Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары



бет30/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64
Байланысты:
@8;. 07

32-параграф. Бас гидротехник

98. Лауазымдық міндеттері:


агромелиоративті зерттеулер және алаңдық гидрометриялық бақылаулар жүргізуде ұйымдастырушылық және технологиялық басқаруды жүзеге асырады;
мелиоративті арналарды (суландыру, құрғату және басқалар), гидротехникалық ғимараттарды, көмекші құралдарды, жабынқы учаскелердегі насосты станциялар құрал-жабдықтарын эксплуатациялау және жөнделген жағдайын ұстап тұруды қамтамасыз етеді;
арналар желісін және гидротехникалық ғимараттарды, олардың тазалығын және жөндеу жұмыстарын күтіп ұстау дайындық шараларына қатысады;
суландыру және су құю технологиялық режимін сақтауды қамтамасыз етеді;
суды сақтау технологияларын және суландыру жүйесіндегі су есептегіш құралдарын жаңартуды енгізу және жоспар жасауға қатысады;
суландыру суының сапасын және қолданылуын бақылайды, мелиоративті жүйелерді техникалық эксплуатация ережесін орындайды;
су сепкішті қолдану есебін және есеп жүргізуді ұйымдастырады;
ғылым жетістіктерін және алдыңғы қатарлы тәжірибелерін енгізу және насихаттауды қамтамасыз етеді;
қоршаған ортаны қорғау туралы заң талаптарын орындауды қамтамасыз етеді;

еңбекті қорғау, қауіпсіздік нормаларын және ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді.
99. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
Қазақстан Республикасының Жер кодексі
Қазақстан Республикасы Су кодексі
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы»,
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (бұдан әрі – «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»);
2017 жылғы 27 желтоқсан № 125-VI ЗРК «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (бұдан әрі – «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексі),
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, жер мелиорациясы және сауалы бойынша әдістемелік материалдар және жадынамалық, нормативтік, басқарушылық, мелиоративті жұмыстар және гидрогеологиялық өндіріс технологиясы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, жалпы ережелер, еңбек және жер заңнамасы, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды білуі тиіс.
100. Біліктілікке қойылатын талаптар:
(су ресурстары жне суды пайдалану, гидрология) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет