Жасыл ел бағдарламасының өкілі:Шырша-300жыл,қарағай-350ж,балқарағай-850ж,терек-100ж өмір сүреді.
Оқушылардың сұрақтары:Шырша теректен неше есе ұзақ жасайды?Балқарағай қарағайдан қанша жыл артық жасайды?
Монитордан «Барсакелмес» қорығы,аңдары ,өсімдіктері көрсетіледі.
-Суретте қай қорық көрсетілген?
-Енді осы қорыққа байланысты орманшының деректерімен танысайық.
Орманшы:Барсакелмес қорығында 1948жылы қарақұйрықтар саны 2000-ға жуық жетті.1949ж қыстың қатты болуынан 60 бас қана қалды.
Оқушылардың сұрақтары:Қанша бас қарақұйрық қырылды?
-Сендер білесіңдер,біздің жерімізде 40жыл бойы атом бомбасының сыналғандығын,оның әкелген зардаптарын.Соған байланысты көріністерге зер салайық.
Атом жарылыстары ауада,жер бетінде,жер астында сыналған екен.Олай болса экологтың мына деректеріне сүйене отырып,есеп құрастырыңдар.
Эколог:1949-1963ж дейін жер бетінде 160 жарылыс,1963-1988ж арлығында жер астында жылына 18 атом жарылысы болып отырған.
Оқушылардың сұрақтары:1949жылдан 1988 жылға дейін қанша жарылыс болды?
1949-1963 жылмен салыстырғанда 1963-1988 жылда болған жарылыс қанша?
Орманшы:64 млн. га жер жылына эрозияға ұшырайды екен.
Достарыңызбен бөлісу: |