мұрағатшы, кітапханашы,
тасымалдаушы, түзетуші, сарапшы, дайындаушы
және т.б.;
Тілдік аталым
Лексикалық аталым
Терминологиялық
аталым
191
2) мутациялық терминологиялық аталым (стандартты,
тұрақты үлгілер арқылы жасалған терминдер):
сауыншы, зергер,
емші, қазаншы, малшы, күмісші
және т.б.;
3) жасанды терминологиялық аталым (тілдік нормаға сәйкес
жасалған, бірақ алғашқы кезеңде термин жасандылығы белгілі
болып тұрады. Ескере кететін жайт, бұл терминологиялық
аталымның лексикалық түрінен айырмашылығы ешбір экспрессия
болмайды. Себебі лексикалық аталымда бұл түрге жатқызылатын
атаулар негізінен белгілі бір экспрессия тудыру үшін жасалады):
аспансерік, асқарпаз, әуежайшы, төлқұжатшы, планшетші
және
т.б.
Лексикадағы патологиялық аталым түрі тек жалпы
қолданыстағы сөздер қатарында ғана кездесіп, терминологиялық
аталым талаптарына сай келмейді.
Терминологиялық аталым оны тіл білімінің жеке, дербес
саласы ретінде анықтайтын бірнеше төмендегідей мәселелермен
байланысты болып келеді:
1. термин шығармашылығы;
2. терминологиялық мағынаның арнаулы бағытта дамуы;
3. жүйелілік;
4. реттілік;
5. бірізділік;
6. белгілі бір жүйеде және оған сәйкес терминологиялық өрісте
ұйымдастырылып реттелуі;
7. термин экстенциясы мен интенциясы және т.б.
1. Тілдің терминологиялық аталым тәсілдер жүйесінің
сипатын айқындау үшін алғашқы терминологиялық және екінші
терминологиялық аталымдардың ара жігін ажырату мәселесі
маңызды. Бұл мәселенің шешімі тіл білімінің семасиологиялық
және ономасиологиялық бағыттарына сәйкес тілдік бірліктерді
талдау ерекшелігіне алып келеді. Мәселен, грамматика саласының
маманы Б.С.Қапалбеков қазақ грамматикасының тұлғалық және
жұмсалымдық бағытының ерекшелігін зерттеуде осы екі аспектіге
ерекше мән береді: «Тұлғалық грамматика тіл жүйесінің «құралдық
көрсеткіштен мағынаға» қарайғы бағытта зерттесе, жұмсалымдық
грамматика «мағынадан құралдық көрсеткішке» қарайғы бағытта
қарастырады. …семасиологиялық және ономасиологиялық
192
зерттеулер бастау нүктесінің «тұлғадан» және «мағынадан»
бастап сипатталуына байланысты алынып отыр. Ал негізінде
ономасиологиялық грамматиканың өзі құрылымдық жағынан да
жұмсалымдық жағынан да қарастырыла береді» [сөз мағынасының
шектелуі: биржалық макле
р, бас мердігер, ресми өкіл
, яғни
маклер,
мердігер, өкіл
сөздерінің интенциясы арта түседі;
2. сөз мағынасының кеңеюі: өріс → семантикалық өріс →
терминологиялық өріс → мал өрісі, яғни
өріс
ұғымының көлемі
кеңейіп, оның экстенциясы ұлғаяды;
3. бір сөз мағынасына басқа сөз мағынасы элементтерінің
қосылуы:
тұсаукесер – «презентация»
–
баланың тұсаукесері
;
4. екі сөз мағынасының бірігуі:
пікірсайыс, шаңсорғыш,
іссапар
және т.б.
Мағынаның кеңеюі ғылыми және техникалық терминологияны
толықтыратын ең бір өнімді тәсілдердің бірі болып саналады.
Мысалы,
делдал – посредник, брокер, маклер, дилер
. Сол сияқты
сөз мағынасының тарылуы да терминологиялық аталымның тиімді
тәсілдерінің бірі. Мәселен, түрлі терминологиялық жүйелердегі
түрлі мағыналар білдіретін терминдердің қолданылуы:
оператор
– құрылыс, байланыс, кино
және т.б.;
аппаратшы – байланыс,
мемлекеттік аппарат
т.б. Мағынаның тарылуы түрлік тар белгінің
орнына кең, жалпы тектік белгінің қолданылуы тіл жүйесінде жиі
қолданылатын тәсіл.
Семантикалық жылжыту (сдвиг) құбылысы, әдетте гетеро-
жүйелік (диалектаралық) немесе диахронды (бір тіл тарихында)
қарама-қайшылық ретінде қарастырылады. Мысалы,
жабдық
– «қару-жарақ» – «құрал-сайман»; жент – «кітаптың қатты
мұқабасы» - «тары жармасына май мен бал қосып жасалған
тәтті тағам; қоспа»
және т.б.
Метафора арқылы шығу тегі мен қолданылуы жағынан
мүлдем басқа екі заттар бір белгісі негізінде жақындастырылып,
әдетте сыртқы бейнелерінің бір ұқсастығы негізінде ауыспалы
мән жасалады. Мәселен: «Ұғымдардың сыртқы пішіндерінің
ұқсастығына қарай сөздің метафоралану жолымен терминденуімен
келесі мысалдан көреміз:
сырға
– асыл тастардан жасалған, сән
үшін әйелдердің құлағына тағатын затты айтса; биологияда
сырға
термині – «кейбір құстардың алқымындағы екінші жыныстық
белгісі болып табылатын салпыншақ теріні» білдіреді
[84, 123-б.].
193
Мұнда әшекейлі бұйым мен құстың салпыншақ терісінің
арасында ешқандай қызмет ұқсастығы жоқ. Сөздің алғашқы мағы-
насының метафоралануына екі ұғымның сыртқы формаларының
ұқсастығы негіз болған дей келе, мынадай қорытынды жасайды:
«Деректі ұғымдардың атауы болатын сөздердің метафоралану
тәсілі арқылы терминденуінің себебі – дерексіз ұғымдарға
қарағанда, оларды көзбен көріп, қолмен ұстап, өзара салыстыру
мүмкіндігінің молдығынан болса керек» [84, 156-157-бб.].
1. Семантикалық өзгерістердің метафораға негізделген түрлері
сөздердің парадигма аралық байланыстарынан туындап, бір
сөздің орнына басқа лексика-семантикалық парадигма сөзінің
қолданылуымен сипатталады. Бірақ бұл екі сөзді бір семантикалық
элемент, дифференциалды сема жақындастырады. Мысалы,
тығырық – «ілгері жүруі, өтуі қиын айналма, тұйық жер»
®жаңадан жасалған арнаулы атаулардың ішінен қажетті, ұтымды
терминдерді іріктеп алу;
2. оларға дәл белгіленген анықтама беріп тіркеу;
3. терминнің бірмағыналылығы ескеріліп, қажетсіз синоним-
дерден шектеу. Осындай терминдер арқылы салалық терминология
жүйелері нығайып, бұл саладағы бүкіл өзгерістерге үнемі
бейімдеуге мүмкіндік береді.
Сөздер өзінен-өзі жасалып, бірден тілдік қолданысқа ене
салатын бірлік емес. Сөздер оған нақты қажеттілік туындаған
жағдайда ғана жасалады. Мәселен, жалпы лексикада сөздер,
әдетте, белгілі сөйлеу жағдаятына байланысты жасалып, оған
түрлі ассоциациялар негіз болса, ал арнаулы салада атау беруші
сол затты ойлап тапқан адам немесе оған жақын шағын бір топ
адамдар болуы мүмкін. Жалпы тілдік аталымның терминологиялық
аталымнан айырмашылығы жалпы лексикалық аталымның сөйлеу
барысында пайда болған атаулар қоғамдық тәжірибе тұрғысынан
іріктеліп, олардың кейбіреулері ғана тілдік нормаға еніп,
қолданысқа түседі. Ал, арнаулы лексикада, керісінше, бастапқыда
ұсынылған атаулардың барлығы қабылданып, сол сала ішінде
қалыптасып, тең дәрежеде пайдаланылуы мүмкін.
Сондықтан да аударма терминдер қатарындағы варианттылық,
жарыспалылық құбылысы заңды құбылыс болып табылады.
Мәселен, ең алғашқыда төмендегідей терминдердің мынадай
варианттары тең дәрежеде қолданылған:
194
Снегурочка – ақшақар, қарханшайым, қаршақыз;
Коляска – бесікарба, қолкүйме, күймебесік;
Личный счет – бетесеп, жеке есеп;
Экстрасенс – болжамгер, емгер;
Консолидация нации – ел болып ұю, ұлт болып ұю;
Патриот – елжанды, ұлтжанды, отансүйгіш;
Боеголовка – құстұмсық, ақтұмсық, оқбасы;
Опекун – қорғаншы, қамқоршы;
Тратуар – аяқжол, жиекжол, жаяусоқпақ
және т.б.
Қазіргі қазақ тілінде
приватизатор
терминінің аудармасы
ретінде
жекешелендіруші
сөзі қалыптасқан. Егер аударма сөздің
құрылымы мен смеантикасына назар аударатын болсақ, онда бұл
сөзді қабылдауды, ұғынуды қиындататын элементтерді байқауға
болады:
Приватизатор
– приват (лат. privat – жекеменшік),
Достарыңызбен бөлісу: |