АХС 540 стандартына сәйкес «әділ құнның бухгалтерлік бағалауын, олардың ашылуына сәйкес бухгалтерлік бағалаудың аудиті», нарық экономикасындағы іскерлік операциялардың қортындысының белгіздігіне сәйкес қаржылық есептіліктің кейбір баптарының нақты мәнін анықтау мүмкіндігінің болмауынан туындайды.
Есептелінген бағалаулар аудитінің мақсаты, ұйым бухгалтериясы тарапынан олардың өз бетінше анықтаған саясаты мен бағыты негізінде есептелініп анықталған көрсеткіштерінің бағалануының қаржылық есеп пен есептілікте әдістемелік, анықталу және ашылып ұсынылу тарапынан дұрыстығына пікір білдіру.
Аудиттің алдына қойылатын талаптар тобына:
Есептелінген бағалаулар құрамы, құрамдас бөліктеріне енетін элементтердің дұрыс анықталуын тексеріп олардың арасындағы себеп – салдарлық байланысты анықтау және құрылымдық негіздерінің есеп саясаты мен халықаралық қаржылық стандарттарының талаптарына сәйкестігін тексеру.
Есептелінген бағаланулардың бухгалтерлік есепте және қаржылық есептілікте көрсетілуін анықтау;
Есептелінген бағалануларды нақты анықтау тәсілдері толығынан анықталмағандығын ескере отырып, аудит жүргізу уақытына сәйкес осы көрсеткіштердің дұрыс бағалану мүмкіндікерін анықтау арқылы аудиттің пікірін қалыптастыру.
ХАС келтірілген түсініктемеге сәйкес әрекеттердің өздері:
Есептелінген бағалаулар ақпараттық есеп жүйеісінін бір бөлігі ретінде тек жыл соңында ғана есептелініп, реттелініп отырылады.
Келтірілген бағыттарды таңдау ұйымның есеп саясатында келтіріледі. Аудиторлық дәлелдеулер алу барысында аудитке қойылатын талаптар құрамында есептелген бағалаулардың дұрыстығын анықтау болып табылады.