Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары



бет31/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64
Байланысты:
@8;. 07

3-тарау. Мамандар лаузымдары
1-параграф. Агроорманмелиораторы

101. Лауазымдық міндеттері:


мелиорациядан кейін қорғаныш орман екпелерін отырғызу және өсіру және оларда шаруашылық жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
агроорман мелиоративтік жұмыстарының озық технологияларын әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз етеді;
қорғаныш орман өсіру саласындағы озық тәжірибені енгізеді;
агроорман мелиоративтік жұмыстарын жүргізудің жоспарлы құжаттамасын әзірлейді және жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етеді;
агроорман мелиоративтік жобалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
орындалған агроорман мелиоративтік жұмыстарын техникалық қабылдап алуды жүзеге асырады;
қорғаныш орман екпелеріне түгендеу жүргізуді және зерттеуді ұйымдастырады және олардың нәтижесі бойынша жоспарланған іс-шараларды жүзеге асырады;
орман дақылдары, орман шаруашылығы және орман кептіру жұмыстарын, қарапайым гидротехникалық құрылыстарды салуды ұйымдастырады;
қажетті оперативтік есепті және статистикалық есептілікті жүргізеді;
орман екпелерін және қоршаған ортаны қорғау мен күзету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады;
еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
102. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы»
2003 жылғы 8 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Орман кодексі» (бұдан әрі – «Қазақстан Республикасының Орман кодексі»)
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, орман мелиоративтік жұмыстарды ұйымдастыруға қатысты басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, орман мелиоративтік жұмыстарды жүргізудің агротехникасын және технологиясын, орман жолақтарын орналастыруға және оның конструкциясына қойылатын талаптарды, қорғаныш орман өсіру саласындағы ғылым жетістіктерін және озық тәжірибені, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, жер және еңбек заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама негіздерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.
103. Біліктілікке қойылатын талаптар.
I санатты агроорманмелиораторы: (Орман ресурстары және орман шаруашылығы) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және IІ санатты агроорманмелиораторы лауазымындағы еңбек өтілі
3 жылдан кем емес.
IІ санатты агроорманмелиораторы: (Орман ресурстары және орман шаруашылығы) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және санаты жоқ агроорманмелиораторы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Санаты жоқ агроорманмелиораторы: еңбек өтіліне талап қоймастан (орман ресурстары және орман шаруашылығы) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет