабынының астына орналастырады. Жоғарыдан таратқан тораптадың құрылымы төменнен таратқан тораптардың құрылымынан арзан болуы мүмкін. Бірақ магистральды жылытылмайтын шатырда салған кезде құбырдарды жылытуға (жылу изоляциялық материалдарымен қаптауға) қосымша шығындаркерек болады.
Ішкі су құбыр тораптарының схемасын әрбір этаждағы су алатын құрылымдардың орналасуын, су және тұтыну режимдерін, тұтынушыларды сумен жабдықтау сенімділігін ескеріп таңдайды.
Ішкі су құбыры тораптарының салынатын орындарын дұрыс таңдау арқылы жүйе құрлымдарының бағасын біршама азайтуға болады және оның пайдалануын жеңілдетеді.
Магистраль құбырын төменнен таратқан кезде, оны жертөледе немесе техникалық еден астында салады, ал олар болмаған кезде оны басқа құбырлармен біргебірінші этаждың еденінің астында салады. Еден астындағы каналдар өтпейтін биктігі 0,3-0,7 м,жартылай өтетін биіктігі 0,8-1 м және өтетін биіктігі 1,7-1,8 м болады. Каналдарды төртбүрышты етіп, оны қыштан, бетон және темірбетон элементтерден салады.
Магистраль құбырын жоғарыдан таратқан кезде, оны шатырдың ішіне, техникалық этажда немесе жоғарғы этаждың жабынының астында қабырға бойымен салады.
Су құбыры тораптарын трассалау қабаттардың жоспарларында тік құбырлар мен санитарлық құралдарға су жеткізетін құбырлардың орнын белгілеуден бастайды. Тік құбырларды су алатын құрылымдардың ортасында,санитарлық түйінде және шахтада орнатады. Одан кейін типтік жоспардағы тік құбырлардың орналасу орындарын жертөленің жоспарына ауыстырып белгілейді. Тік құбырлар мен су кіргізетін құбырдың орналасу орындарын ескеріп жертөленің орта жерінде магистраль құбырының трассасы белгілейді.
Ішкі су құбырының тораптарын трассалап болғаннан кейін аксонометриялық схеманы құрастырады.
Ішкі су құбырын салу үшін диаметрі 15-150 мм дейін сугаз өткізетін және диаметрі 150 мм ден артық дәнекерленген болат құбырларды қолданады.
Су-газ өткізетін құбырларды цинктелген және цинктелмеген етіп шығарады. Санитарлық қызметтің талаптары бойынша ауыз-су беретін ішкі су құбыры тораптарын тек қана цинктелген құбырлардан салады.
3. Ішкі су құбырын сыртқы су құбыры торабымен жалғастыратын құбырды су кіргізетін құбыр деп атайды. Су кіргізетін құбырдың бас жоспарда орналасуы ғимараттың сыртқы су құбырына қарағандағы бағдарлануына байланысты болады. Су кіргізетін құбырды ғимараттың қабырғасына перпендикуляр етіп, қысқа жолмен салады. Оны ғимараттың орта жеріне жобалаған дұрыс болады. Су кіргізетін құбырды магистралға қарағанда орталықта орналастырса, онда шеткі су алатын нүктелерді бірдей тегеуріндермен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар су кіргізетін құбырды ғимараттың бүйір жағынан да орнатуға болады. Ішкі сақиналы су құбырын сыртқы су құбыры торабына екеуден кем емес су кіргізетін құбырмен жалғастырады. Екеуден және онан көп су кіргізетін құбырларды орнатқан кезде, оларды сыртқы су құбырының әртүрлі участкелеріне қосу керек. Бір участкеде авария болған кезде ғимаратқа су беруді қамтамасыз ету үшін сыртқы торабта су кіргізетін құбырлардың арасына жауып реттеуші арматураларды қою керек.
Екі және онан көп су кіргізетін құбырларды мына жағдайларда орнатады:

  • 12 және онан көп өрт сөндіретін крандар ронатылған ғимараттарда;

  • 400-ден артық пәтері бар тұрғын үйлерде;

  • Театрлар мен клубтарда;

  • Спринклерлі және дренчерлі жүйелермен жабдықталған ғимараттарда.

Су кіргізетін құбырды жер бетіне (4.1) тереңдікте салады.
Су кіргізетін құбырдың ең аз тереңдігін 1 м деп қабылдайды және оны сыртқы су құбырына қарай і=0,003-0,005 еңіспен салады.
Құрғақ топырақты жерлерде, су кіргізетін құбыр жертөленің қабырғасыменмен қиылысқан жерінде, құбырды ғимарат шөге қалған жағдайда жаншылудан сақтау үшін құрылыс конструкциясы мен құбырдың арасында 0,2 м саңлау болу керек. Ол үшін жертөленің қабырғасына диаметрі су кіргізетін құбырдың диаметрінен 200 мм артық болат құбырдан қаптама орнатып, оның ішіне су кіргізетін құбырды салады. Саңлау арқылы атмосфералық жауын-шашын жертөлеге ағып кірмеуі үшін саңлауды су-газ өтпейтін иілімді материалдармен бекітеді. Құбырды салып болғаннан кейін саңлауды бекіту үшін смоланған кендір жіп қолданады. Оның қалыңдығы 100 мм –ден кем болмауы керек. Саңлаудың қалған бөлігін саз топырақпен бекітеді. Қабырғадағы саңлаудың ішкі және сыртқы беттерін маркасы 300 болатын цемент ерітіндісімен сылайды.
Пайдаланған су мөлшерін өлшеуге су есептегіштерді қолданады. Олар қанатты және турбиналы су есептегіштерге бөлінеді. Су есептегіштердің қимылы қанаттар мен турбиналардың айналу санын өлшеуге негізделген. Су есептегіштердің айналу саны онан ағып өткен судың көлеиіне тура пропорциал. Қанатты су есептегіш мына элементтерден турады: корпус; қанаттар; беріліс механизмы; редуктор; есептеу механизмы; циферблат.
Су есептегіштердің қимыл жасау принціпі мына теңдеумен бейнеленеді
(5.1)
мұнда  судың қозғалу жылдамдығы;
m - жұмыс органының айналу саны;
  есептегіштің коэффициенті.
Су есептегіштің коэффициенті редуктор мен есептеу механизмының механикалық шығын коэффициентінен, гидравликалық себептерге байланысты болатын коэффициенттен және шкаланың қателік коэффициентінен функционалды байланыста болады.
Су есептегіштің коэффициентін мына түрде анықтауға болады
 1м) f2г) f3ш) (5.2)
мұнда км, кг, кш – механикалық шығынның, гидравликалық қателіктердің жәнешкала қателіктерінің коэффициенттері.
Су есептегіштердің негізгі көрсеткішіне өлшенетін су мөлшерлерінің әртүрлі диапозондарындағы рұқсат етілген салыстырмалы қателіктері жатады. Жалпы су есептегіштердің қателігі 2-ден 5%-дейінгі аралықта болады.
Су есептегіштердің диаметрін сағаттық су мөлшері бойынша таңдайды. Сағаттық су мөлшері пайдаланатын су мөлшерінен артық болмауы керек және қабылданған су есептегішті рұқсат етілген тегеурін шығынына тексереді. Су есептегіштің тегеурін шығыны мына формуламен анықталады
 (5.3)
мұнда S - су есептегіштің гидравликалық кедергісі;
Q - секундтық максимал су мөлшері.
Қабылданған су есептегіш секундық су мөлшерін өткізуге тексеріледі. Тексеру кезінде тегеурін шығыны қанатты су есептегіште 2,5м –ден аспауы керек, ал турбиналы су есептегіштерде 1 м-ден аспауы керек. Су есептегіштерді су өлшейтін түйінге орнатады. Су өлшейтін түйі қарапайым және айналма құбырлы болып бөлінеді. Су өлшейтін түйін мына элементтерден турады: жаппалар; су есептегіш; манометр; су ағызатын кран; айналма құбыр.
Сорғыштар сумен жабдықтаудың негізгі жабдықтарына жатады. Оларды ішкі сумен жабдықтауға орнату қысымның тұрақты немесе мезгіл-мезгіл болмауымен қажет (егер су құбырлар арқылы ғимараттың жоғарғы қабаттарына жетпесе). Сорғыш су құбырына қажетті қысымды қосады. Көбінесе электр қозғалтқышы бар орталықтан тепкіш сорғыштар қолданылады. Су кіргізетін құбырдағы секундтық максимал су мөлшері және жетіспейтін тегеурін бойынша каталогтан сорғыштың маркасын таңдайды. Сорғыштарды параллел немесе тізбектеп қосу арқылы сорғыштардың беретін су мөлшерін немесе тегеурінін арттыруға болады.Сорғыш қондырғыларын тұрғын пәтерлердің астына орналастыруға рұқсат етілмейді. Сондықтан сорғыштар керек болған жағдайда, оларды әтейі арналған үйшікте орнатады. Сорғыштың үйшігін жертөленің жоспарында көрсетеді.Негізгі жұмысшы сорғыштан басқа қосалқы (резервті) сорғыш қарастырылуы керек. Сорғыштарды су өлшейтін түйіннен кейін жалғастырады. Сорғыштардың агрегаттарын еденнен 0,2 м-ден кем емес жоғары көтерілген іргетасқа орнатады. Әрбір сорғыштың соратын және тегеурінді құбырларында ысырма және манометр қойылуды қарастыру керек. Сонымен қатар тегеурінді құбырда кері клапан орнатылады.
5. Ішкі су құбыры тораптарының гидравликалық есептерінің негізгі мақсаты құбырлардың өте экономды диаметрлерін және су құбыры тораптарының қалыпты жұмыс істеуіне керекті тегеурінді анықтау. Керекті тегеурінді сыртқы су құбырындағы кепілдемелі тегеурінмен салыстыру.
Ішкі су құбырының есебін жасау үшін ең алдымен аксонометриялық схеманы құрастырады. Аксонометриялық схемадан есептік бағытты таңдайды. Есептік бағытқа су кіргізетін құбырдан ең алыс және биікте орналасқан сантехникалық құралға дейінгі бағытты қабылдайды. Сынды кранды анықтағанда олардың алдындағы керекті еркін тегеурінді ескеру керек. Есептік бағыт бойынша жоғарыдан төмен қарай және сыртқы су құбыры торабына дейін су таралатын жерлерін цифрмен нөмірлеп участкелерге бөледі. Су тұтынушылардың және типтік жоспардан сантехникалық құралдардың саны анықталады.
Ішкі су құбыры тораптарын секундтық максимал су мөлшерін өткізуге есептейді. Ғимараттың ішінде орналасқан санитарлық құралдар бір уақытта іске қосылмайды. Сондықтан секундтық максимал су мөлшерін анытау үшін санитарлық құралдардың қимыл жасау ықтималдығын анықтайды. Санитарлық құралдардың қимыл жасау ықтималдығын мына формуламен анықтайды
  (5.4)
мұнда   ең көп су тұтынатын сағаттағы бір тұтынушыға берілетін су мөлшерінің нормасы;
  тұтынушылардың саны;
  бір су алатын кранның секундтық су мөлшері;
N - санитарлық құралдардың жалпы саны.
Тұтынушылардың санын мына формуламен анықтайды
  (5.5)
мұнда F- жалпы пәтер-жай ауданы;
f – бір адамға нормаланған пәтер-жай ауданы
Әр участкедегі секундтық максимал су мөлшері мына формуламен анықталады
(5.6)
мұнда   ның көбейтіндісі бойынша Құрылыс нормалары және ережелерінен алынатын коэффициент.
Есептік участкедегі құбырдың диаметрін мына формуламен анықтайды
  (5.7)
мұнда v- құбырдағы су қозғалысының жылдамдығы, оны 0,9-1,2 м/сек аралықта алады.
Әр участкедегі ұзындық тегеурін шығыны анықталады
  (5.8)
мұнда i - гидравликалық еңіс, оны ҚНжЕ-нің кестесінен алады. Кестеде 1000i келтірілген;
l - участкенің ұзындығы.
Жергілікті тегеурін шығындарын ұзындық тегеурін шығыны қосындыларының 30%-на тең деп алады.
Су есептегіштің тегеурін шығыны (5.3) формуламен анықталады
Геометриялық су көтеру биіктігін былай анықтайды
(5.9)
Мұнда n - үй қабаттарының саны;
  үй қабаттарының биіктігі;
  - бірінші этаждың еденінің абсалюттық белгісі;
  сыртқы су құбыры торабындағы құдықтың жанындағы жердің абсалюттік белгісі;
  су алатын кранның еденнен жоғары орналасу биіктігі.
Ішкі су қүбыры тораптарына керекті тегеурінді мына формуламен анықтайды
(5.10)
мұнда   су кіргізетін құбырдаң тегеурін шығыны;
  су алатын крандардың алдындағы ең үлкен еркін тегеурін.
Есептелген керекті тегеурінді бастапқы мәліметте келтірілген кепілдемелі тегеурінмен салыстырып сорғыштың керектігін немесе керектігі жоқтығын анықтайды.
Егерде   болса, онда тегеурінді арттыру үшін сорғыш қондырғысын қабылдайды.
Жетіспейтін тегеурін   анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет