Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары


-параграф. Мелиорация жөніндегі инженер



бет52/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   64
Байланысты:
@8;. 07

24-параграф. Мелиорация жөніндегі инженер

169. Лауазымдық міндеттері.


мелиоративтік жерлерді пайдалану жөніндегі перспективалы және жылдық жоспарларды әзірлеуге қатысады;
суару, құрғату және суландыру жүйелерін салу және қайта жаңарту, құрғатуды қажет етпейтін жерлерде дақыл-техникалық жұмыстар жүргізу бойынша жоспарлар жасайды және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
шаруашылықішілік, суару, құрғату, суландыру желілерін жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді ұйымдастырады, оны әзірлеуге мамандандырылған жобалау ұйымдарын тартады;
шаруашылықішілік мелиоративтік желіні үнемі техникалық ақаусыз ұстау мақсатында жөндеуді және тазартуды қамтамасыз етеді;
мелиоративтік жерлерді пайдалануға қабылдауға, жерлерді жеделдетіп жақсарту бойынша жұмыстарды қабылдауға қатысады;
мелиоративтік желілер мен гидротехникалық құрылыстардың сақталуын қамтамасыз етеді;
мелиоративтік машиналар мен суғару техникаларының қолданыстағы нормалар мен қағидаларға сәйкес сақталуын және пайдаланылуын ұйымдастырады;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.
170. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін,
Қазақстан Республикасының Су кодексін,
Қазақстан Республикасының Жер кодексін,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» заңдарын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, мелиорация мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, мелиоративтік және дақыл-техникалық жұмыстарды жүргізу технологиясын, мелиоративтік және дақыл-техникалық жұмыстарды жүргізу және мелиорацияланған жерлерді пайдалану саласындағы ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені, жер заңнамасы негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидаларын білуі тиіс.
171. Біліктілікке қойылатын талаптар.
жоғары деңгейлі біліктілікті маман:
жоғары санатты мелиорация жөніндегі инженер: (мелиорация, жерді қорғау және рекультивациялау, су ресурсы және суды пайдалану) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және ІІ санатты мелиорация жөніндегі инженер лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес;
І санатты мелиорация жөніндегі инженер: (Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау, су ресурстары және суды пайдалану) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және ІІ санатты мелиорация жөніндегі инженер лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
ІІ санатты мелиорация жөніндегі инженер: (Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау, су ресурстары және суды пайдалану) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және санаты жоқ мелиорация жөніндегі инженер лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Санаты жоқ мелиорация жөніндегі инженер: Еңбек өтіліне талап қоймастан (жерді мелиорациялау, баптау және қорғау, су ресурстары және суды пайдалану) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) немесе (гидротехникалық құрылыс, экология және табиғатты қорғау қызметі) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, орта кәсіптік) білім және еңбек өтілі талап етілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет