Ауыл шаруашылық ғылымдары Агрономия ауыл шаруашылық Ғылымдары



бет17/50
Дата23.10.2020
өлшемі1,64 Mb.
#73333
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
1


3


2

2-Сурет – Қошқардың ені және ен қосалқасының веналары (рентгенограмма)

1 – ен қосалқасының жүзім сабағы тәрізді денесі; 2 – қосалқаның басы;

3 – еннің басы
Егер қаптаманың жалпы ауданың және көпқабаттылығын ескеретін болсақ, онда бұнда жүзім сабағы тәрізді денемен байланысатын 132-235 венозды тамырлар сиып кетеді сурет 2. Жүзім сабағы тәрізді дене барлық веналары артериялдық тұзақ өсіне перпендикуляр орналасады және оны қоршайды. Бірақ та кейбір артериялдық тұзақтар қынап қабықшасының қабырғасына жартылай жақындайды және бұл жерде венозды тамырлар болмайды. Жүзім тәрізді денеде терезе сияқты түзілістер бар. Қан тамырлары конустың ұшы деңгейінде ұсақ веналар бір-бірімен диаметрі 2-4 мм екі венозды тамырға бірігеді. Олар ен бауда ішкі ен артериясымен қосақталады.

Қошқарларда артериялдық конусы венозды тамырлармен толықтай қоршалады және артериялдық тұзақтар үшін терезелер сияқты түзілістер өте сирек. Қошқарларда ен қосалқысынан веналар үш өзіндік жүзім сабағы тәрізді дене түзеді: басынан, денесінен жіне қосалқаның құйрық бөлігінен. Олар қан тамырлы конус ұшы аумағында бірігеді немесе бір-бірінен бөлек жүреді және жүзім сабағы тәрізді дене ұшы аумағында әртүрлі деңгейде байланысады. Қан тамырлы конустың ұшы аумағында негізгі веналарға бірікпестен бұрын ен және оның қосалқысының веналарында клапандары болмайды. Бұл бір ғана венаны тесу арқылы жыныс безінің бүкіл венозды жүйесін құюға мүмкіндік береді. Веналар біріккен жерде клапандар пайда болады, олар бір-бірінен 1,5-2 см қашықтықта орналасады. Ал қынап каналы аумағында арақашықтығы көбірек. Ен веналары қосалқы немесе ұрық жолы веналарымен анастомозданбайды .

Жүзім сабағы тәрізді дене көп қабатты венозды тордан тұрады. Ол бір жағымен еннің барлық жоғарғы бөлігін, ал басқа жағымен артерияльды конусты қамтиды, бұл артерияның созылуына кедергі болады. Сондықтан да жүзім сабағы тәрізді дене ұстап тұрушы және бекітуші аппарат қызметін атқарады. Венозды тордың артериялдық конустың перифериясымен оның тұзақтары арасында орналасуы және артерияльды тамыр өсіне веналардың көлденең орналасуы, венозды қанды жоғары қарай итеру ролін атқарады. Осымен бірге пульсты толқынның амортизациясы жүреді, бұл спермиогенез кезінде ен қалдығында қалыпты қан келуді және температуралық режимді ұстап тұру үшін керек.

Осыған орай қошқарлардың ұмасы және оның құрамының қан тамырлы жүйесі артерияльды және венозды тамырлар аралығындағы бірегей орналасуымен ара қатынасына қарай күрделі құрылысқа ие.




ӘДЕБИЕТТЕР

1. Траисов, Б. Б. Некоторые показатели продуктивности акжаикской мясошерстных овец / Б. Б. Траисов, А. Н. Баяхов, А. К. Бозымова, Х. С. Алиев //Известия Оренбург. гос. аграр. ун-та. – 2004. – № 3. – С. 110-111.

2. Антипова, Н. В. Рост и развитие мясо-шерстного молодняка овец различного происхождения / Н. В. Антипова // Известия Оренбург. гос. аграр. ун-та. – 2004. – № 3. – С. 111-112.

3. Ханин, М. А. Рациональный метод и возрастной срок кастрации баранчиков и бычков / М. А. Ханин, И. А. Тыныбеков // Мат. всесоюз. межвуз. конф. по вопр. ветеринарной хирургии. – Харьков – 1970. – С. 127-129.



4. Мосин, В. В. Результаты внедрения бескровного способа кастрации бычков и баранчиков в ветеринарную практику / В. В. Мосин, А. Н. Корнишин, И. А. Телятников, А. Б. Максин // Мат. всесоюз. межвуз. конф. по вопр. ветеринарной хирургии. – Харьков. – 1970. – С. 126-127.

5. Кереев, А. К. Актуальность кастрации баранчиков акжаикской породы перкутанным методом / А. К. Кереев, А. К. Днекешев // Ғылым және білім. – 2007. – № 4(9). – С. 35-38.

УДК 619: 616.9: 636.3



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет