1.3 Реалия сөздер мәдени белгілер ретінде және оларды аудару мәселелері
Аударма теориясы және практикасы саласында жұмыс істеген
С. И. Влахов және С. П. Флориндердің пікірінше, реалия сөздердің аудармасы екі рет шартты: қағида бойынша реалия сөздер аударылмайды (сөздік тәртіп бойынша) және қағида бойынша ол аудару тәсілімен(контекстте) жеткізіледі [28, б. 26].
И. Левый реалия сөздерді «аудармашының азабы» деп атаған. Осыған қарамастан А. В. Федоров «басқа тілге аударылмайтын сөз жоқ, яғни, берілген тілдің көп таралған сөз тіркестерімен сипатталмайтыны жоқ» деген пікір айтады [19, б. 198].
Аудару кезінде реалия сөздерді жеткізуде негізгі екі қиыншылық кездесетіні туралы айта кету қажет: аудару тілінде сәйкес сөздің (эквиваленттің) болмауы, бұл осы тілде сөйлейтін адамдарда осы реалиямен белгіленген объектінің болмауына байланысты; реалияның заттық мағынасын (семантикасын) жеткізгенде оның нақышын (коннотациясын), ұлттық-тарихи ерекшелігін де жеткізу қажет [19, б. 87].
Көп уақыт бойы реалия сөздерді аудару кезінде ұлттық және тарихи өзгешелігін жеткізу маңызды мәселелердің бірі болып келді.
Кейбір лингвист ғалымдар өз ғылыми зерттеулерінде «реалия» терминін емес, «эквивалентсіз лексика» терминін қолдайды. Алайда «реалия» ұғымын «термин» ұғымынан бөліп қарастыру керек. Реалия сөздер көркем әдебиетте өте жиі кездеседі. Олар белгілі бір халықтың мәдениетімен байланысты. Осы халықтың тілі үшін жалпы қолданбалы, ал басқа тілдер үшін жат. Қандай да болса ұлттық бояусыз, ғылым саласына жататын терминдер жасанды түрде пайда болады. Олар тек қана затты не құбылысты атау үшін қолданылады. Енді «реалия» терминінің әр алуан анықтамаларын қарастырайық:
1) реалия – бұл ұғым, практикалық түрде басқа тілде сөйлейтін адамдардың өмірінде болмайтын ұғым;
2) сыртқы лингвистикамен және аударматанумен зерттелінетін әр түрлі факторлар және олардың тілде бейнеленуі, сондай-ақ берілген елдің мемлекеттік құрылымы, халықтың тарихы, мәдениеті, тілі, берілген тіл меңгерушілерінің байланыстары және т.б.;
3) сөздің номинативті мәні үшін негіз болып табылатын материалдық мәдениеттің заттары;
4) өмірдің және тұрмыстың ұлттық ерекшеліктерін белгілейтін сөздер [29, б. 2].
Аудармашылармен, аударма теоретиктерімен және лингвисттермен қолданылып жатқан терминологияда айқындық болмағандықтан, аударматанудағы реалия және әдебиет тану ғылымындағы, лингвистикадағы реалия арасындағы шекаралар өте тұрақсыз.
«Реалия» сөзі – латын (realis, -e, көпше түрі realia- «зат, нәрсе») сын есімінің көпше түрінен шыққан. Сәйкес лексикалық категориялар ықпалының әсерінен (орыс және болгар тілдерінде) зат есімге айналды. Онымен (негізінен филология мәтіндерінде) материалды түрде болып тұрған немесе болған, көптеген жағдайларда мағынасы жағынан «өмір» ұғымымен затты, нәрсені байланыстырады; мысалы, «европалық (қоғамдық) өмірдің реалиялары». Сөздік анықтамаларына сәйкес – бұл «материалдық мәдениеттің кез келген заты», «классикалық грамматикада бұл осы тілде бейнелеу көзқарас тарапынан осы елдегі мемлекеттік құрылым, осы халықтың тарихы, мәдениеті, осы ана тілін білетін адамдардың қатынастары және т.б. әр түрлі факторлар», «сөздің атаулы мағынасы үшін негіз болған материалды мәдениеттің заттары» [28, б. 283].
А. В. Федоров реалияны түпнұсқаның сөзі ретінде анықтайды. «Ол тек қана аймақтық құбылысты білдіретін, басқа халықтың тұрмысында және түсінігінде болмайтын нәрсе» [19, б. 283].
Реалия – зат, елтану ғылымының шекараларында да кең мағынаны білдіреді. Кейбір кездерде ол тілдік емес ақиқаттылықтың ралия-сөз шекараларына сыймайды; реалия – берілген тілдің лексикасының элементі ретінде бір белгіні білдіреді. Осы мәселені нақтылау үшін В. Д. Андреев, В. Г. Гак, Б. И. Репин осы ұғымды дәлдеуге тырысады. Сонда «реалия» терминімен бірге «реалия-сөз» терминін қолданады.
Реалия сөздерге эквивалентсіз лексиканы да жатқызуға болады. Эквивалентсіз лексика:
1) Басқа тілдің лексикалық бірліктері арасында толық немесе жартылай эквиваленттері жоқ лексикалық бірліктер (сөздер және тұрақты тіркестер). Өте жиі эквивалентсіз лексикаға: реалия сөздер, уақытша эквиваленті жоқ терминдер, кездейсоқ эквивалентсіз сөздер жатқызылады.
2) Аймақтық құбылыстарды және ұғымдарды білдіретін берілген мәтіннің реалия сөздері, аударма тілінде сәйкестілігі жоқ сөздер.
«Реалия» ретінде, қателікпен қолданылатын тағы бір ұғым - «лакуна». Номинативті бірліктердің номинативті-мәдени ерекшелігі тек қана эквивалентсіз лексика ретінде байқалмайды. Сонымен қатар, осы тілде басқа тілдегі сөздердің, ұғымдардың болмауы. Яғни, лакуналар – тілдің семантикалық картасындағы ақ дақтар [30, б. 283; 31].
Жоғарыда айтылған барлық анықтамалар аудару практикасына жатады да, аударма тілінде басқа тілде реалия болатын сөздерге тұрақты элементтердің болмау фактісін белгілейді. Алайда, мәдени, ғылыми-техникалық, саяси дамудың қарқынына байланысты белгілі бір кезеңде осы реалия сөздер және оларды белгілейтін сөздер аударма тілінде болмауы мүмкін.
Ал басқа жағынан, реалия белгілі бір тарихи кезеңмен шектеулі болуы мүмкін. Сонда, реалия сөздер тілде толықтауыш қызметін атқарады. Олар тек қана ерекше заттарды, құбылыстарды білдірмей, сонымен қатар олар белгілі бір тарихи кезеңімен ара қатынасын белгілейді. Мысалы: das Femegericht (жасырынды соттау XIV – XV ғасырлар).
Ал тілдік формасы жағынан, негізінен, реалия сөздер зат есімдер (неміс тілінде өте жиі құрмалас зат есімдер), кейбір кездерде сөз тіркестері, аббревиатуралар, сын есімдер, етістіктер және зат есімдердің - реалия сөздердің туындылары.
Реалия сөздер сипаттайтын факторларына сәйкес келесі топтарға бөлінеді:
1) заттық (географиялық, тұрмыс, киім, ақша, өлшеу бірлігі, сәулеттік, атақ және лауазым, партиялар, саяси-әлеуметтік қозғалыстар, әскери, әкімшілік-территориялық бірліктер, фольклор, ойыншықтар, ойындар, билер, жанрлар, мәдени реалия сөздер);
2) жергілікті (ұлтқа және тілге байланысты);
3) уақыттық (осы заманғы және көне реалия сөздер);
4) аудармашылық.
Енді әрбір топқа жеке-жеке тоқталайық:
Достарыңызбен бөлісу: |