Реалия сөздердің орынға және уақытқа байланысы Тарихи реалиялар өзінің тарихи көзінен өте сирек қол үзеді. Ондай жағдай, мысалы, реалия өте көне заманға қатысы бар болса ғана болуы мүмкін. Мысалы: тога, амфора, губерния, дума, дьяк және т.б.Көптеген сондай реалиялар уақыт өтуімен басқа мағынасына ие болып, фразеологияға ауысады.
Реалияның орынға және уақытқа байланысты мағынасының өзгеруі өте маңызды ерекшелік. Осы ерекшелікті білмеу аудармашының ақиқаттылықты қабылдауын бұрмалап, аяғында сипатталатын шындық оқырмандардың көздерінде де бұрмаланады.