-из (іс-әрекетті білдіруші жұрнақ),
-атор (іс-әрекетті атқарушы);
жекешелендіруші – жекеше (дербес, бөлек, өз алдына),
-лен (пассивация),
-дір (каузация),
-у (іс-әрекет),
-ші (іс-әрекетті
атқарушы). Семантика және құрылымы тұрғысынан бұл терминге
негізінен қазақ тілінің
жекеменшік –
жекеменшіктеуші сөздері
лайық болып келеді. Бірақ
жекешелендіруші сөзі кеңінен таралып,
тіл фактісіне айналды. Яғни узуалдану процесінің барысында кез
келген окказионалды атау узуалдыға айналуы мүмкін.
Ал жалпы узуалдану процесі дегеніміз – бір атаудың бірнеше
варианттарының ішінен біреуінің іріктеліп, сол ұғымның
болашақта атауы болатын варианттың таңдалып алынуы.
Мысалы, кезінде
медсестра терминінің сөйлеу тілінде
қолданылған мынадай бірнеше варианттары болған:
мейірбике («Ана тілі» газеті),
медбике, емші бибі (Ө.Айтбайұлы),
медбибі (Т. Жанұзақов, Ө. Айтбайұлы),
шипагер ,
аяжан, емшібике, медайым («Ана тілі» газеті),
медицина бикесі («Алматы ақшамы»
газеті). Осы варианттар арасынан бекітілгені
медбибі нұсқасы.
Бұл ретте, біздің ойымызша, аталған терминнің узуалдануына
мынадай факторлар себеп болды: 1) атаудың қолданылу жиілігі;
2) варианттардың басқа атаулардың орнына қолданылуы (
врач – шипагер ), (
сестра милосердия – мейірбике ) («Ана тілі» газеті); 3)
аталған вариантты қолданған авторлардың маман ретіндегі беделі
(Т.Жанұзақов, Ө.Айтбайұлы).
195
Сонымен, ғылыми мәтіндерде, ресми құжаттарда вариантты
терминдердің
мүмкіндігінше
Мемлекеттік
терминология
комиссиясы тарапынан бекітілген немесе ресми, ғылыми тілде
стандартталған, сондай-ақ жазба тілде қолдану жиілігі жоғары
(нормаға айнала бастаған) тұлғасы пайдаланылуы тиіс.