Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары


-параграф. Зертхананың ветеринар дәрігері



бет39/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64
Байланысты:
@8;. 07

9-параграф. Зертхананың ветеринар дәрігері
125. Лауазымдық міндеттері.
ауруларды диагностикалаудың алдыңғы қатарлы тәсілдері мен әдістерін пайдалана отырып, жануарлар мен адамдар ауруларының алдын алуға бағытталған зертханалық зерттеулер жүргізеді;
шаруашылықтардан, ұйымдардан, ветеринариялық мекемелерден және басқа заңды және жеке тұлғалардан түскен объектілерде патология-анатомиялық, микроскопиялық, бактериологиялық, биологиялық, серологиялық, гистологиялық, химиялық-токсикологиялық, биохимиялық, санитариялық-микологиялық, ихтиопатологиялық, капрологиялық, радиологиялық, ветеринариялық-санитариялық және басқа да зертханалық зерттеулер жүргізеді;
зерттеулердің дұрыстығына, толықтығы мен уақыттылығына жауап береді;
зерттеулер нәтижелері бойынша тиісті құжаттаманы ресімдейді;
жануарлардың жұқпалы аурулары қоздырғыштарының анықталғаны туралы мәліметтер береді;
зертханашыларды даярлауды жүргізеді;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
126. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», 
«Ветеринария туралы» заңдарын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, ветеринария мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, зертханалық зерттеулер жүргізу әдістерін, қызмет көрсетілетін аймақта жануарлардың ауруы бойынша ахуалды, зертханалық диагностика саласындағы ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені, еңбек заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.
127. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санатты зертхананың ветеринар дәрігері: (Ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және ІІ санатты зертхананың ветеринар дәрігері лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
ІІ санатты зертхананың ветеринар дәрігері: (Ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және санаты жоқ зертхананың ветеринар дәрігері лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
Санаты жоқ зертхананың ветеринар дәрігері: Еңбек өтіліне талап қоймастан (ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет