Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары



бет18/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64
Байланысты:
@8;. 07

19-параграф. Бас агроном


62. Лауазымдық міндеттері:


өсімдік шаруашылығы саласын ұйымдастырушылық-техникалық басқаруды жүзеге асырады;
егіншіліктің ғылыми-негізделген жүйелерін әзірлеуді және енгізуді, жерлерді, негізгі қорларды, еңбек және материалдық ресурстарды тиімді пайдалану, өнім өндірісін ұлғайту және сапасын арттыру, оның өзіндік құнын төмендету мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің қарқынды технологияларын енгізу және олардың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
топырақ құнарлылығын арттыруға, астық шаруашылығын нығайтуға, мал шаруашылығы үшін мықты жемшөп базасын құруға бағытталған агротехникалық және ұйымдастырушылық-экономикалық іс-шараларды әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз етеді;
дәнді және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, барынша оңтайлы мерзімде және агротехниканың жоғары деңгейінде ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу технологияларын жетілдіру бойынша іс-шаралар ұйымдастырады;
ауыспалы егістің, топырақты эрозиядан қорғаудың, топырақты өңдеудің, тыңайтқыш қолданудың, егістерді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғаудың ғылыми негізделген жүйелерін әзірлейді және ендіреді;
шаруашылықішілік жерге орналастыру, жерлер мелиорациясы, дақыл-техникалық жұмыстар жобаларын, тұқым шаруашылығы, аудандастырылған, перспективалы және тапшы тұқымдарды жылдам көбейту, сорт ауыстыруды және сорт жаңартуды жеделдете жүргізу, шаруашылықты сапасы жоғары сорттық тұқыммен қамтамасыз ету және оларды дұрыс пайдалану жөніндегі жұмыстарды орындауды ұйымдастырады;
нарықтық экономика және шаруашылық бөлімшелер міндеттері жағдайында шаруашылықты дамытудың перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлеуге қатысады;
өсімдік шаруашылығы бойынша технологиялық карталарды, өндірістік бағдарламаларды және жұмыс жоспарларын әзірлейді;
шаруашылық бөлімшелеріне өндірістік қызметке талдау жүргізуге, өсімдік шаруашылығы өндірісін ұлғайту және өнім сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және олардың перспективаға қажеттілігін айқындау үшін техникалық құралдармен жиынтықтауға көмек көрсетеді;
дайындаушы, қайта өңдеуші, қызмет көрсетуші және басқада кәсіпорындармен өсімдік шаруашылығы өнімдерін өткізу бойынша шарттар жасасуды ұйымдастырады және жасасады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
өсімдік шаруашылығы салаларының агроөнеркәсіптік кешеннің қайта өңдеуші, қызмет көрсетуші және басқа кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) ұтымды өндірістік-экономикалық байланысын орнату бойынша ұсыныстар әзірлейді;
алқаптар тарихының кітабын, жердің баулы кітабын және басқа да есептік құжаттарды жүргізу, есептерді уақтылы рәсімдеу және оларды мемлекеттік органдарға ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
өсімдік шаруашылығы саласы бойынша бөлімшелердің, ауыл шаруашылығы учаскелерінің қызметін үйлестіреді, агрохимиялық қызметті басқарады;
өсімдік шаруашылығындағы өндірістік процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыру жөніндегі іс-шараларды енгізуге ықпал етеді;
жер қорын, машина-тракторлық паркті, жанар майды және химияландыру құралдарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;
өсімдік шаруашылығында пайдаланылатын машиналарды, жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді, тыңайтқыштарды, химикаттарды, отынды, ыдысты және басқа да материалдық ресурстарды сатып алуға өтінім жасауға қатысады;
кәсіпорын ішіндегі басқа бөлімшелерге берілген өсімдік шаруашылығы өнімдерінің, сондай-ақ, дайындаушы ұйымдарға немесе қайта өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген өнімнің мөлшері мен сапасына арнайы сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді;
еңбекті ұйымдастыру мен еңбекақы төлеудің, кәсіпорын бөлімшелерінде жалдамалық, кооперативтік қатынастарды ұйымдастырудың, шаруа қожалықтарын құрудың прогрессивті нысандарын дамытуға және енгізуге ықпал етеді;
оларға өндіріс технологиясы мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
өсімдік шаруашылығы құрылыстарын салу жобаларын қарастыруға, оларды салу орындарын таңдауға, жаңадан салынған, күрделі және ағымдағы жөндеуден өткен объектілерді қабылдауға, сондай-ақ, мердігер ұйымдар орындаған жұмыстарды қабылдауға қатысады;
саладағы агротехникалық есепті дұрыс жүргізуді қамтамасыз етеді;
ауыл шаруашылығы жұмыстарын сапалы және уақытылы жүргізуді, техниканы тиісінше пайдалануды, саладағы еңбек және материалдық-ақша қаражатын ұтымды пайдалануды ұйымдастырады, өндірілген өнімнің сапасын қамтамасыз етеді;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама талаптарының орындалуын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
63. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын Заңды;
Қазақстан Республикасының Жер кодексін;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды;
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңды;
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңды;
«Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі − «Өсімдіктер карантині туралы» Заңы);
«Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі − «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңы);
«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі − «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңы);
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы(бұдан әрі − «Мақта саласын дамыту туралы» Заңы);
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы бірлестігінің (ұйымының) өндірістік қызметі мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, ауыл шаруашылығы дақылдары өндірісінің технологиясын, мәдени өсімдіктер селекциясын және тұқым шаруашылығын, олардың биологиялық ерекшеліктерін және оларды өсіру агротехникасын, өсімдік шаруашылығы өнімдеріне арналған стандарттарды, өсімдік шаруашылығы саласындағы ғылымның жетістіктері мен отандық және шетелдік кәсіпорындар жұмысының озық тәжірибелерін, экономиканы, өндірісті, еңбекті ұйымдастыруды және басқаруды, еңбек және жер заңнамалары негіздерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану саласындағы заңнама негіздерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.
64. Біліктілікке қойылатын талаптар:
(Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет