25-параграф. Бас вирусолог
77. Лауазымдық міндеттері:
карантиндік-фитосанитариялық, ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуді ұйымдастырады.
ғылыми-өндірістік бағдарламалардың тапсырмаларын орындайтын жұмыскерлер тобын басқарады;
өсімдіктерді қорғаудың биологиялық құралдарын талдауды жүргізеді; карантинге жатқызылған өнімнің халықаралық және отандық стандарттарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді;
өлген малдарды байқап қарауды және союды жүргізеді;
жануарлар ауруларының қоздырғыштарын анықтауды және типке жатқызуды жүзеге асырады;
зертханалық зерттеулерге арналған сынамы алады;
жануарлар аса қауіпті ауруларының жасырын нысандарын анықтайды; жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттарын және оларды орындау әдістерін негіздейді, ғылыми-өндірістік жұмыстардың жоспарларына қосуға ұсыныс енгізеді;
жабдықтар мен аспаптардың жаңа түрлерін сынауға, жануарлар мен өсімдіктердің вирустық ауруларын диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістерін әзірлеуге қатысады;
зерттеуге келіп түскен материалды қабылдайды, зерттеу аяқталғанға дейін оның сақталуын қамтамасыз етеді, зерттеу және санитарлық өңдеу жүргізуге жұмсалған материалдар шығысы бойынша құжаттама ресімдейді;
бокстың зарарсыздандырылуын, жұмыс орнының өңделуін, құрал-саймандардың стерилдендірілуін, биологиялық материал қалдықтарының жойылуын, сондай-ақ санитария және өртке қарсы қорғаныс қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
зерттеулер нәтижелерін ресімдейді және сараптама актісін береді;
өз құзыреті шегінде барлық жұмыс түрлерін ұйымдастыруға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
коллекциялық материалдың есебін жүргізеді, оның сақталуын қамтамасыз етеді;
кадрлардың біліктілігін арттыру және даярлау бойынша жұмыстар жүргізеді;
ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіпте есептілік ұсынады.
78. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы»,
«Өсімдіктерді қорғау туралы»,
«Өсімдіктер карантині туралы»,
«Ветеринария туралы» заңын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін; зертханалық зерттеулер жөніндегі әдістемелер мен нұсқаулықтарды, қолданылатын аспаптар мен жабдықтардың жұмыс қағидатын және пайдалану қағидаларын, жануарлар мен өсімдіктердің вирустық аурулары қоздырғыштарын бірдейлендіру әдістерін, ветеринариялық-санитариялық талаптарды, ветеринариялық микробиологияны, бактериологияны және фитопатологияны, өсімдіктер аурулары зияндылығының экономикалық шегін, карантинге жатқызылған өнім үлгілерін іріктеу әдістемелерін; жануарлар ауруларымен күрес жөніндегі әдістемелерді және нұсқаулықтарды, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі нұсқауларды, жануарлардан алынатын өнімді және шикізатты сараптаудың ветеринариялық-санитариялық қағидаларын, жануарлардан алынатын өнімді өндіру және қайта өңдеу технологиясын, еңбек заңнамасының негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды.
79. Біліктілікке қойылатын талаптар:
(Биология, биотехнология, ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария, жүзім дәне жеміс-жидек шаруашылығы, топырақтану және агрохимия, агрономия, орман ресурсы және орман шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин) мамандығы бойынша жоғары (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Достарыңызбен бөлісу: |