26-параграф. Карталардың корректоры
175. Лауазымдық міндеттері:
жасалып жатқан карталар мен жоспарлардың мазмұны бойынша жұмыс барысында қателіктер мен кемшіліктерді уақтылы анықтайды; оларды жоюға шара қабылдайды;
қолданыстағы ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларды қолданады;
камералдық өңдеу кезінде түпнұсқаларға далалық дешифрлеу мәліметтерінің толықтығы мен және дұрыс тасымалдауын және пысықталуын, артографиялық өнімнің мемлекеттік тілде түзетуді, түпнұсқалар мазмұнына лексикалық, стилистикалық және мағыналық аудармаларының нақты сәйкестігін қамтамасыз етеді;
өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
176. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының заңнамалары мен геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, топографиялық карталар мен жоспарларды жасау (жаңарту) технологиясын, оларды басып шығаруға дайындауды; карталарды түзету әдістемесін, стандартты түзету белгілерін; терминологияның мемлекеттік стандарттарын, өлшеу белгілері мен бірліктерін; қолданыстағы шартты қысқартуларды; корректорлық жұмыстың қолданыстағы нормативтерін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.
177. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Біліктілігі жоғары дәрежелі маман (сарапшы):
Жетекші сарапшы: (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және сарапшы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 14 жылдан кем емес;
сарапшы: (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және картограф лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 11 жылдан кем емес;
Біліктілігі жоғары дәрежелі маман (инженер):
жоғары санатты: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және бірінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: жоғары (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және екінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: жоғары (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: жоғары (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Біліктілігі орташа дәрежелі маман:
жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және бірінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
бірінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және екінші санаттағы геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
екінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және геодезист лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (геодезиялық, аэрофотогеодезиялық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |