Аубакирова ф. Х. 5В072900 (6В07320, 6В07321, 6В07322) – «Құрылыс»


Тақырып 3. Сыртқы су құбыры желісі



бет6/22
Дата28.12.2022
өлшемі9,34 Mb.
#164759
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ОПТИКА НЕГІЗДЕРІ ДӘРІС, osh sor kazahskiy-jazyk emn 10-klass kaz, биопэма әдісі, Ананың ыстық алақаны», Ағартушылық дәуірі, №5 Ғылыми жұмыс, pdf 20220918 221827 0000, Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш пен б…
Тақырып 3. Сыртқы су құбыры желісі
4 дәріс

  1. Су құбыры желілеріне қойылатын негізгі талаптар. Желілердің тұрпаттары

  2. Сумен қамтамасыз ету жүйелерінің негізгі элементтері

  3. Сыртқы су құбыры желілерінің схемалары. Желіні трассалау.

  4. Су құбыры желілерін құрастыру: желілердегі жабдықтар мен құрылыстар, құбырлар мен олардың материалдары.

  5. Су құбыры желісінің есептік схемалары. Гидравликалық есептеу негіздері

1. Су беру мен бөлу жүйелері қамтамасыз етілетін нысандардың аумағына суды тасымалдауды, аумақ бойынша оны таратуды және тұтынушылардың су алатын орындарына жеткізуді қамтамасыз ететін құрылыстардың айтарлықтай ірі және аса жауапты кешені болып табылады.


Су беру және бөлу жүйелерінің құрамына: сорғы станциялары, су таратқыштар, нысан аумағындағы су құбыры желілері, арынды-арынсыз реттегіш және су жинақтайтын сыйымдылықтар, қосалқы сорғы станциялары (аймақтандырылған жүйелерде), реттеудің сорғы станциялары кіреді.
Су беру мен бөлу жүйелеріне, жалпы алғанда, келесі негізгі: тұтынушыларды тиісті су мөлшерлерімен қамтамасыз ету; таратқыш желілерде қажетті қысымдар тудыру (тұтынушылардың барлық түрлеріне); судың қажетті қорларын құру, сумен қамтамасыз ету үдерісінің сенімділігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету талаптары қойылады.
Су құбыры желісі сумен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі элементтерінің бірі және жұмысында желіге су беретін сі тартқыштармен, сорғы станцияларымен, сонымен қатар реттегіш сыйымдылықтармен (резервуарлар және мұнаралармен) үздіксіз байланысты болып табылады.
Су құбыры желісі келесі талаптарға сай болуы қажет:
а) судың тиісті мөлшерін қажетті қысыммен оны тұтыну орындарына беруді қамтамасыз ету;
ә) тұтынушыларды сумен қамтамасыз етудің сенімділігі мен үздіксіздігінің жеткілікті дәрежесіне ие болу.
Қойылған талаптарды орындай отырып, желі барынша үнемдірек жобалануы қажет, яғни желінің өзінің және жұмысында онымен тығыз байланысты жүйенің басқа да құрылымдарының құрылысы мен пайдалануына ең аз келтірілген шығындарды қамтамасыз етуге тиіс. Осы талаптардың орындалуына желінің пішін үйлесімі мен құбырлардың материалдарын дұрыс таңдау, сондай-ақ техникалық-экономикалық талаптарды ескеріле отырып, құбырлардың диаметрін дұрыс анықтау арқылы қол жеткізіледі.
Желіні жобалау кезінде шешілетін бірінші мәселе оның салынатын жолын беогілеу, яғни жоспарда оған белгілі бір геометриялық пішінді беру болып табылады.
Су құбыры желісі сызықтарының орналасуы келесілерге байланысты:

  • Сумен қамтамасыз етілетін нысанның жоспарлануы сипатына, орналасуына, тұрғынжайлардың, цехтардың пішіні мен көлеміне егілген жасыл ағаштардың түріне және т.б;

  • Құбырларды салу үшін табиғи және жасанды тосқауылдардың (өзендер, арналар, жыралар, теміржол жолдары және т.б.) болуына ;

  • Мекеннің бедеріне.

Сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде желілердің негізгі екі: тармақталған немесе тұйықталған және айналма түрі пайдаланылады. Соңғысы іргелес тұйық сұлбалар немесе шығармашылықтардың жүйесі болып келеді.
Сумен қамтамасыз ету нысаны аумағының кез келген нүктесіне тиісті мөлшерде су беруді тармақталған желімен де, айналма желімен де іске асыруға болады. Бірақ тұтынушыларға суды үздіксіз беруді қамтамасыз ету мен сенімділігіне қатысты желілердің бұл түрлерінің бағасы бірдей емес. Тармақталған желінің кез келген учаскесіндегі апат пен жөндеу үшін өшіріп тастау су қозғалысының бағыты бойынша тоқтатуға алып келеді. Айналма желіде оның кез келген учаскесінің апаты (және өшірілуі) кезінде суды қатар орналасқан желілер бойынша айналма жолмен беруге болады. Бұл ретте тек өшірілген учаскеге қосылған тұтынушылардың сумен қамтамасыз етілуі бұзылады.
Белгілі шамада желінің айналма түрі су құбыры желілерінде пайда болатын гидравликалық соққылардың әсерін басады.
Сол уақытта айналма желінің жалпы ұзындығы тармақталғанға қарағанда (сол нысан үшін) әрдайым көбірек болады және сондықтан да айналма желіні салу құны жоғары.
Сумен қамтамасыз ету нысандарының – қалалардың да, өнеркәсіптік кәсіпорындардың да – көпшілігі үшін су беру жүйелерінің беріктігіне қойылатын талаптарға сәйкес айналма желілер салынады.
Тармақталған желілерді жекелеген жағдайларда шағын кенттерден су құбырлары мен ауылдық жерлердің су құбырларында (кенттің аумағында өртке қарсы су қоймаларын пайдаланатын) және сумен қамтамасыз етуде үзілістерге жол беретін өндірістік тұтынушылар үшін салуға болады. Бұдан басқа, тармақталған желілер бір-бірінен айтарлықтай қашықтықтарда орналасқан бірқатар нысандарды қамтамасыз ететін ірі аймақтық су құбырларында жиі пайдаланылады. Мұндай жүйелерде сумен қамтамасыз етудің сенімділігі, әдетте, айналма желі тартудан тиімдірек болатын, сыйымдылығы жеткілікті жергілікті резервуарлар салу арқылы қамтамасыз етіледі.
Қалалық су құбырларында үйлер тармақтарына су беру үшін, су құбыры желілерін әрбір өтпежол бойынша және әрбір көше бойынмен дерлік салуға тура келеді, сондықтан, жалпы алғанда, желі, негізінен, қаланың жоспарлануымен анықталатын іргелес тұйықталған сұлбалардың (шығыршықтардың) пішінін қабылдайды. Осыған орай, желінің суды тасымалдауға қатысты барлық бағыттары тең емес. Кез келген айналма желіде нысан аумағының пошымымен, сондай-ақ қоректену нүктелерінің (cу таратқыштары мен суайдауыш мұнаралардың желіге қосылу нүктелері), судың ірі тұтынушыларының орналасу орындарымен анықталатын су қозғалысының негізгі бағыттарын белгілеуге болады.
Су құбыры желісін құрайтын бағыттардың жалпы жиынтығынан әдетте, магистральдық бағыттар деп аталатын жүйе бөлініп шығады, олардың негізгі міндеті қамтамасыз етілетін аумақтың алысырақ аудандарына суды тікелей тасымалдау болып табылады. Магистральдар судың негізгі мөлшерінің қозғалысы бойымен жүретін бағыттардың ішінен таңдалып алынады. Магистральдарды белгілеген кезде қаланың жекелеген аудандарына және жекелеген ірі тұтынушыларға су беру ең қысқа жол арқылы жүретіндей етіп жасау көзделеді.
Негізгі тікелей магистральдар жүйесі негізгі бойлық магистральдардың жүктемелерін тегістеу және жүйе жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету үшін қызмет ететін магистральдық мәні бар бірқатар көлденең біріктіруші жолдармен (жалғастырғыштармен) біріктіріледі. Айналма желінің магистральдық жолдарының бірінде апат орын алған жағдайда су біріктіруші тармақтар бойынша басқа қатар жүретін магистральға түседі. Магистральдық желіге қосылған және одан су алатын басқа жолдар таратушы желіні құрайды. Бұл желінің негізгі міндеті – жекелеген уй тармақтарына суды тікелей жеткізу, сонымен қатар өрт кезінде суды өрт гидранттарына келтіру.
2. Сумен қамтамасыз ету жүйелері қала, өнеркәсіптік кәсіпорын, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары сияқты қандай да бір нысандардың суға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған өзара байланысты құрылыстардың кешені болып табылады.
Елдің жекелеген аймақтарын немесе әртүрлі елді мекендердің топ- тарын және басқа да нысандарды сумен қамсыздандыратын сумен жабдықтау жүйелері аймақтық немесе топтық сумен жабдықтау жүйелері деп аталады.
Жалпы жағдайда, сумен қамтамасыз ету жүйелерінің міндеттеріне суды табиғи көзден алу, оның сапасын тұтынушылардың талаптарына сай жақсарту, оны нысанның аумағына тасымалдау және барлық тиісті іріктеу нүктелеріне жеткізу кіреді. Оның үстіне, іріктеу нүктелерінде су жүргізу желісінің құбырларында тиісті қысымдар қамтамасыз етілуі қажет.
Сумен қамтамасыз ету жүйесінің аталған міндеттеріне сәйкес оның құрамына су жүргізу құрылыстарының келесі түрлері кіреді:
a) берілген нысан үшін таңдалып алынған табиғи көздерден су алуды іске асыратын су тартқыш құрылымдар;
ә) берілген биіктікке судың тиісті көлемдерін беру үшін су жүретін құбырларда қажетті қысым тудыратын сорғы станциялары (су көтеретін құрылыстар);
б) тұтынушының талаптарына сәйкес табиғи судың сапасын жақсартуды (тазартуды) іске асыратын: суды тазартатын және өңдейтін құрылыстар (тазартқыш құрылыстар);
в) суды тұтыну орындары мен нысандарына тасымалдайтын су таратқыштар мен су жүргізетін желілер;
г) реттейтін және жинақтайтын сыйымдылықтар - суды сақтау мен жинақтау үшін әртүрлі типтегі резервуарлар.
Су таратқыштар мен су жүргізетін желілер, сорғы станциялары- мен және реттейтін сыйымдылықтармен қоса, су беру және тарату жүйелерін - жалпы сумен қамтамасыз ету жүйесінің аса жауапты қосалқы жүйелерін құрайды.
Судың бір табиғи көзін пайдаланғанда, қаланың сумен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі құрылыстарының орналасу үлгісі мысал ретінде 4.1-суретте көрсетілген.
Қысымдық реттегіш сыйымдылықты бастапқы немесе соңғы то- рапта немесе ең жоғарғы геодезиялық белгісі бар желінің қандай да бір басқа тораптарының бірінде орналастыруға болады. Таза судың тазартқыш құрылыстары мен резервуары жердің айтарлықтай жоғары белгілерінде орналастырылған кезде, тазартылған су нысандарға өздігінен ағатын су таратқыштар бойынша берілуі мүмкін және ол кезде II реттік сорғы станциясы қажет болмайды. Кейбір жеке жағдайларда тазарту құрылыстарын және солармен байланысты таза сурезервуарын, II реттік сорғы станциясын сумен қамтамасыз етілетін нысанға жақын орналастыру тиімді болып шығады.
Қысымдық реттегіш сыйымдылық (су айдағыш мұнара немесе жердің жоғарғы белгілерінде орналасқан резервуар) жер бедері мен нысанның жоспарға сай орналасуының үйлесіміне байланысты нысан аумағының әртүрлі нүктелерінде орналастырылуы мүмкін.
Суретте қаланы ластанудан берік қорғалған артезиан суларымен қамтамасыз етудің жалпы сызбанұсқасы берілген. Мұнда артезиан ұңғымалары (1) (бұрғылау құдығы) бөлек топтармен орналасқан. реттік сорғылар құдықтардың өздерінің ішіне орналастырылады және суды тікелей желіге бере алады (I топ). Кейде сумен қамтамасыз студің осындай жүйесінде де су ұңғымалардан алдымен реттегіш және су жинақтағыш сыйымдылық ретінде пайдаланылатын жинақтағыш резервуарға (2) беріледі, ал ол жерден (II топ) II реттік станцияның сорғылары желіге (3) айдап шығарады.
Жоғарыда баяндалған ой түйіндері мен сызбанұсқалардың қарас- тырылған нұсқаларының үлкен бөлігін елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың су жүргізетін құбырларына жатқызуға болады. Бірақ өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін ғана қолданылатын сумен қамтамасыз ету жүйелері бар. Оларға, бірінші кезекте, айналымдық сумен қамтамасыз ету жүйелері деп аталатындар жатады. Бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарда су техникалық мақсаттарға пайдаланылғаннан кейін ластанбайды немесе елеусіз ғана ластанып, тек қызады (мысалы, өнеркәсіп агрегаттарын суыту, буды сұйық түрге айналдыру және басқалары үшін пайдаланылатын су). Табиғи су көзінің қуаты жеткіліксіз болған кезде немесе одан судың қажетті мөлшерін алып беру құны жоғары болғанда (мысалы, су көзі қашықта болғанда) кәсіпорынның немесе жеке цехтің төгетін суын сол ны- санда пайдалану үшін салқындату және қайтадан беру қажет немесе экономикалық тұрғыдан тиімді болып шығады. Оның үстіне, айнал- дыру және салқындату барысында болған шығындардың орнын толты- ру үшін қайнар көзден «таза» судың тек белгілі бір мөлшері қосылуы қажет.
Айналыстағы сумен қамтамасыз ету жүйесі сызбанұсқа түрінде сен 4.3-суретте көрсетілген.
Әртүрлі нысандардың сумен қамтамасыз етілу жүйелерінің жұмысына қойылатын негізгі талап - сенімділік пен тиімділіктің жоғары көрсеткіштеріне сай бола отырып, олардың тиісті функцияларды атқаруы. Басқаша айтқанда, су беру жүйесі тек берілетін судың мөлшері мен сапасы бойынша және желілерде құрылатын қысым бойынша нысанның сумен қамтылуының тиісті қызметтерін құралдардың ең төмен шығындарымен орындау ғана емес, сонымен бірге олар- ды пайдалану барысында нақты түрде кемшіліксіз, дұрыс орындау мүмкіндігіне ие болуы қажет. Жүйенің жұмыс істеуі сенімділігінін негізгі көрсеткіштерінің бірі карастырылатын уақыт аралығында оның мүлтіксіз қызметінің ықтималдылығы бола алады. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің «тоқтап қалуы» ретінде нысанның сумен қамтылуы бо- йынша жүйе жұмысы сапасының жөнсіз төмендеуін түсінуге болады.
Су беру жүйесінің сенімділігін арттыру жүйенің жекелеген эле- менттерін құрылымдық сақтау, яғни бір-бірін өзара ауыстыра алатын бірнеше элемент біреуінің орнына параллель қосу немесе «уақытша» сақтау жолымен - судың апатты жағдайларға арналған қорларың камтамасыз ету үшін жүйенің әртүрлі резервуарларын пайдалану аркылы жетуге болады.
Жүйенің үнемділігі, қажетті сенімділікті қамтамасыз етуді кос- қанды, оның жұмыс істеуінің барлық тиісті өлшемдерін қамтамасыз ету шарты сақталып, оның құрылысы мен пайдаланылуына қаражаттың ша ең аз шығындалуымен сипатталады.
Сумен қамтамасыз ету жүйелерінің жекелеген құрылыстарының сенімділігіне қойылатын талаптар және оларды іске асыру жолдары ары қарай әртүрлі жүйелер мен құрылыстарды сипаттау барысында беріледі.
3. Су көзінен тұтынушыларға су тасымалдайтын құбырларды сыртқы су жеткізетін құбырлар деп атайды. Су жеткізетін құбырлардың трассасын тұтынушыларға қысқа бағытпен су беру жағдайын ескеріп таңдайды. Оларды салынған территорияның сыртында және салынған немесе жобаланған автомобил жолдарының жанында жобалайды. Тұтынушыларды үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін су жеткізетін құбырды кемінде екі құбырдан салады. Құбырлардың санын технико- экономикалық есептеулер негізінде таңдайды. Су жеткізетін құбырдың біреуінде авария болған жағдайда, екінші құбыр елді мекендегі тұтынушыларға қажетті су мөлшерінің 70 пайызын және өнеркәсіп орындарының жұмысын авариялық график бойынша қамтамасыз ету керек. Авария кезінде құбырлардың өткізгіш қабілетін қамтамасыз ету үшін біршама қашықтықта оларды өзара құбырмен қосады. Бұл қосатын құбырлар авария болған участоктерді жабуға мүмкіндік береді. Су жеткізетін құбырларды екі құбырдан салған кезде оның құны артады. Сондықтан өте ұзын су жеткізетін құбырларды бір құбыр етіп салады. Бұндай жағдайда үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін құбырдың соңында авариялық қор сақталатын резервуар орнатылады. Аварияны жөндеу уақыты құбырдың диаметріне байланысты норма бойынша 8-ден 24 сағатқа дейін қабылданады.
Елді мекеннің территориясы бойынша суды тарату үшін көшелік су құбыры тораптарын орнатады. Су құбыры тораптарын құру үшін ең алдымен елді мекеннің бас жоспарында су құбыры тораптарының трассасын белгілеп жобалайды. Елді мекенің жобалануына байланысты су тарататын сыртқы су құбырының схемасы тұйықталған, айналмалы (сақиналы) және аралас тораптарға бөлінеді. Тұйықталған схеманы жоспарда бір бағытта созылған қішігірім үзіліспен су беруге рұқсат етілетін елді мекенде қолданады. Себебі су құбырының бір жерінде авария болса, онда келесі тұтынушыларға су берілмейді. Сақиналы тораптар бірнеше сақиналы контурлардан турады. Сақиналы тораптарда құбырлардың параллель жұмыс істеуіне байланысты бір учаскеде авария болса, басқа учаскелерге су беру тоқталмайды. Сақиналы тораптардың тұйықталған тораптарға қарағанда мынадай артықшылығы бар: сенімді және үздіксіз су беруге кепілдеме береді; гидравликалық соққының әсерін азайтады; құбырлардың диаметрлері кішілеу болады; суды айналдыруды қамтамасыз етеді. Сақиналы тораптардың кемшілігіне құбырлардың ұзын болатындығы жатады, бірақ ұздіксіз су береді.Сақиналы тораптарда негізінен магистраль құбырларды белгілейді.
4. Су құбыры желісі құбырлар мен құдықтардан тұрады. Құдықтарда әртүрлі мақсаттағы қажетті фасонды бөліктер мен арматура орнатылады.
Магистраль құбырдың бойлық ұзындығын 800 м дейін, ал көлденең ұзындығын 300 ден 500м дейін қабылдайды. Негізгі магистральдарды максимальды су қабылдайтын түйіндерге және аудандарға қысқа жолмен бағыттаған дұрыс. Магистральды мүмкіндігінше жер бедерінің биіктеу жерімен салу керек. Су құбырларын қызыл сызыққа параллель етіп көшенің бойымен жіргізеді. Су құбырларын ғимараттардың ірге тастарынан 5 м-ден кем емес қашықтықта салады. Су құбырларын жер бетінен мынадай тереңдікте салады
  (4.1)
мұнда Нтоң – жердің тоңазу тереңдігі.
Сыртқы су желілерін орнату үшін әдетте шойын, болат және асбест-цемент құбырлары қолданылады. Су құбыры тораптарының құнын азайту үшін тораптарды металдан басқа мысалы, пластмасса құбырлардан салады. Соңғы жылдары құбырлар басқа материалдардан - полиэтилен, бетон, темірбетон, фанера, шыныдан және т.б. қолданылады.
Су құбыры желілері мынадай арматурамен жабдықталады: а) бекіту және реттеу (ысырмалар мен вентильдер); б) су тарату (су тарату крандары, колонкалар және өрт гидранттары); в) сақтандыру (сақтандыру, кері және редукциялық клапандар, ауа вантуздары).
Арматура, әдетте, құдықтарға орнатылады. Ысырмалар таратушы желілерді магистралдық желілерден ажырату және желіні бес гидранттан аспайтын жекелеген жөндеу учаскелеріне бөлу үшін қолданылады. Құбырлардағы гидравликалық соққылардың алдын алу үшін оларға әдетте ұзақ жабылу кезеңімен бекіту арматурасы орнатылады.
Техно-жұмыс жобалау кезеңінде желіні деталдау бойынша жұмыстарды орындау кезінде сызбаларға желінің тораптары монтаждалатын барлық арматура мен фасонды бөліктер жағылады. Бұл жағдайда, ең алдымен, өрт гидранттары мен клапандарды орнату орындары белгіленеді, содан кейін жеке түйіндерді құрайтын қажетті пішінді бөліктер таңдалады. Желілік арматура орналастырылған ұңғымалардың өлшемдері, демек, желі құрылысының техникалық-экономикалық көрсеткіштері түйіндердің дұрыс құрылысына байланысты.
Су құбыры желісінде темірбетон, кірпіш және бутобетон құдықтары орнатылады. Сирек жағдайларда ағаш құдықтарды орнатуға рұқсат етіледі. Бетон зауыттары шығаратын немесе құрылыс алаңдарында жасалған темірбетон элементтерінен жасалған құдықтар кең таралған.
5. Құбырлардың диаметрін және есептік су мөлшерін өткізу кезіндегі тегеурін шығынын анықтау үшін гидравликалық есептеулер жүргізеді. Тегеурін шығыны су мұнарасының биіктігін және сорғыштың жасайтын
тегеурінін анықтау үшін керек. Су құбыры тораптарын есептегенде агроөндіріс кәсіпорындарына берілетін су мөлшерін шоғырланған су мөлшері деп, ал елді мекенде тұтынатын су мөлшерін магистраль су құбырының бойында біркелкі үлестіріледі деп есептейді. Су құбырының 1 м ұзындығына келетін біркелкі үлестірілген су мөлшерін меншікті су мөлшері деп атайды. Оны мына формуламен анықтайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет