Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары



бет53/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64
Байланысты:
@8;. 07
2-курс Өндірістік практика жоспары, stud.kz-2805
25-параграф. Картограф

172. Лауазымдық міндеттері:


цифрлі топографиялық карталар мен жоспарларды, сонымен қатар әртүрлі тематикалық карталарды жасау, құрастыру және басып шығаруға дайындау жұмыстарын орындайды;
берілген проекцияда және координат жүйесінде топографиялық (географиялық) негіздердің түпнұсқаларын құрастырады;
картография мәселелері бойынша нормативтік құжаттар әзірлеуге және енгізуге, шартты таңбалар мен белгілерді, шрифттерді таңдайды, картографиялық жұмыстарды жүргізуге арналған тиісті есептерді және жобалар бөлімдерін құруға қатысады;
түрлі мазмұндағы карталарды баспаға шығаруға (көбейтуге) дайындауды, технологиялық жабдықтарды белгіленген нақтылық нормаларына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;
өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
173. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының заңнамалық және геодезия және картография саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді, картографиялық өнім өндірісі бойынша әдістемелік материалдарды; жұмыс орнын аттестациялау, аспаптарды пайдалану мен тексеру бойынша стандарттарды және басқа нормативтік құжаттарын; өнімге қойылатын техникалық талаптарды, оны өндіру технологиясын, техникалық мінездемелерін, конструктивтік ерекшеліктерін, картографиялау құралдарының мағынасын және жұмыс қағидаттарын; еңбекті қорғау, соның ішінде гравирлеуді орындау кезінде, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын білуге тиіс.
174. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Біліктілігі жоғары дәрежелі маман (сарапшы):
Жетекші сарапшы: (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және сарапшы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 14 жылдан кем емес;
сарапшы: (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және картограф лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 11 жылдан кем емес;
Біліктілігі жоғары дәрежелі маман (инженер):
жоғары санатты: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және бірінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: жоғары (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және екінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: жоғары (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: жоғары (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Біліктілігі орташа дәрежелі маман:
жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және бірінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және екінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет