27-параграф. Маркшейдер
178. Лауазымдық міндеттері:
маркшейдерлік жұмыстарды және тірек желілерін құру бойынша есептеуді, тау қазбаларын түсіру және өлшеу, түсірілім материалдарына камералдық өңдеу жұмыстарын орындайды;
жару жұмыстарын техникалық есептеу үшін құжаттар мен материалдар дайындайды;
тау-кендік бөлу шегіндегі карьердің немесе құрылыс алаңының аумағына жапсарласып жатқан геодезиялық белгілердің жай-күйін байқайды, есебін жүргізеді және сақталуын қамтамасыз етеді;
топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстар жобаларының тиісті бөлімдерін жүргізуге және жоспарларды құрастыруға, сондай-ақ олардың орындалуы үшін бақылауды жүзеге асырады, құрылыс объектілеріне жер бөлуді рәсімдеу үшін геодезиялық материалдарды келісуге және дайындауға қатысады;
геодезиялық аспаптар мен құрал-саймандарды тексеруін және юстировкасын орындайды, олардың дұрыс пайдаланылуын және сақталуын қамтамасыз етеді;
тау қазбаларының, құрылыстардың, тас жолдарды және басқа да объектілердің жобаларын жергілікті жердің жағдайына байланыстыруды жүзеге асырады және оларды нақты түріне көшіреді, қажетті геодезиялық өлшемдерді жүзеге асырады және далалық құжаттаманы, материалдардың камералдық өңдеуін жүргізеді, есептеу жұмыстарын орындайды, жоспарлар, сызбалар, бейіндер және басқа да графикалық материалдар жасайды;
өндірістік құжаттаманы және есептілікті ресімдейді;
маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу кезінде техникалық-технологиялық нормалар мен ережелерді, жер қойнауын геологиялық зерттеу, жер қойнауын пайдалану, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамаларды, өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
179. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының заңнамасы мен жер қойнауын геологиялық зерделеу, жер қойнауын пайдалану, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, далалық және камералдық топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік материалдарды, стандарттар мен өлшеу құралдарын пайдалану, тексеру, юстировкасы және сақталуы бойынша басқа нормативтік құжаттарды; өндірілетін өнімге қойылатын техникалық талаптарды, оны өндіру технологиясын; өлшеу құралдарының техникалық мінездемелерін, конструктивтік ерекшеліктерін, оларды жөндеу технологиясын; өлшеулерді орындау әдістерін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.
180. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Біліктілігі жоғары дәрежелі маман (сарапшы):
Жетекші сарапшы: (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және сарапшы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 14 жылдан кем емес;
сарапшы: (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және картограф лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 11 жылдан кем емес;
Біліктілігі жоғары дәрежелі маман (инженер):
жоғары санатты: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және бірінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және екінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Біліктілігі орташа дәрежелі маман (техник):
жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және бірінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және екінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |