Оқулық 8 сынып Пәннің атауы : Қазақстан тарихы 8-сынып Сабақтың тақырыбы



Дата19.05.2020
өлшемі20,84 Kb.
#69797
түріОқулық
Байланысты:
Қаз-тарих 8


4-тоқсан

14-ші сабақ.

Оқулық 8 сынып


Пәннің атауы : Қазақстан тарихы

8-сынып



Сабақтың тақырыбы :

Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халидің тарихи еңбектері



Сабақтың мақсаты

Сабақ барысында сендер, қазақ халқының бір туар ұлдары Шәкәрім Құдайбердіұлының , Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің , Құрбанғали Халидтың өмір жолымен еңбектері туралы білесіңдер. Ұлы Абайдың мирасқоры , таланты шәкірті, дарынды қаламгері Шәкәрім екендігін біліп, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің , Құрбанғали Халидтің еңбектерінің маңыздылығын, құндылығын анықтап , өмірлік шынайылығын түсініп,талдайсыңдар .


Сабақтың барысы :

Қысқаша конспект

Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде) (24 шілде) 1858-2 қазан 1931 жыл)   ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді.

 

Мәшһүр Жүсіп Көпеев 1858 жылдың қазіргі Павлодар облысы, Ж.Аймауытов атындағы ұжымшардың Айыртас өлкесінде дүниеге келген. Әкесі 5 жасынан бастап баласы Жүсіпті медресеге оқуға берген екен. Он бес жасына дейін Баянауыл маңындағы медреседе ұстаз Халфе Шөкеұлы Дүржанбайдан, молда Нажмеддин қазіреттен білім алған. Хамаратдин хазірет медресесі Мәшһүрге ғылымның сан алуан сырларын үйреткен. Осы жылдары «Қозы Көрпеш Баян сұлу», «Тарғын батыр», «Төрт жігіттің өлеңі» т.б жырларды жатқа біліп, жұрттың таңдайын қақтырған жас балаға сол кездегі Баянауыл дуанының аға сұлтаны Мұса Шорманов (Ш.Уәлихановтың нағашысы) «Мәшһүр» есімін беріп, сонан өле өлгенше Мәшһүр Жүсіп аталған. «Дала уалаяты» газетінде оның халық ауыз әдебиетіне қатысты мақалалары үздіксіз жарық көріп тұрды.

1 тапсырма .

Кестені толтыру




І-тапсырма : Ақпараттардың көмегіне сүйене отырып кестедені толтырыңдар.




Тарихи тұлға

Өмір жолы туралы хронологиялық мәлімет

Еңбектері

Шәкәрім Құдайбердіұлы






Мәшһүр Жүсіп Көпеев










ІІ-тапсырма . Талдау


ІІ-тапсырма . Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі » еңбегіндегі этникалық құрылымның 3 сатысын анықта,талда.


1




2.



3.




Үйге тапсырма :


§ 60 оқу.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет