Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары


-параграф. Ауыл шаруашылығы кәсіпорнын жылыту жөніндегі инженер



бет50/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64
Байланысты:
@8;. 07

22-параграф. Ауыл шаруашылығы кәсіпорнын жылыту жөніндегі инженер

163. Лауазымдық міндеттері.


жылу-техникалық және газдық жабдықты техникалық пайдалануды және уақтылы жөндеуді, өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында отынды, жылуды, буды және газды үнемді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;
жылулық-қуаттық жабдық пен жылыту және газдандыру магистралдарын пайдалануды жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарларын, бөлімшелер мен объектілердің жылу-энергетикалық ресурстарды тұтыну кестесін әзірлейді;
қажетті жылу және газ жабдығын, қосалқы бөлшектерді және оған арналған құрал-сайманды, қатты және сұйық отынды (машина-тракторлық паркке арналған жанар-жағар май материалдарынан басқа) сатып алуға өтінім жасайды;
монтаждау жұмыстарын жүргізгеннен кейін қазандық және газдық жабдықты пайдалануға қабылдауды ұйымдастырады;
жылулық, газдық құрылғылар мен жабдыққа техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу жүргізу кестесін әзірлейді, олардың уақытылы орындалуын ұйымдастырады;
қолданыстағы нормалар мен қағидаларды сақтай отырып, отынды сақтауды, жылу-техникалық және газдық жабдықтың сақталуын ұйымдастырады;
жабдықты есептен шығаруға актілер жасайды және оларды белгіленген тәртіпте бекітуге ұсынады;
шаруашылық бөлімшелері мен шаруашылықтың энергетикалық құрылғыларды, қуаттылықтарды және магистралдарды жалпы пайдалану қорытындысын шығарады, кемшіліктерді анықтайды және жояды;
жылулық, газдық және отындық шаруашылық бойынша есеп жүргізеді және есептілік жасайды, техникалық құжаттаманың дұрыс ресімделуін қадағалайды;
қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
164. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы»,
«Электр энергетикасы туралы», заңдарын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, шаруашылықтың өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жылыту және газдандыру саласындағы басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, құрылғыны, жылу-энергетикалық және газдық жабдықты пайдалану және оларға қызмет көрсету қағидаларын, қазандық және газдық жабдықты монтаждан кейін пайдалануға қабылдау тәртібін, отынды, жылуды, газды, буды ұтымды пайдалану әдістерін, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жылыту және газдандыру саласындағы озық тәжірибені, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.
165. Біліктілікке қойылатын талаптар.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорнын жылыту жөніндегі І санатты инженер: (Жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету ) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және ауыл шаруашылығы кәсіпорнын жылыту жөніндегі ІІ санатты инженер лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорнын жылыту жөніндегі ІІ санатты инженер: (Жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және ауыл шаруашылығы кәсіпорнын жылыту жөніндегі санаты жоқ инженер лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорнын жылыту жөніндегі санаты жоқ инженер: Еңбек өтіліне талап қоймастан (жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) немесе (техникалық жылу жабдықтары және жылумен жабдықтау жүйелері) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, орта кәсіптік) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет