жоғары дәлдікті негізгі астрономиялық-геодезиялық жұмыстарды, гравиметриялық және спутниктік бақылауды, мемлекеттік геодезиялық желіні құру, жалпы жердің және оның жеке бөліктерінің нысаны мен түрін мөлшерлерін анықтау, жер қыртысының қозғалысын және жердің гравитациялық өрісін зерделеу бойынша жұмыстар кешенін орындайды; бағдарламалық өнімдерді қолдана отырып, геодезиялық өлшемдердің нәтижелеріне математикалық өңдеуді орындайды;
теңіз түбін картографиялауға және елдің теңіз шельфінің табиғи ресурстарын зерделеуге қажетті топографиялық-геодезиялық және гравиметриялық жұмыстарды орындайды;
көліктік және гидротехникалық құрылыстарды, өнеркәсіптік және қалалық объектілерді іздестіру кезінде геодезиялық жұмыстарды жобалайды және жүргізеді;
қуатты электр станциялары, жоғары тегеурінді бөгеттер сияқты инженерлік құрылыстарды салу және монтаждау кезінде дәл бөлу жұмыстарын орындайды;
құрылыстар мен конструкциялардың өзгеруін зерттейді.
жаңа техниканы енгізудің перспективалық және жылдық жоспарын орындауға, геодезиялық жұмыстарды жүргізу үшін салалық жоспарларға және топографиялық-геодезиялық өнімдер өндірісінің құралдары мен әдістерін жетілдіру бойынша техникалық-ұйымдық іс-шаралар жоспарына ұсыныстар беруге қатысады;
аспаптарды тексерудің күнтізбелік кестелерін әзірлейді, жобалауға арналған техникалық тапсырмаларды дайындауға қатысады;
технологиялық жабдықтарды белгіленген нақтылық нормаларына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;
геодезиялық құралдар мен аспаптарды тексеруді және юстировкасын орындайды, оларды дұрыс пайдалануын және сақталуын қамтамасыз етеді; өндірістік құжаттарды және есептілікті рәсімдейді;
топографиялық-геодезиялық жұмыстар материалдарын есепке алу және сақтау ережелерін, өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасының, өндірістік тазалық пен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын сақтайды.
135. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының заңнамалық және геодезия және картография саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды далалық және камералдық орындау жөніндегі әдістемелік материалдарды; стандарттар мен өлшеу құралдарын пайдалану, тексеру, юстировкасы және сақталуы бойынша басқа нормативтік құжаттарды; өндірілетін өнімге қойылатын техникалық талаптарды, оны өндіру технологиясын; өлшеу құралдарының техникалық мінездемелерін, конструктивтік ерекшеліктерін, оларды жөндеу технологиясын; өлшеулерді орындау әдістерін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.
136. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Біліктілігі жоғары дәрежелі маман (сарапшы):
Жетекші сарапшы: (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және сарапшы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 14 жылдан кем емес;
сарапшы: (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және картограф лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 11 жылдан кем емес;
Біліктілігі жоғары дәрежелі маман (инженер):
жоғары санатты: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және бірінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: жоғары (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және екінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: жоғары (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: жоғары (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Біліктілігі орташа дәрежелі маман:
жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және бірінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және екінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.