Ауыл шаруашылық ғылымдары Агрономия ауыл шаруашылық Ғылымдары


ҚОШҚАРЛАРДЫҢ ҰМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ІШКІ



бет15/50
Дата23.10.2020
өлшемі1,64 Mb.
#73333
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50
ҚОШҚАРЛАРДЫҢ ҰМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ІШКІ

ҚҰРАМЫНЫҢ АНАТОМИЯСЫ
А. К. Кереев, магистрант
Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Мақалада ұма және оның құрамының, сонымен бірге қошқарлардың ен бауының және ен қосалқасының негізгі артерияларымен веналарының анатомиясы берілген. Бұны аталған аумақта оперативтік араласу және кестірудің әртүрлі тәсілдерін жасау кезінде білу қажет.
В статье представлена анатомия мошонки с его содержимым, а также основные артерии и вены семенника с придатком и семенного канатика у баранчиков, которую необходимо знать при выполнении различных способов кастрации и оперативных вмешательств в данной области.
Anatomy of scrotum with its contents and also the main arteries and veins of testicle with appendage and spermatic cord of rams, which must be known during performing of different ways of castration and operative intervention in this field, is given in the article.
Қазақстан Республикасының мал шаруашылығында, қой шаруашылығы қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында табысты дамуда және дала мен жартылай шөлейт жағдайларында өте рентабельді салаларының бірі. Негізінен етті – жүн қатынасында өсірілетін ақжайық жартылай биязы жүнді қойлар тұқымдары аталған аймақта перспективті болып табылады [1, 2].

Жануарларды жақсы азықтандыру, бағытталған асыл тұқымды жұмыстар, қой шаруашылығында ет және жүн өнімділігін күшейту және көбейту мақсатында, ветеринарлық хирургияның профилактикалық шараларының біріне асыл тұқымдық бонитировкадан соң, асыл тұқымды шаруашылықтар амалсыз қалдырылатын қошқарларды кестіру үлкен маңызға ие [3-5].

Кестіруден кейінгі асқынулар кезінде оперативтік араласу және қошқарларды кестірудің перкутандық тәсілдерін нақты жургізу үшін сыртқы жыныс органдарының анатомиясын білу өте қажет. Сонымен бірге, ауыл шаруашылық жануарларының анатомиясы және морфологиясының ғылыми монографияларында, оқу әдебиеттерінде қошқарлар ұмасының анатомиясы туралы мәліметтер аз, болған жағдайда мүйізді ірі қараға сәйкестендіріліп сипатталған.

Осыған байланысты біздің алдымызда келесі мақсат қойылды. Ол қошқарлардың еңбауы, ен қосалқысы және ен аймағындағы негізгі қан тамырлардың және ұма мен оның ішкі құрамының анатомиясын зерттеу.

Анатомиялық зерттеудің материалы ретінде қасапханада ақжайық тұқымы қошқарларынан алынған ұма және оның ішкі құрамы қолданылды.

Ұма және оның ішкі құрамының қан айналу жүйесінің тармақталуы және өту жолын анатомиялық зерттеу қарапайым ұсақ препараттау және ренгеновазография әдісімен жүрді.

Контрастты масса ретінде қорғасын майлы «қызғылт сары» бояу пайдалынылды. Оны алдын ала арнайы сұйылтқышта ерітіп алдық. Алынған қоспаға әртүрлі пропорцияда күкірт қышқылды барии қосылды. Біз қолданған масса қажетті деңгейде контрастты болды, оның көмегімен ұсақ қан тамырлар толтырылды. Ұманың қан тамырларының контрастты массасымен иньекциясы ішкі ен артериясы және аттас вена арқылы өтті.

Негізгі артериялардың диаметрін және анатомиялық түзілістерді өлшеудің морфометриялық зерттеуі циркуль, металл миллиметрлі сызғыш және штангенциркуль көмегімен жүргізілді.

Ұма – scrotum қошқарларда шат сүйектерінің деңгейінде, сан аралығында орналасады. Ұмада мойның, денесін, ұшын, алдыңғы, артқы, және бүйір беттерін ажыратады. Алдыңғы және артқы беттерінен вертикальды науалар өтеді. Олар ұманы сол және оң жарты бөлікке бөледі.

Қошқарлардың ұмасы қою жүн жамылғысымен жабылған, жамылғысы мойын және шап аумағында жойылады. Қошқарлардың ұмасының мойын аумағында, бүйір бетінде тері бүкпесі бар, оның қалыңдығында спецификалық иісі бар сұйық бөлінді өңдіретін арнайы май бездері орналасқан. Ауада бөлінді қоюланып, ақшыл сары түстен қою сары немесе қоңыр түске өзгереді. Жаз мезгілінде бөлінді көлемі көбейеді, қыста азаяды. Мойын негізінде, алдыңғы бетінде, кейде бүйірінде қошқарларда екі рудиментарлы еміздікше орналасқан. Еміздікшелердің биіктігі 5 мм-ден 1 см-ге дейін. Ұма терісінің қалыңдығында көптеген көлемде тер және май бездері орналасады. Ұшы және жартылай денесі аумағында ұма терісі биіктігі 2-4 мм көлденең бүкпелерге жинақталған.

Іштің терең фасциясына эластикалық талшықтармен бекітілген бұлшықетті-эластикалық қабықша қалындығы 3-6 мм ұзына бойы қалқа түзеді. Ол ұманы сол және оң қуысқа бөледі. Мойын аймағында бұлшықетті-эластикалық қабықша екі жапыраққа ажырайды, олар төменгі жағынан жыныс мүшесінің денесін қаптайды.

Бұлшықетті-эластикалық қабықшаға куперов фасциясы тиіп тұрады, бұл фасция іштің тік бұлшықетті қынабының сыртқы пластинкасының жалғасы.

Бұл фасция еннің сыртқы көтергішінен борпылдақ дәнекер ұлпамен ажырайды және жүдеу қошқарларда да ұма мойны аумағында әрқашан майлы жастықша сияқты жатады. Аталған қабатта жиі ірінді үрдістер дамиды.

Еннің сыртқы көтергіші іштің қиғаш бұлшықетті басының маңында, маклоктың ішкі бетінде басталады. Алдымен бұлшықет қиғаш бұлшықеттің артқы шетіне параллель өтіп, кейін шап каналынан өтеді де, бұлшықет бұл жерде бұқада 3/4 бөлікпен еңбауды қаптайды. Сыртқы шап сақинасынан өтіп, желпуіш тәрізді кеңейеді және жалпы қынап қабының фиброзды қабатымен тығыз бітіп кететін апоневрозға айналады.

Ұма мойны аймағында, еннің сыртқы көтергішінің латеральды бетімен көлденең бағытта артқы күпек бұлшықетінің латеральды басы, ал медиальды бетімен бұл бұлшықеттің медиальды басы өтеді. Бүкіл ұзына бойы, ішкі шап сақинасынан ұма ұшына дейін, еннің сыртқы көтергішінің артқы шетімен ірі артерия өтеді. Ол бұлшықетпен жалпы қынап қабын қанмен қамтамасыз етеді.

Шап каналының қошқардағы ұзындығы 6-8 см тең. Қошқардың ішкі шап сақинасы мықын сүйегі денесінің ортаңғы деңгейінде жатады. Қошқарлардағы ішкі шап сақинасының ұзындығы 1,5-3,5 см. Сыртқы шап сақинасының пішіні овальды және сыртқы қиғаш құрсақ бұлшықетінің жамбас және құрсақ пластикаларының апоневроздары аралығында жатады. Оның ұзындығы қошқарда 2,5-4 см. Шап каналында қынап каналы бірте-бірте кеңейеді және қошқарларда ұзындығы 1,5-2 см тері асты тесігімен аяқталады. Ұма қуысында төселген жалпы қынап қабының каудо-медиальды бетінде жуандаған жолағы бар, одан ен баумен еннің өзіндік қынап қабына шажырқай шығады. Қосалқа құйрығының аумағында шажырқай ұма байламы деп аталады, ол өте жіңішке және ен қосалқасын ұма қабырғасымен байланыстырады. Ішкі қынап қабы көк еттің висцеральды жапырақшасы болып саналады, ен және ен қосалқасының белокты қабатын тығыз қаптайды. Ен қосалқасы денесінен еннің қосалқа бетіне қынап қабы өткеннен соң жұмыртқамен қосалқа денесінің аралығына терең енеді. Осының әсерінен қошқарларда тереңдігі 0,8-1,2 см қосалқы синусы түзіледі, бұл қосалқы денесінің қозғалғыштығын тудырады.

Жалпы қынап қабы қосалқы құйрығы аймағында тәжі секілді жуандайды және өткізгіш байлам деп аталады.

Осыған орай, ен қосалқасының денесі және құйрық бөлігі өзіндік қынап қабымен толық қапталмайды, жай ғана бір-бірімен белокты қабықшамен жанасады. Бұл кестірудің асқынуы кезеңде үлкен маңызға ие, яғни қабыну үрдісі бір органнан екінші органға өтуінде.

Қошқарлардың ендерінде пішіні ұзарған оваль секілді, ұзына бойы өсі вертикальді орналасқан. Еннің белокты қабығының қалындығы 0,2-0,5 мм, құрамында көп мөлшерде эластикалық және бірыңғай салалы бұлшықеттер талшықтары бар. Белокты қабықшадан паренхима ішіне дәнекер ұлпалы трабекулалар өтеді, олар қосалқа бөлігі жағынан еннің аралық пердесін түзеді. Бірақта, кесіндіде паренхиманың бөліктілігі әлсіз байқалады. Ен паренхимасы спермиогенез үрдісі өтетін ен каналшаларынан тұрады. Ен каналшалары аралық перде де бір – бірімен байланысады да, шығару каналшықтарын түзеді. Олар еннің бас бөлігіне бағытталады және 12-15 каналшық көлемінде 0,5-0,8 см2 ауданында белокты қабықшаны перфорациялап, күшті иректеліп, ен қосалқасының басын түзеді.

Қосалқаның басы еннің жоғарғы полюсінде орналасқан, S тәрізді иректелген және краниальді, латеральді және каудальды бетінде көтерінкі жуандау түрінде ен бетіне шығып тұрады. Қосалқа басынан шығару өзектері күшті иректеледі және қосалқы денесіне өтеді. Ол қошқарларда ені 1-1,5, қалындығы 0,5-1 см алдынан артына қарай жалпақтанып қабысқан анатомиялық түзілістен тұрады.

Қосалқа денесінде каналшықтардың бөлігі бір-бірімен байланысып, қосалқаның құйрық бөлігіне айналады. Бұл жерде шығару өзектері күшті иректеледі, кейін бір ұрық жолына жинақталады.

Қошқарлардың қосалқасының құйрық бөлігі кесілген конус пішініне ие және кішкене овальды. Оның негізгі енге бекиді, ал үшы жалпы қынап қабының өткізгіш байламымен байланысады.

Ұрық жолы бүкпеленеді және еннің краниомедиальды бетімен жоғары көтеріледі. Еннің жоғарғы полюсіне жеткен ұрық жолы ірі магистральды лимфа тамырлары, артерия және екі веналармен қосақтала жүреді де, қынап каналында құрсақ тесігіне дейін барады. Бұл жерде ұрық жолынан қан тамырлы нерв будалары ажырайды.

Ұрық жолы арнайы бүкпеде каудо-дорсальды бағытта қуыққа барады, оның дорсальды бетінде несеп жолымен айқасады және көпіршік тәрізді безі өзегінің алдынан өздігінен несеп каналына түседі. Ұрық жолы несеп-жыныс каналына түспестен бұрын тез кеңейіп, сперма жолының ампуласын түзеді.

Сыртқы жыныстық артериясы шап байламы деңгейінде құрсақұсті үсті жыныстық бағанасынан ажырайды да, шап каналына өтіп, краниальды және каудальды бұтақтарға бөлінеді. Краниальды бұтағы алға қарай бағытталады және ұма қалқасына және ұманың алдыңғы бүйір қабырғасының қалыңдығына ұсақ бұтақтар береді. Каудальды бөлігі мойын аумағында қалқаға параллель өтеді және краниальды артерия бұтақтарымен анастомозданып, ұманың артқы және бұйір қабырғаларына көптеген мөлшерде бұтақтар береді.

Сыртқы ен артериясы еннің сыртқы көтергішімен қосақталып, шап каналымен өтеді және жалпы қынап қабында тармақталады және алдыңғы артерия бұтақтарымен анастомозданады. Атаулары ұқсас веналар артериямен қосақталып өтеді.

Шағылысу кампаниясы кезінде қошқарлардың ұма қабырғасының тері асты веналары озінің көлемін ерекше үлкейтеді және тері астыңда нақты контурланады, әсіресе ұма мойны аймағында.

Қошқарлардың ұмасының нервтермен қамтылуы күрделі. Бұнда аралықтық, мықын-шап, мықын-құрсақасты асты, сыртқы ен нервісінің нерв талшықтары бұтақтанады. Бұндай иннервация ересек қошқарлардың операциясы кезінде ұманың барлық аталған нервтеріне өткізгіш анестезияны жасауды немесе рудиментарлі еміздікшелер деңгейінде, ұма мойны аймағында қабат-қабатты, циркулярлы анестезияны өткізуді міндеттейді.

Ен және оның қосалқысына баратын артерияльды, венозды, лимфатикалық тамырлар және нерв бағаналары арнайы қынап қабында жинақталған. Оның каудальды бетінен арнайы бүкпеде ұрық жолы және оны қоректендіргіш тамырлары өтеді. Бұл түзіліс енбау деген атауға ие және ол қынап каналы аумағында жіңішке және еннің бас бөлігінде жуандайды.

Хирургиялық көзқараспен ен бауды үш бөлікке бөлген жөн: бірінші бөлігі қынап каналы аумағында орналасқан, екінші ұма мойны аумағында жатыр, үшінші бұл жүзім сабағы тәрізді дене. Егер ен баудың жүзім сабағы тәрізді дененің өзінің морфологиялық структурасына қарай созылу қасиеті болмайтын болса, онда бірінші және екінші бөліктері еннің төменге түсу барысында ерекше созылуға және еннің көтерілу барысында жиырылуға ерекше икемді.



Бұл күй салдары қан тамырларында және ұрық жолында көрініс табады, яғни олар өздерінің ұзына бойында құрсақ тесікпен жүзім сабағы тәрізді дене ұшына дейін иректеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет