Транслитерация, транскрипция Транслитерацияда аударылатын тіл құралдарымен бастапқы тіл сөзінің графикалық формасы, ал транскрипцияда оның дыбыстық формасы беріледі. Бұл тәсілдер шет тілдік жалқы есімдерді, географиялық атауларды, әртүрлі компаниялар, фирмалар, пароходтар, газет, журналдар және т.б. атауларын бергенде қолданылады. Қазіргі кезде көркем әдебиетті аударғанда транслитерация мен транскрипция тәсілі бұрынғыға қарағанда анағұрлым сирек қолданылады. Оның негізі бар – шетел лексикалық бірлігінің оқырманға мұндай сөздерді түсіндірмейінше түсініксіз болып қалады.
Толық транслитерация: (орыс тілінен қазақ тіліне) король – король, вассал – вассал, камердинер – камердинер; (ағылшын тілінен орыс тіліне) boss – босс, (неміс тілінен қазақ тіліне) Herzog герцог, Kanzler – канцлер, Skat – скат, Oktoberfest – октоберфест.
Аудару тілінің сөз жасау және морфология ережелеріне сәйкес, шет түбірінің жұрнақтары немесе жалғаулары арқылы транслитерация жасалады: Nazi – нацист, Gestapomann – гестапашы, Marke – марка, Kegeln – кегли, Uniform – униформа т.с.с.
Реалияларды аудару кезінде транслитерация өте шектеулі қолданылады. Ол туралы негізінен қоғамдық-саяси ұғымдарды немесе жалқы есімдерді аударғанда ғана айтуға болады. Кейбір кездерде транслитерация және транскрипция тәсілдерінің ұқсастығына байланысты оларды ажырату қиыншылық тудырады.
Транскрипция – бұл аударма мәтінге аудару тілінің графикалық амалдары арқылы енетін реалия сөздер. Ол фонетика жағынан максималды түрде түпнұсқада берілген фонетикаға жақын болады: Würstchen – вюрстхен, Ländler – лендлер, Fähnrich – фенрих, Wehrmacht – вермахт т.с.с.
Транскрипция көбінесе кең таралған публицистикада және көркем шығармаларда мәтіннің сипаттамасына қарай қолданылады. Автордың сөзінде және толық сипаттаумен берілген мәтінде транскрипция ең жақсы шешім болып табылады. Өйткені сондай мәтіндерде реалия сөздерді кеңірек ашу мүмкіндігі туады.
Көбінесе транскрипция таныс реалия сөздер үшін: интернационалдық, аймақтық, өз реалиялары үшін қолданылады. Бірақ та, басқа тілде сәйкестігі бар реалия сөздер кейбір кездерде дәстүрлі түрде транскрипциямен беріледі (мысалы: «станица» неміс тіліне «Staniza» ретінде аударылады).
Транскрипцияның аудару тәсілі ретінде негізгі құндылықтардың бірі максималды түрдегі ықшамдық. Осыған қарамастан басқа бір аудару тәсілі сияқты транскрипцияны байқап қолдану қажет. Кейде ұлттық нақышты жеткізгенде реалияның мағынасы екінші орынға жылжиды да, аударманың коммуникативті мәселесі жүзеге асырылмай қалады.
Транскрипцияланған сөздердің көп болуы мәтіннің реалиямен асып толуына әкеледі. Ал ол оқырманды түпнұсқамен жақындатпай, керісінше қашықтатады.
Кейбір кездерде транскрипцияны басқа талдау амалдармен бірге қарыстыру қажет. Әсіресе, бұл «аудармашының құрмалас достарына» (реалия сөздерге) байланысты. Мысалы, неміс сөзін «Pfund» (500 гр.) қазақ тіліне «фунт» (409,5 гр.) сөзімен аударғанда, сілтемеде осы айырмашылықты жазып белгілеу керек.
Транскрипция туралы айтқанда, тіл аралық омонимияны да ұмытпау қажет. Омонимия – бұл фонетика жағынан реалия сөздердің аудармасына жақын сөздер.
Транскрипция және транслитерация формальді, аудармалық қателерді болғызбайтын реалия сөздерді аудару амалдары. Алайда, осы амалдарды қолданған кезде аударма мәтініне жаңа сөздер енгізіледі де, оқырман үшін ол белгісіз және белгілі бір денотатпен ара қатынасын белгілемейді немесе зат әлде құбылыс туралы шамалаған түсінік береді. Ал егер де мәтін мазмұны реалияның мәнін ашпаса, онда аударма үшін қосымша амал ретінде сілтемені қолдану қажет. Сондықтан осы тәсілдерді қолданған кезде фондық мәліметке ие болу қажет.