Заттық топтау
Бұл топқа белгілі бір халықтың өмірінің тұрмыстық жақтары кіреді. Бұл топқа келесі реалия сөздер жатады:
а) географиялық реалия сөздер (топонимдер): дала, тундра, каньон, фиорд; die Hallig pl., Halligen – Солтүстік теңізіндегі тіршілік етілетін аралдардың тобы; das Watt – мұхиттан келетін тасуымен басалынатын, Солтүстік теңізіндегі таяздық, жағалау сызығы; der Warf, die Wurfte – халлигахтан жасалынған үйлер тұратын төбешіктер;
ә) болмыс реалия сөздер: тамақ: квас, щи, галушки, бауырсақ, қымыз, көже, бифстроган; der Hackepeter – татымдылықтар қосылған, бөліктерге кесілінген, шикі түрінде желінетін ет; der Eintopf – бірінші немесе екінші тағам ретінде қолданылатын, көкөністерден, еттен жасалынған қою сорпа; der Heurige – биылғы жылғы жаңа шарап; die Wettwurst – майлы емес еттен жасалынған сүрленген шұжық; die Praline – ішіне бірдеме салынған шоколадты кәмпит; der Pumpernickel – тұрпайы тыртылған қара бидайдың ұнынан жасалынған, тәтті дәмі бар, қыртысы жоқ қара бидай наны; das Pökelrippchen – тұзды сүрленілген кішкентай қабырғалар; die Stelze - шошқаның сан еті;
б) киім: кимоно, пима, сәукеле, мәсі; der Kittel – китель; der Schillerkragen – ақ үлкен ашық жаға; die Uniform – униформа; der Tirolhut – қауырсыны бар тирольдік қалпақ; der Knickerbocker – шалбар – гольф;
в) ақша, өлшем бірліктері: ақша: рубль, доллар, марка, теңге; der Groschen – ескі неміс күмістен жасалынған тиын; der Kreuzer – ұсақ тиын, айналымда ХІХ ғасырдың соңына дейін қолданылды; der Gulden – алтын, содан кейін күміс Герман тиыны; der Taler – ескі неміс алтын және күміс тиыны; die Mark – 100 пфенингке тең. Ұзындық және аудан өлшейтін бірліктер: метр, километр, сажын, шақырым; die Lachter – шамамен 2 метрге тең; der Morgen – жер өлшемі, 0,25 – 1,22 гектарға тең; das Joch – ескі аудан өлшейтін өлшем бірлігі, 0,25 – 0,58 гектарға тең; der Zoll – 1/12 футқа тең. Көлем өлшемі: das Ahm – сұйықты өлшейтін ескі өлшем бірлігі, 130 – 160 литрге тең; der Eimer – сұйықты өлшейтін ескі өлшем бірлігі, 29,0 – 68,7 литрге тең; das Fass – сұйықтың көлемін өлшейтін ескі өлшем бірлігі – Баварияда (сыра) 17,1 литрге, Лейпцигте (сыра) 3,6 литрге, Австрияда (шарап) 5,8 литрге тең; der Schoppen – шараптың, сыраның 0,5 литріне тең. Сусымалы өнімнің өлшем бірліктері: das Maß – ескі өлшем бірлігі (кейбір кездерде сұйық заттардың да) 0,33 – 1,98 литрге және жарты сапты аяққа тең; der Scheffel – дәннің ескі өлшем бірлігі, әр түрлі аймақтарда 23 – 233 литрге тең; das Lot – салмақтың ескі өлшем бірлігі, 12,79 – 17,5 грамға тең; die Mandel – ескі өлшем бірлігі, 15 данаға тең; das Schock – 4 мандельге тең, яғни, 32 данаға; das Pfund – 500 грамға тең; der Zentner – 50 килограмға тең; der Doppelzentner – 100 килограмға тең;
г) сәулет реалиялары: das Fachwerk, das Fachwerkhaus, der Fachwerkbau – құрылыс элементтердің жүйесінен тұратын, саз балшықпен, кірпішпен, таспен толтырылған орта ғасырлық архетиктурадағы көп қабатты үйдің негізгі қаңқасы; der Giebel – тар, жоғары қарай өте қатты ұшталған фронтон; das Giebelhaus – қатты ұшталған үйдің төбесі; der Dachreiter – атша төбесінде орналасқан мұнара; das Reichenhaus – секциялардан тұратын, өз кіру есігі және нөмірі бар үй;
ғ) лауазымдар, дәрежелер: царь, король, шах, хан, би; der Herzog – ежелгі Герман халықтарда тайпаның бастығы, орта ғасырларда – үлкен феодал, орта ғасырлардың соңынан бастап – ақ сүйектердің жоғары атақтарының бірі; der Keiser – Герман императоры; der Junker – ақ сүйектерден шыққан көп жері бар үлкен диқан; der Geheimrat – жасырынды кеңесші; der Justizrat – заң кеңесшісі;
д) партиялар, саяси-қоғамдық қозғалыстар: коммунистік партия, тори, виги, демократиялық партия; die Sozialdemokratische Partei – саяси-демократиялық партия; die Christisch-Demokratische Union – христиан-демократиялық Одақ;
е) әскери реалиялар: орда, жүздік, Қызыл Армия; die Reichswehr – Герман қарулы күштердің аты (1919 – 1935 жылдары); die Bundeswehr – Германияның қарулы күштері; die Wehrmacht – фашистік Германияның қарулы күштері;
ж) әкімшілік-аумақтық бірліктер: губерния, облыс, штат; die Gemeinde – астыңғы әкімшілік-аумақтық бірлік, қауым; das Land - жер; der Bezirk – округ; die Marktgenosschaft – ауылдық қауым;
з) фольклор реалиялары, ойыншықтар, ойындар, билер, жанрлар, мәдени және мәдени-тарихи реалия сөздер: Соловей-Разбойник, серый волк, Ванька-встанька, Мальчик-спальчик, Алдаркөсе, матрешка, асық, қыз қуу, барыня, батырлар жыры; der Troll – гном, герман мифологиясында тау рух; der Hampelmann – қолдары, аяқтары жіп арқылы қозғалатын адам тәрізді ойыншық; der Gartenzwerg – бақшаны әдемілейтін боялған гном фигурасы; die Schultüte – бірінші сыныпқа бара жатқан балаларға бірінші оқу күні ата-аналары беретін, тәтті кәмпиттер салынған конус тәрізді түрлі түсті қағаз қапшығы; die Lorelei – неміс халық аңыздарындағы су перісі; das Nibelungenlied – Нибелунгтер туралы хикая.
Достарыңызбен бөлісу: |