Ауыл шаруашылық ғылымдары Агрономия ауыл шаруашылық Ғылымдары


ПАСТЕРЕЛЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛҒАН ЭМУЛЬГИРЛЕНГЕН ВАКЦИНАҒА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МАЛДАРЫ АҒЗАЛАРЫНЫҢ РЕАКЦИЯСЫ



бет18/50
Дата23.10.2020
өлшемі1,64 Mb.
#73333
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
ПАСТЕРЕЛЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛҒАН ЭМУЛЬГИРЛЕНГЕН ВАКЦИНАҒА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МАЛДАРЫ АҒЗАЛАРЫНЫҢ РЕАКЦИЯСЫ
К. Е. Мырзабаев, аға оқытушы, Ө. Б. Таубаев, ветеринария ғылымының кандидаты, доцент
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Ауыл шаруашылық малдарының пастереллезіне қарсы эмульгирленген вакцина иммунделген тәжірибелік қояндарда қажетті деңгейде күшті иммунитет қалыптастырды.
Эмульгированная вакцина против пастереллеза сельскохозяйственных животных у иммунизированных подопытных кроликах формирует стойки иммунитет.
Emulsified vaccine against pasteurellosis of agricultural animals at immunised experimental rabbits forms durable immunity.
Қазақстан территориясында елді мекендердің орналасуы салыстырмалы түрде сирек, кең байтақ далада бір-бірінен алшақ. Соның нәтижесінде үй жануарларынан жабайы жануарлар популяциясының үлесі басым. Бұрын індеттік жағдай негізінен үй жануарлары арқылы айқындалса, ендігі уақытта үй жануарларының үлесінің төмендігінен індет жағдайының қалыптасуында жабайы аңдардың маңыздылығы артады. Бұдан табиғи ошақты аурулар көбейеді. Ауыл шаруашылығы жануарларының арасында орын алған індеттің жабайы жануарларды қамтып, олардың қатысуымен инфекция қоздырушыларының бастауы табиғи ортада сақталып қалу қаупі артады. Осындай себептер ауру мен күрес шараларын қиындатып, оларды жоспарлау мен іске асыруды түбегейлі өзгертуді қажет етеді [1].

Жануарларда кездесетін көптеген аурулардың ішінде жұқпалы аурулардың алатын орны ерекше. Олардың қоздырғыштары ұсақ тірі организмдерге жатады да, бір малдан екінші малға тез беріледі, сондықтан аз уақыттың ішінде көптеген малдың ауруына әкеліп, шаруашылықтарға айта қаларлықтай экономикалық зиян келтіреді. Солардың ішінде малдан адамға берілетін өте қауіпті аурулар аз емес [2].

Осы заманғы жеңіл өнеркәсіп технологиясы малдан алынатын шикізаттың сапасына өте жоғары талаптар қояды. Ол талаптарға дені сау малдан алынған өнім ғана сай келеді. Қазіргі уақытта меншіктің барлық түрлері қатар дамып, жеке меншіктегі мал санының шұғыл артуына байланысты мал шаруалылығына ветеринариялық қызмет көрсету, оның ішінде індетке қарсы шараларды іске асыру қиындай түседі.

Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін сақтандыру шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнде оны сауықтыру шаралары қарастырылады. Сонымен індетке қарсы шаралар сауықтыру және сақтандыру шаралары болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрды. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырғышының бастауына, инфекция қоздырғышының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізілулері керек.

Індетке қарсы шаралардың басты негізі – олардың кешенді түрде жүргізілуі. Бұл кешенділік жоғарыда көрсетілген індеттенудің барлық қозғаушы күштеріне қатысты біртұтас ұйымдастыру шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар ретінде жүргізілуінен туындайды [3].

Пастереллез немесе геморрагиялық септицемия (Раsteurellosis) – бактериялардың раsteurellа түрі тудыратын үй және жабайы жануарлардың, кұстардың жұқпалы ауруы [4].

Пастереллез қоздырғыштарын қойдан Спинола (1863ж), Линьер (1896 ж), тауықтан Е. М. Земмер (1878 ж.), Пастер (1880 ж), қояннан Графки (1883 ж), шошқадан Леффлер мен Шютц (1885 ж), қодастан Орест, Арман (1887 ж) бөліп алып, сипаттаған. Сол жылдары Пастер алғаш рет бактерия культурасын әлсірету бойынша тәжірибе жүргізіп, құстарды иммундады. Осы еңбегінің құрметіне ауру қоздырғышы пастерелла, ал оны тудыратын ауру пастереллез деп аталды [5].

Ө. Б. Таубаев, К. Е. Мырзабаев, 97-А эпизоотиялық штаммының токсигендік қасиеттерін Р-20 (пастерелла мультоциданың А серологиялық варианты) референттік штамымен салыстырмалы түрде зерттеу нәтижелерінде, тәжірибедегі өскіндердің токсин түзу қасиеттері 24, 120 сағаттан және 10 тәуліктен соң өсірілгеннен кейін зерттелген. Жұмыс нәтижесінде пастерелла мультоциданың ескі өскіндері токсинді жақсы түзетіндігі және 97-А штамының жоғары вируленттігі дәлелденген [6].

Ауыл шаруашылық малдарының пастереллезіне қарсы иммундық алдын алу шаралары індетке қарсы шаралар жүйесінде жетекші орынға ие. Пастереллезге қарсы ұзақ жылдар бойына көптеген тірі және белсенділігі төмендетілген вакциналар өндірілді [7].

Ресей және ТМД елдерінде пастереллездің алдын алу үшін келесі вакциналар ұсынылады: мүйізді ірі қара, қодас, қой пастереллезіне қарсы эмульгирленген вакцина; күйіс қайырушылар мен шошқалардың пастереллезіне қарсы майлы формолвакцина; мүйізді ірі қара және қодас пастереллезіне қарсы жартылай сұйық ГОА формолвакцина т.б. [8].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет