Жаңа сөздің /сөз тіркесінің пайда болуы Неологизмнің енгізілуі – реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін (транскрипциядан кейін) қолданылатын тәсілдердің бірі. Алайда жаңа сөздің (сөз тіркесінің) пайда болуы кейде түпнұсқадағы ұлттық бояуы қалың сөздерді аударма тілге жеткізудің өнімді тәсілі емес. Дегенмен де кей реалия сөздердің баламасын жасауға тура келеді. Мысалы: самолет – ұшақ, вертолет – тік ұшақ, пенсионер – зейнеткер т.с.с. Осындай жаңа сөздер калькалар және жартылай калькалар болуы мүмкін.
Калька – бұл бір сөздің немесе сөз тіркесінің бөліктерінің морфемаларын аударма тіліндегі олардың эквиваленттерімен ауыстыру арқылы шетел реалия сөздерін беру. Бұл тәсілдің де жоғарыда айтылып кеткендей кемшілігі бар. Мысалы: Museeninsel – Мұражайлар аралы, Sandmännchen – құм адам. Көптеген жағдайларда калькаларды түсіндіру қажет. Мысалы: Sandmännchen – құм адам мағынасын ашпайды. Сондықтан «құм адам» - бұл ертегідегі кейіпкер. Ол балалардың көздеріне құм шашады да, балалар ұйықтап қалады.
Жартылай калька – бұл ауысып алынған сөздер және сөйлемшелер. Олар жартылай бастапқы тілінен, жартылай аударма тілінің элементтерін алады. Мысалы, сондай қазақ тіліндегі жартылай калька неміс тілінің реалиясы «үшінші рейх» - «Das Dritte Reich» сөйлемшеге аналог болып тұр.
Меңгеру – бастапқы тіліндегі бар материал негізінде аудару тілі үшін сөзге ана тіліндегі сөздің кейіпін беру.
Семантикалық неологизмдер деп біз жеткізіліп жатқан реалияның мазмұнын, мағынасын түсінуге мүмкіндік беретін жаңа сөздердің немесе сөйлемшелердің жасалуын айтамыз. Алайда, реалия сөздерді неологизмдермен аудару тәсілі өте сирек қолданылатынын айта кетуіміз керек. Себебі, тіл иесі – халық.
Ұқсас аударма Осы аударма тәсілі өте жиі қолданылады. Мысалы, көп таралған тәсіл функционалды эквивалентті таңдау. Бұл тәсіл бойынша аударма оқырманда түпнұсқа оқырманыңда туатын ассоциацияларыға сәйкес ассоциациялар туғызады.