Оқушылардың сұрақтары:10жылда қанша?
4. «Тез есепте» ойыны.Оқушыларға алдын ала есептеуге арналған өлеңдер құрастырып келу берілді.Балалар бір-бірінің өлеңдерін оқып шешеді.
1) Ұшып келді бес торғай,
Ұшып кетті бес торғай.
Қайтып келді екі торғай,
Бұтақта тұр неше торғай?
2)Отыр едік үш адам
Жетіп келді бес адам.
Ренжіп кетті атам да,
Кіріп келді апам да,
Адам санын санашы,
Біліміңді сынашы.
3)Екі ешкіде төрт лақ,
Бір ешкіде екі лақ.
Өліп қалды бір лақ,
Малдың санын өзің тап. Бақтыбекова М.
4)Тал үстінде қос торғай,
Ұшып келді бес торғай.
Осылайша жеті есе,
Қанша болды бұл торғай? Дәлелбекова Жаңагүл
5)Отбасында бес адам,
Кетіп қалды екі адам.
Қонаққа келді жеті адам,
Отбасында неше адам?
6) Бір-бірімен жарысқа
Түсті аңдар барын сап.
Төрт аю,бір арыстан,
Екі қой мен бір түлкі.
Бәрі нешеукім білді? Захариянова А.
7)Бір сыныпта алты қызбыз,
Ұлдардан келді үшеуі.
Қыздардан кетті екеуі.
Қалды сонда нешеуі.
Болды бес алма,
Алма алды екі алма.
Мен де жедім үш алма,
Әжем әкелді бес алма.
Әпкем берді алты алма,
Сонда қалды неше алма. Ермұхамедова Ж.
8)Су құйдым мен астауға,
Бес қаз ұшып келеді.
Бес қаз ұшып кетеді,
Қалды сонда нешеуі?
9)Жайылып жүр алты лақ,
Қосылды кеп жеті ат.
Бөбектерім айтыңдар,
Қанша болды бар тұяқ. Қалкенова Ш.
-Міне,балалар, өздерің көріп отырғандай табиғат осылай құлдырай беретін болса,бүкіл халық көз жұмып қарап отыра бретін болсақ,ертеңгі күніміздің не болатынын ойлаудыңөзі қорқынышты.Бұған қалай жауап берер едіңдер?
Балалар хормен:Ұлан-байтақ дала-туған ұямыз,
Ұямыздан қанаттанар ұланбыз.
Ұранымыз «Туған жерді түлету»,
Ұямыздың қорғаны да мына біз.
5.Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |