Эссе
XVIII-XIXғғ. Қазақ мемлекеттілігі және Ресей империясы
XVIII ғасырдың алғашқы онжылдықтары қазақ халқы үшін қиын-қыстау сынақ жылдары болды. Шынына келгенде, ел басына «ел болу, не табанға түсіп күл болу» күні туды. Орыс тарихнамасында қазақтардың жоңғарлар басқыншылығына қарсы күресі жалпылама жұмыстарда көрініс тапқан. Оларда тұтас алғанда жалпы жағдайдың көрініс тапқанына қарамастан, тарихи оқиғалар жүйелі түрде, рет-ретімен баяндалмайды. Әсіресе бұл екі шайқастың: қазақ жасақтары 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр («Қалмақ-қырылған») деген жерде және кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңырақай даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жай-жапсарына қатысты. Қазақ-жоңғар қатынастарын XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басында М.Ж. Көпеевтің, Ш. Кұдайбердиевтің, М. Тынышбаевтың, М. Дулатовтың, Ә. Бөкейхановтың күш-жігер салуы арқасында ғана неғұрлым егжей-тегжейлі саралап зерделеу мүмкін болды. Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі, жоңғарлардың 1723—1726 жылдардағы жеңіске жету себептері, қазақтардың саяси және экономикалық ауыр жағдайы, басқа да мәселелер XX ғасырдың 70-80-жылдарындағы тарихнамада: И. Я. Златкиннің, Н. Г. Аполлованың, В. Я. Басиннің, В. А. Моисеевтін және басқалардың монографияларында ғана ғылыми тұрғыдан көрсетілді.[2]
Атап айтқанда, В. А. Моисеев жоңғарлардың қазақтармен арадағы ұзақ уақытқа созылған өзара қатынастарының, оның даму барысың сипатын ашып берді. Ол жоңғарлардың қазақтарға және Орта Азия халықтарына қарсы күрестегі уақытша жеңістерінің басты себептерін ашып көрсетіп, Ресейдің қазақтар мен жоңғарлар жөніндегі тиянақсыз әрі қайшылыққа толы саясатының себептерін түсіндірді, сондай-ақ Орталық Азиядағы халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесін айқындай бастаған Жаңа күштердің (Ресей мен Қытайдың) саяси аренаға шығу белгілерін де анықтап берді. Р. Б. Сүлейменов пен В. А. Моисеевтің «ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан тарихынан» деген бірлескен еңбегінде (А., 1988) осы проблеманы зерттеуге баса көңіл бөлінген. Қазақстанның Ресеймен, сондай-ақ Орталық Азиядағы «ең соңғы көшпелі империя» — XVIII ғасырдағы Жоңғар хандығымен өзара қатынастарының тарихы түйінді проблемалардың бірі болып қалуда.
Кеңестік кезеңде Қазақстан тарихшыларының бұл проблемаға Қазақстанның Ресейге қосылуының прогресшіл маңызы сипатында қалам тартқаны мәлім. Әлбетте, тәуелсіздік жағдайында көзқарас өзгерді. Бұл орайда Қазақстан тарихшылары жарияланған деректемелер мен еңбектерге сүйене отырып, қазақтар қорғаныстық азаттық соғысын жүргізіп жатқан кезеңде, ел басына күн туған зобалаң жылдарда Ресей империясы Ертіс бойымен оңтүстікке қарай ілгерілеп, жоңғарлар басып алған қазақ жерлеріне бекіністер салғанын, өзінің тым әріде жатқан жоспарларын дипломатиялық әрекеттермен, әскери экспедициялармен нығайта бергенін бүкпесіз де объективті түрде атап өтеді
Топ:109 ЖМ
Қалықбай Мөлдір
Достарыңызбен бөлісу: |