11-параграф. Вирусолог
131. Лауазымдық міндеттері:
карантиндік-фитосанитариялық және ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізеді;
жануарлар ауруларының қоздырғыштарын анықтауды және типке жатқызуды жүзеге асырады;
жануарлар аса қауіпті ауруларының жасырын нысандарын анықтайды. Карантинге жатқызылған өнімнің белгіленген стандарттарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді;
жұмыс процесінде халықаралық және отандық стандарттарды қолданады;
зерттеуге келіп түскен материалды қабылдайды, зерттеу аяқталғанға дейін оның сақталуын қамтамасыз етеді;
зерттеу және санитарлық өңдеу жүргізуге жұмсалған материалдар шығысы бойынша құжаттама ресімдейді;
бокстың зарарсыздандырылуын, жұмыс орнының өңделуін, құрал-саймандардың стерилдендірілуін жүргізеді, реактивтер ерітінділерін, қоректік ортаны дайындайды;
жүргізілген талдаулар нәтижелерін ресімдейді және есептейді, биологиялық материал қалдықтарының жойылуын қамтамасыз етеді;
өз құзыреті шегінде зертхана жұмысшыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
жабдықтар мен аспаптардың бекітілген жаңа түрлерін сынауға, жануарлар мен өсімдіктердің вирустық ауруларын диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістерін әзірлеуге қатысады;
зертханалық зерттеулерге арналған сынама іріктеу жасайды;
жүргізілген зертханалық-диагностикалық зерттеулерді талдауды және есебін жүргізуді жүзеге асырады;
картотека жүргізеді және коллекциялық материалдың сақталуын жүзеге асырады;
қоректік ортаның және диагностикалық препараттардың дұрыс сақталуын және жарамдылық мерзімін қадағалайды.
132. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы»,
«Өсімдіктерді қорғау туралы»,
«Өсімдіктер карантині туралы»,
«Ветеринария туралы» заңдарын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, зертханалық жабдықтар мен аспаптардың жұмыс қағидатын және пайдалану қағидаларын, вирусология мен фитопатологияны, өсімдіктер аурулары зияндылығының экономикалық шегін, жануарлар мен өсімдіктердің вирустық аурулары қоздырғыштарын бірдейлендіру әдістерін, карантинге жатқызылған өнім үлгілерін іріктеу әдістемелерін, жануарлар ауруларымен күрес жөніндегі әдістемелерді және нұсқаулықтарды, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі нұсқауларды, жануарлардан алынатын өнімді және шикізатты сараптаудың ветеринариялық-санитариялық қағидаларын, жануарлардан алынатын өнімді өндіру және қайта өңдеу технологиясын, материалдарды зертханалық зерттеу әдістемелерін, еңбек заңнамасының негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды білуі тиіс.
133. Біліктілікке қойылатын талаптар:
І санатты вирусолог: (Биология, биотехнология, ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және ІІ санатты вирусолог лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
ІІ санатты вирусолог: (Биология, биотехнология, ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және санаты жоқ вирусолог лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
Санаты жоқ вирусолог: Еңбек өтіліне талап қоймастан (биология, биотехнология, ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім.
Достарыңызбен бөлісу: |