23-параграф. Бас ветеринар дәрігер
74. Лауазымдық міндеттері:
шаруашылықтың ветеринария қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
зертханалық зерттеулерге арналған жасайды;
мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайтуды, оның сапасын арттыруды және өзіндік құнын төмендетуді қамтамасыз ететін бекітілген ғылыми негізделген ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды ендіреді;
жоспарлар әзірлейді және зоотехникалық қызметпен және бөлімше басшыларымен бірлесіп мал шаруашылығында профилактикалық, ветеринариялық-санитариялық, эпизоотияға қарсы және емдік іс-шаралар жүргізуді жүзеге асырады;
басқа шаруашылықтармен, өңдеуші және қызмет көрсетуші кәсіпорындармен өндірістік-экономикалық байланыстарды әзірлеуге қатысады;
шаруашылықтың (ұйымның) дәрі-дәрмектерге, биопрепараттарға, ветеринариялық жабдықтарға, құрал-саймандарға, дезинфекциялық құралдарға деген қажеттілігін айқындайды және олармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
фермалардың, сою және сүт пунктерінің, малдан алынатын өнімдер мен шикізаттарды сақтау қоймаларының, сондай-ақ малдарды, өнімдер мен шикізатты өткізу пункттерінің ветеринариялық-санитариялық қолайлылығын қамтамасыз етеді;
мал мен құсты ветеринариялық байқауды, ет пен ет өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүргізуді ұйымдастырады;
ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырады;
етті, ет өнімдерін және малдан алынатын шикізатты шарттарының сақтауын қамтамасыз етеді;
малдарды азықтандыру сапасын қадағалайды, жемшөп базасын нығайту, жемшөпті дұрыс дайындау, сақтау және пайдалану, жайылымдарды, суаттарды пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
малдардың әрбір басын ветеринариялық байқауды жүйелі түрде жүргізеді, сиырлардың буаздығын тексереді, қысыр қалудың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, аналық бастың қайта күйлеу себептерін зерделейді;
мал шаруашылығы фермаларында, өнімдер мен шикізаттар сақтауға арналған үй-жайларда дезинфекция, дезинсекция және дератизация ұйымдастырады;
малдарды және мал шаруашылығы өнімдерін жаппай залалданудан қорғау бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
жануарлардың қырылу себептерін айқындайды;
ветеринариялық іс-шараларды жүргізу кезінде еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді;
ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіпте есептілік ұсынады.
75. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Қазақстан Республикасының Жер кодексін Заңды;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды;
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңды;
«Ветеринария туралы» Заңды;
Қазақстан Республикасының және Кеден одағының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ветеринария, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саулығы, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, ветеринариялық-санитариялық қағидаларды, кәсіпорынның өндірістік қызметіне, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясына, қолдан ұрықтандыруды жүргізу технологиясына қатысты нормаларды және нұсқаулықтарды, ережелерді және басқа да басшылық құжаттарды, өндіру, бақылау және өндірілген өнімнің сапасы жөніндегі стандарттарды және нұсқаулықтарды, ветеринариялық-санитариялық сараптаманы, микробиология мен эпизоотологияны, экономика, еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздерін, жер және еңбек заңнамалары негіздерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі заңнаманы, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.
76. Біліктілікке қойылатын талаптар:
(Ветеринариялық медицина) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
Достарыңызбен бөлісу: |