Бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып табылатын қоршаған ортаның бүлінуі, жасөспірімдер денсаулығының кемшіліктері оқытушының дене шынықтыру сабақтары үдерісін ұйымдастыруына әсер етеді. Осыған байланысты оқу орындарында арнайы медициналық топтар ашылып, денсаулығы төмен оқушылармен жүктемелері жеңілдетілген сабақтар өткізіледі.
Дене шынықтырудың білім беру саласындағы мақсаты денсаулықты нығайту, білімді, өмірлік маңызды қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиенің міндеттеріне сәйкес жеке тұлғаны үйлесімді дамытумен ерекшеленеді. Мектеп оқыту үдерісінде басшылыққа алынатын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дене тәрбиесі курсының арнаулы топ сабақтарына 102 сағат бөлінеді. Бұл сабақтардың ерекшелігі сол, оқушылардың денсаулық жағдайларына сай жеңілдетілген жүктемемен жаттығулар мен спорт түрлері таңдалынып алынады.
Дене шынықтыру тәрбиесінің жүйесі оқушылардың жалпы дамуының негізгі шарты болып табылады. Әсіресе арнаулы медициналық топқа жатқызылатын, денсаулық жағдайында ақаулары бар оқушылармен жұмыс жасаудың маңызы өте зор. Мұндай балаларға көбіне денсаулығын түзеу мен нығайтудың аса тиімді тәсілі ретінде дене шынықтыру мәдениеті қажет. Ұсынылып отырған «6-8 сынып оқушыларының арнайы медициналық тобының дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері» әдістемелік нұсқауының жинақталуы осы жағдайлардан туындады. Бұл әдістемелік жұмыстың өзектілігі - арнаулы медициналық топ оқушыларының дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша қазақ тілінде оқу құралдарының болмауы.
Дене тәрбиесі пәні бойынша мектептерде оқушылардың денсаулығының төмендеуі, сабаққа қатысатын оқушылардың көптеген бөлігінің денсаулығына орай анықтама тапсыруы жиеленіп отыр. Оның себебі жүріс – қимылдарының, дене күштерінің аз дамуы, салауатты өмір салтын сақтамауы, гигиеналық факторлардың ықпалы. Осы орайда мектеп оқушыларының қозғалыс дағдыларын дамытуға, бос уақыттарын тиімді пайдалануға негізделініп отырған бұл әдістемелік құралдың өзектілігі жоғары. Әдістемелік құрал мақсаты: оқушылардың қимыл – қозғалыс жүйесін жандандыру, арнайы қозғалыс жаттығуларын тамыр соғысының жүйелігін есептеу, өз жәй күштеріне бағалау жасайды, ағзаларға жаттығулардың әсер етуін бақылауды үйрету болып табылады. Өтпелі кезеңдегі жастардың денсаулық жағдайы мен тұлға бітімінің дамуы төмендей түсуде, мұның өзі дәрігерлер мен дене тәрбиесі мамандарының алаңдатушылығын тудырады. Осы орайда мақсатты шешу талаптарына сәйкес жастардың денсаулығын жақсарту, дене жаттығуларымен өз бетіншше айналысу бағытында дайындалған әдістемелік құрал осындай өзекті мәселеге арналған, маңызы зор. Екінші әдістемелік құралдың тақырыбы «Дене тәрбиесі сабағында қимыл – қозғалыс, эстафеталық ойындар, көңілді старт және акробатикалық элеметтерін тиімді пайдалану». Ойын әдісі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен педагогикалық тәжірибе берудің құралы екендігі ескеріле отырып, арнайы ұйымдастырылған түрлі ойындардың мазмұны мен өткізілу бағыты ұсынылып отыр. Эстафеталық және қимыл – қозғалыс әрекетке негізделген ойындар дене тәрбиесінің маңызды құралы мен әдісі болып табылады. Көптеген ойындар мен эстафеталық жаттығушылардың қимыл – қозғалысының икемділігін арттыра отырып, үйренген машықтарын тұрмыста оқу барысында, еңбек саласында, тікелей қолдануға мүмкіндік береді. Осы әдіс – тәсілдерді кеңінен қолдана отырып, оқушылардың жас ерекшекліктеріне сай ойындарды таңдап, әр сыныптан тыс шараларымды, ашық сабақтарымды өткіземін. Осылайша оқушылардың дене тәрбиесіне деген қызығушылығы артып, тапқырлық, зеректік, жинақылық қабілеттері дамытамын. Бұл әдістемелік жұмыстың өзектілігі ашық сабақтар және сыныптан тыс шаралар дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша қазақ тілінде оқу құралдарының болмауы. Әдістемелік құралдың мазмұны: “Қимыл – қозғалыс және эстафеталық ойындар”(cпорттық ойын-сайыс сабағы), «Тепе – теңдік сақтау және акробатикалық элементтер», «Шынықсаң шымыр боларсың» атты қысқы көңілді старт ойындары. «Денсаулық күні» материалдарын қамтиды. «Дене тәрбиесі сабағында қимыл – қозғалыс, эстафеталық ойындар, көңілді старт және акробатикалық элеметтерін тиімді пайдалану» әдістемелік нұсқауы мектеп дене шынықтыру пәні оқытушылары мен жас мамандарға арналды. Әдістемелік құралдағы ашық сабақтарымды музыкалық әуен арқылы өткіземін және ақпараттық технологияны тиімді пайдаланамын, мақал – мәтел жұмбақ шешу арқылы оқушылардың ой – өрісін дамытамың. Дене тәрбиесі сабағында қимыл – қозғалыс, эстафеталық ойындар, көңілді старт және акробатикалық элементтерін тиімді пайдалану жолдары берілген. Бұл әдістемелік жұмыстың өзектілігі ашық сабақтар және сыныптан тыс шаралар дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша құрастырылған.
Мамандыққа бағыт беру - мектеп оқушыларының тілегін, денсаулық жағдайын, жеке басының ерекшеліктерін, сонымен қатар, қоғамға қажеттілігін ескере отырып, оқушыларға мамандық таңдауға көмек көрсету үшін ғылыми негізделген көп аспектілі жүйе.
Біздің қоғамда жасөспірімдерге мамандық таңдауға еркіндік берілген, бірақ, сол мамандықтардың қазіргі тізімі 50 мыңнан астам атаулардан тұрады. Мұнда, мектеп оқушыларының кейбіреуі денсаулығына байланысты, немесе организмінің жеке ерекшеліктеріне байланысты тізімде көрсетілген бірқатар мамандықтарға жарамсыз болады. Сондықтан, мамандық таңдау ерікті болып қана қоймай, сонымен бірге саналы түрде негізделген болуы керек.
Мектеп оқушылары өздерінің жас ерекшеліктеріне (күші мен мүмкіндігін артық бағалау, әртүрлі мамандықтардың организмге қоятын талаптары туралы білімнің болмауы, денсаулық жағдайларындағы ауытқуларды елеп-ескермеу т.с.с.) байланысты мамандық таңдау үшін медициналық қызметкерлердің бағыт беруін қажет етеді.
Оқушылар мұндай сұрақтарға көмекті мектеп педиатрларынан, балалар емханасының дәрігерінен, ересектер емханасының жасөспірімдер кабинетінен, сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің санитар дәрігерінен алады.
Егер таңдап алынған мамандық, оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес келмесе, онда ол жүйке-психикалық бұзылуларға, тіпті соматикалық ауруларға ұшыратуы мүмкін. Мамандыққа жарамсыздық өндірістердегі апаттардың және жарақаттанулардың себептерінің бірі ретінде саналады. Еңбек сапасының төмен болуы, кадрлардың тұрақтамауы, соның салдарынан қоғамға материалдық зиян келтіру сияқты кемшіліктер дұрыс таңдалмаған мамандықтың заңды нәтижесі болып саналады.
Осындай жағдайларға байланысты, мамандыққа бағыт беруде бірнеше аспектілерді бөліп қарауға болады:
Психофизиологиялық аспект - жасөспірімдердің жеке басының ерекшеліктері, оның қаблеті, жеке психофизиологиялық ерекшеліктері ескеріледі;
Медициналық аспект - оқушының денсаулық жағдайы ескеріледі;
Әлеуметтік экономикалық аспект - қоғамға әр саладағы мамандар қажеттілігі ескеріледі.
Сонымен қатар, бұл аспекті жасөспірімдердің мектеп шеберханасындағы және мектеп аралық оқу-өндірістік комбинаттардағы кәсіптерге оқып-үйренуін анықтайды. Елді мекендерге жұмысшы кәсіпкерлер қажеттігіне және оларды өндірісте оқытып, даярлау үшін база барлығына байланысты еңбекке оқытудың бағыты құрылады.
Жасөспірімдерге мамандыққа бағыт беру жүйесі біздің елімізде 1960 жылдан бастап құрылды, бірақ, қазіргі уақытқа дейін бұл сұрақта шешілмеген мәселелер өте көп. Солардың біреуі - мектеп оқушыларының жас мөлшері, яғни, мамандыққа бағыттау жұмыстарын қандай жастан бастау керектігі.
Жалпы алғанда, 15-18 жастағы жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау жұмысы негізгі үш кезеңнен тұрады:
Жасөспірімдердің мамандыққа жарамдылығын анықтау үшін, арнаулы мақсатпен жүргізілетін медициналық тексеру.
Медициналық көрсеткіш бойынша, мамандыққа іріктеп алу.
Дәрігерлік мамандық консультация - жасөспірімдердің тілегіне, денсаулығына және психофизиологиялық көрсеткіштеріне байланысты мамандық таңдауға көмек көрсетуге арналған.
Мамандыққа маңызды немесе "кілттік" функциялар өзінің психофизиологиялық негізіне байланысты 4 түрге бөлінеді:
Қимыл-қозғалыс - бұлшық ет күштері, төзімділік, координация;
Сенсорлық - көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, вестибулярлық тұрақтылық;
Жүйке қызметінің жеке типологиялық ерекшеліктері - оның күші, жылдамдылығы, біркелкілігі;
Аттенциондық-мнемикалық - көңілаудару, естесақтау.
Күтілетіннәтиже
Мектеп оқушылары денешынықтыру пәніне қызығушылықпен қатысады
Денсаулығында ақауы бар оқушыларға арнайы медициналық топ ашу
Денсаулығы төмен оқушылармен сабақ өткізу.
Әдебиеттер
Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдергигиенасы(Оқулық).- Алматы 2002.344б.
Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.
|